Дене, адамның жаратылысындағы сан-түрлі ғажайьптар

Дене, адамның жаратылысындағы сан-түрлі ғажайьптар
Діл ғаламы гауһарының сипаттары бұл кітабымда мұншалықты айтылғаны жететін шығар. Егер де оқырман бұдан көбірек білуді қаласа «Ғажайып құлып» деген кітапта баяндағанмын. Ол кітапты жақсылап оқысын. Сонда да екі кітапты оқығанымен, адам өзін түгелдей тани алмас. Өйткені, бүл екі кітапта да адамдағы ділдің кейбір сипаттары ғана еді.
Біліп алғын, діл сипаты бір таяныш тіреу болса, тон сипаты да бір таяныш тіреу сияқты. Тән – адамның жаратылысы. Ол бастағы болмысында көптеген ғажайыптар бар және әрбір мүшелерінің сырты мен ішінде ғажайып мағыналар мен әрбірінде тіпті, кем ұшырайтын хикметтер сырлар бар.
Адамның тәнінде неше мың сіңір мен тамыр және сүйектер, әрбірі бір бөлек бола тұра, бір-біріне тәуелді байланысты болып түзілген. Бір сипаттары арнайы жолдармен ұштаса демеп, бір-бірінің мүддесіне қызмет ету үшін жаратылыпты. Бұлардың сен бәрінен де хабарсызсың. Қолды ұстау үшін, аяқты жүру үшін, тілді сөйлеу жаратқанын білерсің. Жалпы біліп алғын, көзді он қабат түрлі-түрлі нәрселерден жаратыпты. Бұл он қабаттың әрбірінің тосқауыл зиян жетсе көруге нұқсан келтірер. Бұл он қабаттың әрбірін Хақ тағала бір-біріне мұқтаж етіп қошеметпен қызмет етуге жаратыпты. Көрудің бұларға не үшін қажеті бар? Көзді ғылыми кітаптарда жан-жақты зерттеп талдапты. Жануарлардың ішкі ағзаларының қасиетінен бей хабарсың. Мысалы бауыр, қараталақ, өт, бүйрек, дәрет сақтайтын қуық және тағы басқалды жаратыпты.
Біліп алғын, түрлі қажетті тағамдар асқазан арқылы бауырға барар, бауыр оның қажеттісін сұрыптап, қанның қалабына түсірер. Денеге сіңіруге қолайлы жағдайлар жасар.Уақытымен қан бауырда жетіліп, шамаға келсе, одан біраз залал-зардап қалдығы шығар, олар запыран сияқты. Бұларды бауырдан бөліп алу үшін, қараталақты жаратыпты.Ол запыран сияқтыларды өтке жинап, қанды тазартып, денеге жіберер. Өтті сол үшін жаратыпты. Ол сары көбік сауда запыранды бауырдан сорып алар. Кейде қан бауырдан шыққанда қою және қуатсыз болар. Ол үшін бүйректі жаратыпты. Ол запыран көбікті бауырдан алар, сол сияқты артық суды да алып, қан сауда запырансыз тамырларға жетер. Ал егер өтке зиян жетсе, қанға запыран араласып барады. Ондай жағдайда адамның көзі, денелері сарғайьп кетер. Сары кесел пайда болады. Бұдан басқа да запыранға байланысты кеселдер бар. Ал қараталақ зияндалса, сары көбік сауда қанға араласар. Содан барып саудайлық кеселі пайда болады. Ал егер бүйрекке кесел жетсе, су қанға араласар одан қарынға су жиылу кеселі пайда болар. Айта берсек бұларға ұқсас ғажап жайлар дененің сырт және ішкi дүниесінде әрбіреуін, әрбір істі атқару үшін жаратыпты. Денеге- бұларсыз нұқсан келеді. Адамның денесі бұл сипатта шоғырланғандығынан әлемдегі барлық жанды нәрселерден кемелдісі болар. Бұл ғаламда неше түрлі нәрселер бар болса,адам денесінде олардың бір белгісі бар деуге болады. Сондықтанда, сүйек тауға ұқсар. Тамыр жаңбырға, дене түкктері талдарға, таңдай аспанға, қалау қасиеттері жұлдыздар нышанына ұқсар. Айта берсек бұл сипаттағы сөздер түсініктемесінің есебімен саны жоқ. Бәлкім дүниедегі бар нәрселердің бәрі де адам денесінде бар сияқты.
Сондықтан да доңыз, бөрі және итпен басқа да төртаяқтыларды, пері мен періштелер және басқаларды ж о ғ а р ы д а м ә л і м д е д і к .
Барлық әлем ішіндегі өнерлілер мысалын адам денесінен көруге болады. Мәселен қуат сипатын қарынмен байланыстырар, қарын аспаз мысалы, тағамды пісіріп бір жөнге келтірер және ол қуат тағамның т а за м аң ы зы н бауырға, ал ауыр қалдықтарын керексізін ішекке қарай бөліп жіберетін бағбан сипатты. Ол қуат тағамды бауыр арқылы қан реңіне келтіріп рең беретін бояушыға ұқсас. Сол қуат-қанды қатындардың көкірегінде ағартып сүт етеді. Еріннің тіл астынан ас сіңіруге себепкер сілекей су шығарып, тағамның керектілерін өзіне тартар. Тағы да сол қуат, бауырдың суын тартып, қуыққа жеткізетін қушығы ұқсар.
Тағы да сол қуат деген қалдықты ішек арқылы тысқа шығаратын сыпыратын қызметкерге ұқсар. Сол қуат денедегі сауда запырандар зиян етпеу үшін тысқа шығарып жіберетін әділ емірлерге ұқсар. Бұл сөздердің де талдайтын, тусініктеме беретіндері өте көп. Жалпы айтылмақ мақсатты білгенің жен, дененің ішкі әлемінде есепсіз жан-жануар, жәндіктердің бәрі күндіз-түні сенің қызметіңде болып бір сәт те дамыл таппайды.
Алайда сен ұйқы ғапілетіненсің, не бұл қызметкерлерді білерсің, не білмессің. Білсең, бұл қызметкерлерді берушіге шүкірлігіңді айтып ризалық борышыңды орындарсың. Егер саған бір адам бір қызметкерін бір жылға пайдалануға берсе, бар өміріңде сол адамға рахметіңді айтып, оның алдында борышты екеніңді мойындайсың. Алайда Алла тағала сан мың қызметкерлерін денеңдегі ішкі және сыртқы дүниеңе қызмет етуге сый етіпті. Олар бір сәт те қызметінен хабарсыз болмас. Сол ұлық затты, оның сыйлағын қызметкерлерін, еш жадыңда сақтамайсың. Шүкірлік ақысын қайтаруды ойыңа да алмайсың. Енді перзент, білгенің жөн, тысқы және ішкі ағза мүшелерін зерттейтін ілімді «ташрих» (анатомия) деп айтар. Ол ілімнен халықтың көбі хабарсыз. Оны дәрігер тәуіп болу үшін оқиды. Ал дәрігерлік емдеу ілімі керемет жақсы ілім. Оны ұстаз болу үшін оқиды. Егерде бұл ілімді білмеген жан, тағлім ілімін біле алмас. Алайда бұл ілімді білген кісі Хақ нұрлы Алла тағаланың ғажайып сирек кездесетін жаратылыс құдіреттерін білумен үш қасиет пайда болар. Біріншісі — бұл дүние, бұл қалыпты жаратушы өзінің қадір-қасиетімен ең кемелділерден, ешқандай айып-кемшілік оның құдіретіне жол таба алмас. Әр істі қалауынша істей алар және ешнәрсе де одан ғажабырақ емес. Бір тамшы судан адам жаратып, оны халық қатарына қосады. Ал бұл сияқты керемет иесіне өлгеннен соң тірілтпек тіптен оңай. Екіншісі – Хақ тағала ғұлама ең кемелділерден, өйткен оның керемет жақсы ілімдері мұхит сипатты. Бұл сияқты ғажайып мақлуқаттарды ұлы даналықпен жарату, кемел ілімінсіз, негізінен, сірә да мүмкін емес. Үшіншісі – Әзіреті Хақ нұрлы Алла тағаланың пенделеріне жарылқаған мархабаты, қамқорлығы адам баласынан басқа ешкімде де жоқ, пенделерге керекті нәрселердің бәрін жаратьпты. Ешнәрседен кем қылмапты және ол нарселердің болмағы кажет екенін біліп, бәрін де түгелдепті. Сондықтан діл мен бауыр және басқа да адам ағзалары, қол мен аяқ, тіл мен көз, басқа да мүшелердің болғандығынан – тән сұлулығы пайда болар. Бұларға да ие қылыпты, сол сияқты түктердің қаралығы, еріннің қызылдығы, қастың иірлігі, кірпіктің туралығы және бұдан да басқа көріктілік қасиеттерді беріпті.Хақ тағаланың қамқорлық сыйлары жеке бір адамға тән емес. Семірікқұс, шегір баяннан масаға дейін, пілден шымалға дейін, бәрі де жаратылысқа жат емес, қатынасы барлардан. Бәрін де түрлі-түрлі сурет, рең өрнектермен сипаттар беріпті.
Сонымен дененің жаратылысына, түзіліміне назар салмақтық – Хақ нұрлы Алла тағаланың ілім-білімінің кілті болар. Сол себептен де оны ілім-шарип деп атайды. Шарапаты тәуіптердің ісі түскені ғана емес. Сондықтан «Шердар» және өзге де кітап өнерлерінің, өнеркәсіп ғажайыптары мен оны кемде-кем кездесетіндері шайр ақындар мен жазушылар, өнерпаздар, қадірін білерсің. Хақ нұрлы Алла тағаланың ғажайып сирек кездесетіндерді жарату құдіретін көре білудің өзі. Әзіреті Хақ нұрлы тағаланың сипаты мен жолын танудың бір кілті болар. Сонымен, дене ілімін білмек – өз жаратылысын танымақтың бір тарауы.
Бірақ, ол – діл іліміне қатынасты сипаттама берумен қысқаша тұжырымдалмақ. Алайда, тән – мінеітін ат-көлікке ұқсас,ал діл – атқа мінетін шабандозға ұқсайды. О баста жаратылысынан арғымақ аттар шабандоздар ушін жаратылыпты. Енді өзіңді оңай тани білгін, ешнәрсе өзіңе өзгеден жақын емес. Әр кісі өз жаратылысын танымай, өзге нәрселердің ақиқатын білуді қаласа, ол – кедейлерге ұқсас. Ол жеуге нан таппаса да қаладағы мүсәпір бейшараларға нан берсем деп, бостан-босқа әуреленер. Бұл сияқты құрғақ талаптың сырты бүтін болғанымен, іші бос – бір нәрсе бар сияқты болар.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *