Зекет кімдерге беріледі?

Зекет кімдерге беріледі?

С: Зекетті қандай кісіге беру керек?
Ж: Нисап мөлшерінде дүниесі жоқ кедей және міскін кісілерге, жолаушыға және зекет жинауға тағайындалған кісіге берген дұрыс.
С: Оларға зекет қалай беріледі?
Ж: Зекет жинауға тағайындалған кісіден басқалардың қолдарына мал-мүлік түрінде беріледі. Ал зекет жинаушы кісілердің зекетін олардың өкілдеріне беруге болады. Олар бай адам болса да, зекет жинаған еңбектері үшін беріледі.
С: Зекетті қайрымдылық қорына берсе қалай болады?
Ж: Қайрымдылық қорына кедейлерге тапсыру шартымен табыстаса, ол зекет болып есептеледі.
С: Зекет ақшасын мешіт-медресе тұрғызу, көпір жасау және жол салу, мәйіт жерлеу, т.б. осыған ұқсас істерге жұмсаса, дұрыс бола ма?
Ж: Дұрыс емес.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *