Діл құдіреттері

Діл құдіреттері
Адам заттың білім жолындағы шарапаты мен қасиетін таныдың. Енді ділдің құдіреті жағынан да пайда болатын қасиеттер бар екенін біл. Бұл қасиеттер де періштелік сезімталдыққа тән, ол өзге хайуанаттарда жоқ. Ол қасиеттер негізінен періштілер ғаламына мойын ұсынар. Олар Әзіреті Хақ Тағала талабы арқылы халыққа қажет болған уақытта, жаңбыр жауғызады. Көктем кездерінде жел ескізіп, жан-жануарларға ана сипатты қамқор болып, жер жүзіне нұр шашып, жайнаған жақсы суреттерді пайда қылар. Сол бір жаратылыстың әрбір түрлі жынысына топ-тобымен періштелер қамқоршы болар. Діл – адамға тән періштелер гауһары жынысынан болар. Оның да өзіне тән құдіреті бар. Ғалам жыныстарының кейбіреуі ділге тәуелді. Бұлардың ғаламы – өзіне тән ғалам.Әрбіреуі – өзінше дене. Дене – ділге бағынышты.
Діл сыртқы дененің ықтиярында емес екені мәлім жағдай. Ілім де, жігер де, қайрат та — дене ықтиярынан тыс. Діл жарлық бергенде ғана басқалар, яғни саусақ, аяқ, қолдар әрекетке кіреді. Кей кезде ділде ашу ғазабы пайда болса дене тамырлары бадырайып кетер және бұны жаңбырға ұқсас деуге болады. Кей кезде шаһуат қүмарлығы көңілге жол тапса, зауық шабыты белгі беріп, қиял ғаламын сан- саққа жүгіртер. Кейде тағам жемекті қаласаң тіл астынан су пайда болып, аузыңнан сілекей ағатын жағдайлар да пайда болады. Бұлардан шығатын қорытынды, ділдің денеге жасайтын ықпалы айдан анық және дене ділге мойын ұсынатындығын білеміз. Бірақ біліп алғаның артық болмас, кейбір ділдер болады: бірі – артығырак, болса, бірі – одан кемдеу болады. Періштелер жауһарына бірі – жуықтау болса, бірі – қашықтау болады. Бұл сипаттағы ділдерге, оз денелерінен өзге болмыстағы нәрселер де мүдделі, тәуелді деуге болар. Мәселен олардың айбаты арыстан мен жолбарысқа түссе, арыстан мен жолбарысқа жеңіліп тұтқында мүдделі болар. Егер адам жанділін салып кеселдерге қараса, ауруы жазылар. Егер дені сауға ашу-ызамен қадалса, ауру болар. Егер алыстағыны жақын қыламын десе, көзді ашып- жұмғанша алдыңа келтірер. Егер жаңбыр жаудыруды кеңілі. қаласа, күнді жаудырар. Бұл сияқты істерді орындау, тәжірибе іс-жүзінде белгілі. Көз тимек пен сиқырлық жасауда осыған ұқсас нәпсіқорлық пен әуесқорлық, шаһуат құмарлығының да денеге ықпалы бар. Сондықтан біpey қастықпен жануарға немесе адамға таңдана қараса өліп кетуі немесе нашарлауы ықтимал. Осындай жағдайға байланысты бір хабарда «Көз тимек — адамды қабірге кіргізер, түйені қазанға түсірер» депті. Міне, бұл да ділдің ғажайьп құдіреттерінің бірі. Бұл сияқты қасиеттер, егер халықты иманға шақыратын адамнан болса, бұны мұғжиза дейді. Ол кісіні Пайғамбар дейді. Ал егер иманға шақырмай қайырымдылық үшін істегендерді уали дейді.
Ал егер, жаман істер үшін бұл сипаттағы ғажайыпта| пайда болса, оны сиқыр дейді. Сонымен сиқыр да, керемет те, мұғжиза да адами ділдің қасиеттері тобынан. Бұлардың арасындағы айырмашылық парықтары өте көп. Бұл * оны талдап, тәмәмдау мүмкін емес.

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *