Уәдеге опа етпеу

Уәдеге опа етпеу
Пайғамбарымыз айтқан екен «Мынау үш нәрсенің бірі – адам бойында кездесе қалса, тіпті намаз оқып, ораза тұтса да екіжүзділікке жатады: біріншісі – жалған сөйлесе, екіншісі – уәдесіне опа қылмаса, үшіншісі – аманатқа қиянат жасаса. «Уәде – қарыз». Оны орындамауға болмайды.
Әзіреті Исмаил әлейһиссалам бір кісіге бір жерге барып тұрмаққа уәде қылыпты. Ол кісі келмепті. Солай болса да үш күн бойы оны кездестіруге ынтызар болып, күтіп жүріпті. Білген жақсы – әр уақытта кінәлі, залалды іске уәде бермегін. Егер адал іске уәде қылсаң, өте зәру жағдай болмаса, уәдеңді орындауға әрекеттен. Білгенің жөн, кісіге бір нәрсе беріп, оны өндіріп алу уәдеге опа қылмаудан да жаман. Пайғамбарымыз ондай кісіні өз қиын өзі жеген итке балаған.

Имам Ғаззали

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *