Ділге, періште ғалам-жолы қақпасы ашылуы

Ділге, періште ғалам-жолы қақпасы ашылуы
Бұл мекен-жай, діл не ұйықтамай не өлместен бұрын дарбазасын ашпайды деме. Мәселе олай емес. Мүмкін ояу кезде де кісі өзіне қиыншылықты қабылдай білсе, ділді ғазап, ашу, шаһуат құмарлығынан, өзіне тән нәпсі құмарлықтан тыйып, өзін қоршаған ортадан оқшау ұстап, дүние ісінен назарын аударып, қалау әуестік жолына тосқауыл қойып ділдің назарын періште ғаламына аударып, онымен достасу талабын пайда қылса, Алла тағала сөздерін шын көңілмен және тілмен айтып, тілді басқа артық әрекеттерден тыйып өзінен және басқа да ғаламнан хабарсыз болып, Хақ нұрлы Алла тағаланы аузынан тастамай өзгеден үмітін үзсе, өзін осы қалпында ұстай білсе, егер ояу болса да жұмақ есігі ашылын өзгелердің ұйқыда көргенін ояу кезінде-ақ көреді. Оңған әруақтар өрісі және періштелер пайда болып, жақсы суретте көрінер және Пайғамбарларды көрер, олардың медет-жәрдемдерін көрер. Аспан мен жер періштелері аян болар. Періштелер мекен-жайы ашылған кісіге, ұлық дәрежені нәсіп етер. Бұлар ауызекі айтылатын аңыздамадан тыс. Хақ тағаланың сөзінің Анһом сүресі 75-аятында: «Жерді, шығыс пен батысты, яғни барлық жер-жүзін көрдім, аспан мен жер періштелерін Ибрахим Әлейһисаламға көрсеткендей көрсеттім» депті. Бәлкім барлық ғұлама әулие, әнбие, Әлейһус-саламға рухани жолы бір болар, таным мен тағылым жолы бір емес және бұл мәртебе, бұл дәрежелер қиыншылыққа төзіп, барлық күшқайратын аянбау нәтижесінде қолға келер. Сондықтан Алла тағала, Муззамил сүресінің 8-9-аяттарында айтылған сөздерінің мағынасы «Батыс пен шығысың – пәруәрдігердікі. Басқа ешқандай Алла жоқ, тек оның өзі ғана бар. Сондықтан сіз өзіңіз үшін, Оны ғана бас өкіл етіңіз». Ал соңғы 10-аятта: «Сабыр қылғын, дінге сенбейтіндер айтқан сөзге (берген азарына) олардың сөзін әдемілеп жоққа шығар» депті. Бұл айтылған дәлелдер жалпы қиыншылыққа төтеп беріп шыдай білудің тағылымы болар. Сондықтан да діл – халқының дұшпаны, дүниеқорлық және көзге түртіп ерекше көрініп тұрған нәрселермен шұғылдану ісінен пәк таза болуы керек. Сопылар жолы, әулиелер жол-жорықтары – осылар. Дегенмен оқымақ пен үйренбектен, ілім-білімді болу ғұламалардың жолы болса, бұл ұлық шарапатты дәреже болар. Ал әулие мен әнбиелер кісіден тәлім алмай, Хақ нұрлы Алла тағаланың кеңдігінен, Алланың жолыменен, ділдері раушандалып арнайы жаһандік кәмілдікке қолы жетер. Бұл ілімге қол ұрғанмен бірдей. Ол ілімді қысқаша айтсақ, діл мекен-жайына жолдың ашықтығын тәжірибе жолымен де жетуге болатынын дәлелдейді. Егер саған бұл ілімдердің ләззаты мәлім болмаса да иман келтіріп сенгін және куәландырғын, сонда үш дәрежелі ілімнен махұрым болмайсың. Сондықтан да діл ілімінің ғажайыптарының бірі осы болар. Осылармен ғана діл адамының шарапаты.

 

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *