Рух ақиқаты

Рух ақиқаты
Жалпы рух ақиқаты нелерден тұрады және оған тән сипаттар нешеу?
Бұларды баян қылуға шариат рұқсат бермейді. Сондықтан да бұны Әзірет Расулі Әлейһи салам талдап түсіндіру қажет деп таппапты. Сондықтан һақ тағала Ал-исра сүренің 85-аятында айтыпты: «Ей Мұхаммед, сенен рух туралы сұраса айтқын – рух жаратушы ием әмірінде, сендерге өте аз мәліметтен басқа ілімнен ештеме берілмеді» деп.
Әр нәрсе өзіне лайықты өлшем көлемінде жол тапса, оны болмыстық деп атайды. «Болмыс» деген сөз сөздікте өлшем, сандық, сапалық мәнін түсіндіретін ұғым. Діл жәуһарінің ойдай өлшемі жоқ. Сондықтан бөлшектеуді қабыл етпейді. Егер бөлшектеуді қабыл қылса, сол бөлшектері жөнінде ілімнің болуы мүмкін болар еді. Сонымен діл қожасы бір жағдайда білімділікке, бір жағдайда надандыққа жақын болады. Рухтың бөлшектеуді қабылдамауынан, әр түрлі көлемдегі бөлшекке жол таппауынан – Әзреті хақ нұрлы Алла тағаланың сөз сыйы өлшемдерін жарату мәнісіне тіреледі. Сонымен осы мән-мағынамен, яғни көлемді өлшем – сырт көрінісін тапқан нәрселер, ғалам халқының тобындағылар. Ал көлемді өлшемдер жол таппайтын нәрселер ғалам халқына (тобына) жатпайды. Бір тайпалар рухты байырғы ғой деп күмән қылып, таңданыпты. Ол тайпалардың айтуынша, рух – өткінші, баянсыз, өзінше нақты бір нәрсе емес деп ерсі көреді. Өткінші – өз затында мызғымайтын қатып қалғаннан емес, бәлкім және бір жәуһардың қызметкері болар. Рух адам жаратылысы болмысының асылы болар. Барлық дене құрылысы соның қызметшісі. Сонда қалай ол өткінші баянсыз болмақ? Сол тайпалар тобы рухты «дене» деп айтыпты. Таңғаларлығы, тән тағдырын қабылдап, рух тағдырын қабылдамауында.
Жалпылап айтқанда, рух деп аталып, оның тағдыры қабыл қылатыны не дегенде, төрт аяқты хайуандардың де денесінде рух бар ма деген сауал туылады? Біздің рух асылы дейтініміз – Құдай тағаланың бізге сыйлаған білім орны. Хайуандарда бұл рух жоқ. Рух – дене емес, бөлінетін де емес, нәзік бір жәуһар десе болады. Періштелер осы жәуһар жынысынан болар. Бұл рух ең бір нәзік ақиқатты танымақтық, оны талдауға рұқсат жоқ. Әрі сопылықтың алғашқы жолында бұдарды танудың қажеті жоқ – бұл дін қағидасының жолындағы алғашқы қиыншылық, яғни дүние ләззатынан безу. Уақыты келіп сопылықтың шарттарын орнына келтірген жағдайда, білім асылы пайда болады. Оны кісіден есітудің қажеті болмас. Білім – тура жолға жетекшілік ететін жолбасшылар сипатты. Хақ нұрлы Алла тағала Құранның Анкабут сүресінің 69-аятында айтқанындай: «Біз үшін жанқиярлықпен күрескендерді, біз өзіміздің жолымызбен алып жүреміз». Егер әрбір кісі қайратын тауыспастан сопылық қиыншылықтарын жеңіп кемеліне келтірмесе, ол кісіге рух ақиқатын баян қылмақ қажет емес. Алайда, ол күш-қайраттың тарихын білмектен ілгері, ділдің сарбаздарын танымағы ләзім. Әр уақытта әрбір кісінің сарбазы болмаса жеңіске қолы жетпес.

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *