Құрбан айтқа қатысты оқиғалар
С: Құрбан айттың алдындағы күн қалай аталады?
Ж: Арапа күні деп аталады.
С: Арапаның алдындағы күн қалай аталады?
Ж: Таруия күні деп аталады.
С: Таруия күні қандай оқиға болған?
Ж: Ибраһим (ғ.с.) ұлы Исмайылды (ғ.с.) құрбандыққа сойып жатқанын түсінде көріп: «Бұл қандай түс?», – деген ойға қалады.
С: Арапа күні қандай оқиға болды?
Ж: Ибраһим (ғ.с.) жасаған дұғасы бойынша түсті екінші рет көрді.
С: Айт күні қандай оқиға болды?
Ж: Ибраһим (ғ.с.) ұлы Исмайылды (ғ.с.) құрбандыққа шалмақ болады.
С: Ибраһим (ғ.с.) ұлы Исмайлды (ғ.с.) құрбандыққа шалды ма?
Ж: Шалмады. Бауыздайын деп тұрғанда Алла тағаланың әмірімен Исмайылдың (ғ.с.) орнына Жәбірейіл (ғ.с.) аспаннан бір қой түсірді. Ибраһим (ғ.с.) ұлын босатып, оның орнына қойды құрбандыққа шалды. Сондықтан, құрбандық шалу бізге Ибраһимнен (ғ.с.) жеткен амал.