Иғтикафқа отыру

Иғтикафқа отыру

С: Иғтикаф деген не?
Ж: Ниетпен, оразамен мешітте отыру.
С: Иғтикаф міндетті амал ма?
Ж: Әрбір ер кісіге сүннет амал.
С: Иғтикаф қанша күннен тұрады?
Ж: Ең азы – бір күн, ең көбі – он күн.
С: Рамазанның қай күндерінде иғтикаф жасау сүннет?

Ж: Соңғы он күнінде.
С: Әйелдер қай жерде иғтикаф жасайды?
Ж: Үйлерінде намаз үшін арнайы орындары болса, сол жерде иғтикаф жасайды, егер намаз үшін арнайы орын болмаса, иғтикаф жасамайды.
С: Иғтикаф жасаған кісі қай жерде тамақтанып және қай жерде ұйықтайды?
Ж: Сол мешітте тамақтанып, қонады.
С: Иғтикаф жасап жатқан кісінің мешіттен шығуына болады ма?
Ж: Дәрет сындыру немесе дәрет алу үшін, жұма намазын оқу үшін жамағат мешітіне бару секілді мәжбүрлі жағдайда ғана баруға болады. Басқа дүние істері үшін мешіттен шығу дұрыс емес.
С: Себепсіз бір дүние ісі үшін мешіттен шықса, не болады?
Ж: Себепсіз дүние ісі үшін мешіттен шығып, алты сағатқа дейін жүріп қалса, иғтикаф бұзылады. Басқа күні қайта иғтикаф жасау керек болады.
С: Иғтикафта отырған кісілер мешітте не істейді?
Ж: Намаз оқиды, тасбих тартады, яғни зікір айтады, Құран және діни кітаптар оқиды, ілім үйренеді және үйретеді, дұға жасайды, кітаптардан уағыз айтады, дүние сөздерін сөйлемейді және дүние істерін жасамайды.
С: Иғтикаф жасаған кісінің әйелімен жақындасуына, құшақтап сүюіне болады

ма?

Ж: Болмайды, иғтикаф бұзылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *