Діл-жәннәт мекені

Діл-жәннәт мекені

Бұл мәртебе мен дәреже тек пайғамбарларға ғана тән қасиет деп күмәнданбағын. Бәлкім әр бір адамдардың гәуһары – асыл қасиеті етпелі дәуір мемлекет талабына ылайық пайда болар. Сондықтан да адам ділі темірге ұқсас, жаратылысында айна сияқты, жаһан суреті көрінгендей болуға бейім түрар. Егер айнаны шаң-тозаң басса, тот басып қараңғы қалыпқа түсер. Ол айналық қасиетін жоғалтар. Дәл осыған ұқсас діл де дүние-қорлықтан, күнәға батудан кірленіп, пәктіктен айрылып, дәрежеден мақрұм болар Сондықтан өзіне лайықты әнбие, әулиелерге жақтастығынан Хақ нұрлы Алла тағала Асыраф сүресінің 172-аятында «Олардан сұрады, мен рәббіңіз емеспін бе? – деп, олар дәл солай деп жауап берді». Сондықтан да барлық адамдар түптеп келгенде, Хақ нұрлы Алла тағаланың кешіруіне лайықты. Бұған дәлел ретінде Лұқман сүресі 25аятында: «Ал егер сен (Мухаммед) кәпірлерден аспан мен жерді жаратқан кім деп сұрасаң, әлбетте Алла жаратқан» дейді. Бұл дәлелден білетініміз, бұл Пайғамбарларымызға тән қасиет емес, өйткені әулие-әнбие, Пайғамбарлар да адам баласы ғой дегенге саяды. Қап сүресінің 110аятында: «Айтқын Мухаммед (С.Ә.У.) мен де сіздерге ұқсас адам ғой, алайда тек маған Алла уақи (аян) жіберген» депті. Бірақ та ол кісіге ділжұмақ мекенінің жолы ашылып, жалпы халықтың аңсағаны – халықты имандылыққа шақыру жарлығы болса, онда оны пайғамбар дейді. Сонда ғана оның халыққа тағлым берген жолын шариат дейді және одан па болғандарды әдет және муғжиза дейді.

Ол адамның діліне жұмақ мекені жолы ашылып халықты имандылыққа шақыруға жарлық болмаса, онда ол кісіні уали дейді. Ондайлардан пайда болған әдетген тысқары амалдар, керемет дейді. Әр кісінің діліне, жұмақ мекенінің ашылуы міндетті шарт емес. Иманға шақыру үшін мүхр белгісі болуы шарт. Уалиде бұның болуы шарт емес. Әзіреті Пайғамбардан соң (С.Ә.У.) дүниеге Пайғамбар келмейтіндігін еске сақтағын.Бірақ білгенің жөн, әулиелер кереметінің куәландырғанын дүрыс орындағын. Уалиліктің әуелгі шарты қиыншылыққа төзе білуі болар. Бұл істе, өз ықтияр қалауына да жол бар. Әрбір кісі дәнді шашқанымен емес, орғанымен оның өнім- дәнін қолына келтірер. Бірақ, әрбір атқарылатын іс ғазиз да, шарапатты да болар. Оны табудың жолы, орындалатын шарттарының қиындығы да, мүшкілдігі де болар. Сондықтан, мәртебелі уали адамның ақуалының кемелденуі, оның шарапаты болар. Бұл мәртебені қиыншылықсыз талап қылмақ және кәміл пірсіз қолға келмес. Уақыты жетіп бұл екі шарт жүзеге асса, қашан жаратушыға тәубесін айтпағанша, және Хақ нұрлы Алла тағала ешуақытта бұл бақытты ол кісіге үкім қылмаса, мұратына жете алмас. Бәлкім, дүниеде көзге көрініп тұрған ілімде көсемдік дәрежесіне ие болуы ықтимал. Бұдан басқа жағымсыз пейіл қалауының бәрі әзәл өкіміне лайықты, яғни Алла әміріне байланысты.

Имам Ғаззали

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *