Әбу Ханифа мұсылман үмбетінің мақтанышы
Әбу Ханифа пайғамбармыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мақтаған ең жақсы ғасырда дүниеге келген. Нақтырақ айтсақ, Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Исламның ең таза да, жақсы уақыты менің ғасырым, одан соң менің сахабаларымның өмір сүрген кезеңі, одан соң сахабаларды көргендердің өмір сүрген кезеңі»28 деген болатын. Ал имам Ағзам Әбу Ханифа осы сахабаларды көргендердің, яғни, табиғиндердің ғасырында өмір сүрді.
Қаншама ғасыр өтті, мұсылмандар әлі күнге дейін Әбу Ханифаны дәріптеп, оның еңбектерін жата-жастана оқиды. Ұлы фиқһ ғұламасының өнегелі өмірі баршаға белгілі. Замандасы Фудайл ибн Иаз ол туралы мынадай естелік айтады:
«Әбу Ханифа фақиһ, тақуа ғалым. Фиқһ ілімінде танымал, әрі өте білімді еді. Жүрген жерінде жақсылық жасауымен, күні-түні ілім үйренуімен жұрт аузына іліккен. Келгендер оның ілімін де, байлығын да керегінше пайдаланатын. Аз сөйлеп, көп ойланушы еді. Халал-харам мәселелерге өте мұқият қарап, тәптіштеп түсіндіруден жалықпайтын. Мемлекет басындағылардың мал-мүлкін пайдаланудан аулақ жүретін, сыйлықтарын қабылдамайтын»29. Бір кездері оған қарсы шыққан Бишрул Хафиге әл-Хурайби деген ғалым: «Әбу Ханифаға тек ақымақ пен қызғаншақ қана қарсы шығады»30 деп оның білімі мен адалдығын айтқан. Тіпті, білімін артық санаған Али ибн Асим да «Егер Әбу Ханифаның білімі мен сол кезеңдердегі ғалымдардың білімін таразы басына қояр болсақ, имам Ағзамның білімі ауыр тартар еді»31 деп, оның біліміне таңдай қаққан. Сондай- ақ, мәзһаб имам ы имам Шафиғи Әбу Ханифаның біліміне таңырқап, «Фиқһта Әбу Ханифа алып бәйтерек болса, ал былайғы жұрт енді-енді көктеп келе жатқан көк өскіндер тәрізді» десе, тағы бір сөзінде «Адамдар фиқһ ғылымында Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және фиқһ ілімін мүлдем білмегені» деп, оның білімінің телегей теңіз екендін мақтанышпен айтып кеткен.
«Бес жыл бойы Әбу Ханифаның жанында болдым, ол секілді сағаттап
ұзақ уақыт бойы үнсіз отыратын адамды өмірімде көрген емеспін. Әлдебіреу фиқһтан сауал қойса, ашылып, бауырын жазған, сауырынан моншақ шашылған тұлпардайын шабысы үдеп, сарқыраған өзендей ілімін төгетін. Оның сөзі жұрттың бәрінің көңіліне қона кетуші еді»32 дейді Жағфар ибн Рабиға.
Иісі мұсылманға танымал «Асым қырағатын» алып келген танымал Құран қырағатының ұстазы имам Асым Әбу Ханифаға ұстаздық қылған. Кейіннен Әбу Ханифаға сауалдар қойып, оның ой-толғамына тәнті болып, өз шәкіртінен білім алады. Бірде Асым оған: «Алла саған жақсылығын берсін. Кішкентай кезіңде бізге келетін едің, есейгеніңде біз сенің алдыңа баратын дәрежеге қол жеткіздің» деген екен.
Тағы бір замандасы Малиһ ибн Уақиғ: «Алла атымен ант етейін, Әбу Ханифа біреудің аманатына айрықша мән беретін. Жүрегі таза, ерекше тұлға. Барлық 28 Канзул-Уммал 12/35589, Бейрут, 1985ж.
29 Бағдади, Тарих, 8-т., 340-б.
30 әз-Зәхәби, Манақиб, 32-б. 31 әз-Зәхәби, Манақиб, 32-б. 32 Бағдади, Тарих, 8-т., 340-б.
нәрседен Алланың разылығын жоғары қоятын. Алла үшін бас кесіліп жатса, ол қуана басын қылыштың астына тосар еді. Алла Тағала оған разы болсын. Алла ізгі де, тақуа құлдарынан разы болғаны секілді одан да разы болып, мейіріміне бөлесін!» дейді. Ал Хасан ибн Салих: «Әбу Ханифа өте тақуа адам. Харамнан қорқатын. Харам болуы мүмкін деп күмәнданғанда бірнеше халалды да тәрк ететін. Өзін және білімін мұнша қызғыштай қорғайтын адамды көрмедім. Оның барлық дайындығы қабірге дейін еді»33 (яғни, дүние нәсібін емес, ақырет азығын қалайтын).
Имам Ағзамның замандастарынан Әбу Сүлеймен: «Әбу Ханифа – таң қаларлық ғалым. Ол нағыз ғылымның дәлелдерінің бірі. Оның сөздерін қабылдағысы келмей бет бұрушылар – түсінуге қауқары жетпегендер»34 деп ілімдегі тереңдігін ерекше атап өткен.
33 Саймиари. Әбу Ханифа уа Асхабуһу, 23-б.
34 Хайсами, Хайратул-хисан, 35-б.