Құрбандық малын сою

Құрбандық малын сою

С: Құрбандық қандай жолмен сойылады?
Ж: Жануарды қинамайды, пышақты малдың көзінше қайрамау керек, құбылаға қаратып сол жағымен жатқызады, жаны шықпай тұрып терісін сыпырмайды.
С: Құрбан малын соятын кезде қандай дұғаны оқылады?
Ж: Мына дұғаны оқиды:

اPلل[هKم[ صPلPاتeي وP نKسKكeي وP مPحVيPاتeي وP مPمPاتeي لeل[هe رPبl الVعPالP eمينP لP شPرeيكP لPهK وP بeذPلeكP أKمeرVتK فPأPنPا أPو[لK الVمKسVلe eمينP

Мағынасы: «Я, Раббым! Менің намазым мен ғибадаттарым, тіршілігім мен өлімім, барша ғаламның Иесі болған Алла тағала үшін. Және осы құрбандықты шалуға бұйырылдым! Мен бойұсынушыларданмын».
С: Құрбандық кімнің атынан шалынып жатқандығын қалай айтады?
Ж: Құрбандықтың иесі немесе құрбан малын соятын кісі қазақша: «Иә, Алла! Осы құрбандықты, пәленшеұлы пәленшеден немесе пәленшеқызы пәленшеден қабыл қыла гөр», – дейді. Одан соң «Бисмилләәһи Аллаһу әкбар» деп бауыздайды.
С: Құрбан шалатын кісіге шашын және тырнағын алу дұрыс бола ма?
Ж: Қажыларға ұқсап, құрбан айы кіргеннен кейін, құрбандық шалғанша шашын және тырнағын алмай тұру мұстахап.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *