Нәзір және нәпіл оразалар
С: Бір адам пәлен ісі орындалса, пәлен күні ораза ұстаймын десе, немесе пәлен күн ораза ұстаймын деп, нәзір (уәде) етсе, ол адамға не істеу уәжіп болады?
Ж: Айтқан уәдесін орындауы уәжіп.
С: Нәзір оразаға қай уақытта ниет етіледі?
Ж: Күні белгіленген ораза болса, соның алдыңғы кешінде немесе оразаны ұстайтын күнгі сәскеге дейін ниет етсе болады. Егер күні белгіленбеген болса, таң атқанға дейін ниет етіп қоюы міндет. Одан кейін болмайды.
С: Рамазаннан басқа уақытта ораза ұстауға бола ма?
Ж: Екі айт күнінен және ташриқ күндерінен басқа кезде нәпіл ораза ұстау мұстахап. Әсіресе, дүйсенбі және бейсенбі күндері, ашура, рағайып, бараат, арапа күндерінде, зулхижжа және мухаррам айларының алғашқы жұма күндерінде нәпіл ораза ұстау – сауабы мол мұстахап амал.