Ұшыр

Ұшыр

С: «Ұшыр» дегеніміз не?
Ж: Ұшыр деп мал-дүниесінің оннан бір бөлігін садақаға беруді айтады.
С: Қандай нәрседен ұшыр беру уәжіп?
Ж: Жаңбыр, жылға суымен өскен арпа, бидай, жеміс-жидек, мал азығы және балдан ұшыр беру уәжіп.
С: Ұшырды қанша мөлшерде беру міндет?
Ж: Жерден шыққан өнімнен аз болсын, көп болсын, ұшыр беріледі. Зекеттегі секілді тағайындалған нисап мөлшері жоқ.
С: Қандай кісілер егіннен ұшыр беру тиіс?
Ж: Бай не кедей кісі болса да, сәби не балиғатқа жетпесе де, ұшыр беру міндет.
Зекеттегідей жас мөлшері балиғатқа толуы шарт емес.
С: Отын, қамысқа ұқсас нәрселерден ұшыр беріле ме?
Ж: Отыннан, қамыс сияқты нәрселерден ұшыр берілмейді.
С: Егін алқабы мен бақшаларды жаңбыр суымен емес, адам өз қолымен суарған болса, ұшыр беріле ме?
Ж: Мұндай жағдайда жиырмадан бірі беріледі.
С: Ұшыр қандай кісілерге беріледі?
Ж: Зекет берілетін кісілерге беріледі.
С: Жалға алынған жерде өскен егіннің ұшырын кім береді? Яғни, жер иесі бере ме немесе егінді еккен адам бере ме?
Ж: Жалға алушы береді, бірақ кейбір ғұламалар жердің иесі береді дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *