Діл ақиқаты

Діл ақиқаты
Ділдің ақиқатын тану үшін ділдің, жаратылыс болмысын білмейінше, мүмкін емес екендігін білгенің жөн. Әуелі ділдің болмысын білгейсің, одан кейін діл ақиқатын талап еткін, ол не нәрсе өзі?
Сонан соң, падиша ділдің сарбаздарын танығайсың, ол неше тайпалардан өткен? Одан кейін падиша ділдің және оның сарбаздарының арасындағы байланыс қарым-қатынастарын білгейсің. Ділдің сипаттарын танығанда һақ нұрлы Алла тағаланың ілім-білімін қалай білу керек? Осылардың мән-мағынасының, әрбіреуіне қатысты белгілерін де көрсетіпті.
Алайда ділдің жаратылыс болмысының сырт көрінісімен аспан, жер және басқаларды да сырт көзімен көруге болады. Бәрін тани білсе де, өз болмысын нашар таниды. Ақиқатында сыртқы дене, аспан мен жер, тағы да басқалардан толық хабардар емес. Алайда, өзінше бәрінен де толық хабардарға ұқсайды. Әруақытта бұл істерден хабары болып, тырысып, жақсы әрекет қылса, ақырет ақиқатын да сонша жақсы таныған. Сенен бұл сыртқы тәндерді алатынын және сені сондай жерге жеткізетінін, сен фәни дүниеден ол мекенге баратын кездер келетінін біліп, есіңе алып жүр.

Имам Газзали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *