Оразаның сүннеттері, мәкрүһтері және оны бұзатын амалдар

Оразаның сүннеттері, мәкрүһтері және оны бұзатын амалдар

С: Ораза ұстаған адамға қандай амалдарды істеу сүннет?
Ж: Оразадағы сүннет амалдар мыналар: сәресін ішу, таң бозарғанша ниет ету, оразамен бірге нәпсіні жаман ниеттерден тыю, ораза кезінде пайдасыз, әдепсіз сөйлеуден, естуден және ұрыс-керістен сақтану, кез келген күнәлі істерден сақтану, мүмкіндігінше зікір, тасбих және Құран оқумен айналысу, күн батқаннан кейін ақшам намазын оқымас бұрын ауыз ашу.
С: Ораза ұстаған кісіге қандай амалдарды істеу мәкрүһ?
Ж: Пайдасыз, әдепсіз сөздерді сөйлеу, біреумен ұрсысу, моншаға түсу, суға шомылу, қажетсіз жағдайда тамақтың дәмін тату, оразасын ашпай, келесі күнгі оразаға өтіп кету.
С: Ораза ұстаған кісіге қандай амалдарды істеуге болады?
Ж: Сатып алатын нәрсенің дәмін тілмен татып көру, қажет жағдайда тамақтың дәмін тату немесе балаға шайнап беру, көзге сүрме тарту, мисуак қолдану, жүзін майлау, қан алдыру, сүлік салдыру, ғұсыл алу.
С: Оразаны қандай амалдар бұзады?
Ж: Ноқат көлеміндей болса да тағамды жұту, бір тамшы болса да су ішу, дәрі ішу, төсек қатынасы.
С: Бір адам өзінің ораза екенін біле тұра оразаны бұзатын амалдарды істесе, ол
адамға не істеу міндет?
Ж: Оразасының қазасын тұтып, кәффәратын өтейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *