Қажылық амалдары
С: Қажылық жау қай амалдан басталады?
Ж: Ихрам киюден басталады.
С: Қай жерде ихрам киеді?
Ж: Меккеге жетпей, Миқат деп аталатын жерлер бар. Солардың бірінде ниет етіп, ихрам киеді.
С: Қажылар ихрамды қалай киеді?
Ж: Миқатқа барып жеткеннен кейін, мұрттарын қысқартып, тырнақтарын алып, күнделікті киіп жүрген киімдерін шешіп, ғүсыл құйынып, ихрам киімдерін киеді.
С: Ихрам киімі қандай болады?
Ж: Ихрам киімі екі бөліктен тұрады, біріншісі «изар», екіншісі «рида» деп аталады.
Рида белден жоғары, ал изар белден төмен болады.
С: Одан кейін не істейді?
Ж: Екі ракағат нәпіл намаз оқиды, сосын төмендегі дұғаны оқып, қажылық жасауға ниет етеді:
اPلل[هKم[ إeنlي أKرeيدK الVحPج[ فPيPسlرهK لeي وP تPقPب[لVهK مeنlي
Мағынасы: Я, Раббым! Мен қажылық өтеуге ниет етемін, маған жеңіл ете гөр және менің қажылығымды қабыл ете гөр!
С: Одан кейін не істейді?
Ж: Тәлбия айтады, яғни мына сөздерді айтады:
لPب[يVكP الل[هKم[ لPب[يVكP لPب[يVكP لP شPرeيكP لPكP لPب[يVك,P eإن[ الVحPمVدP وP النlعVمPةP لPكP وP الVمKلVكP لPكP لP شPرeيكP لPكP
С: Осы сөздердің мағынасы қандай?
Ж: Мағынасы: «Я, Аллам, мен Сенің әміріңді орындауға келдім. Сенің әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, Сенің әміріңді орындау – менің борышым. Күмәнсіз, барлық мадақ Саған тән және жалпы иелік пен нығмет Сенікі. Сенің еш серігің жоқ».
С: Осы тәлбияны айтқаннан кейін қандай амалды істейді?
Ж: Осы тәлбияны айту арқылы қажылық амалына кіріседі. Енді бұл кісіні құрбан айт күндерінде ихрамнан шыққанша «мухрим» деп атайды. Мухрим күйінде Мекке қаласына кіреді.