АМФОТЕРЛІК

АМФОТЕРЛІК (гр. amphoteros- қос қасиетті) — бірқатар химиялық қосылыстардың орта жағдайына (рН) байланысты кейде қышқылдық, кейде негіздік сипат таныту қасиеті. А. қасиет, әсіресе, А1(ОН)3, Zn(ОН)2, Сr(ОН)3, т.б. гидроксидтердеайқын байқалады. Олар жағдайға қарай қышқылдарша да, негіздерше де ыдырай алады: Сг3++ЗОН←Сг(ОН)3→ Н+ + СгО2 + Н20. Амфотерлі қосылыстың нағыз көрінісі су болып табылады. Ол бір мезгілде қышқылдық және негіздік иондарға ыдырай алады. Хим. қосылыстың қышқылдылығы немесе негізділігі онымен әрекеттесетін 2-қосылыстың табиғатына байланысты болып келеді. Кейбір қышқылдар өзінен күшті қышқылмен әрекеттескенде негіздік, ал өзінен әлсіз қышқылмен әрекеттескенде қышқылдық қасиет көрсетеді. Мыс., әлсіз бор қышқылы (Н3,В03) өзінен күштірек ортофосфор қышқылымен (Н3Р04) әрекеттессе, негіздік қасиет көрсетіп, ВР04 тұзын түзеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *