Айт күндері
С: Айт күндері дегеніміз не?
Ж: «Айт» сөзі араб тілінде «мереке» дегенді білдіреді.
С: Исламда қандай айт күндері бар?
Ж: Екі айт күндері бар: біріншісі – ораза айт, екіншісі – құрбан айт.
С: Ораза айт деген қандай мейрам?
Ж: Рамазан айындағы оразадан шығуды білдіретін мейрам.
С: Құрбан айт деген қандай мейрам?
Ж: Аллаға бағыштап құрбандық шалатын мейрам.
С: Ораза айт қай күні болады?
Ж: Рамазан айы біткен соң, шәууәл айының алғашқы күні болады.
С: Құрбан айт қай күні болады?
Ж: Зулхижжа айының 10-күні болады.
С: Айт күндері не үшін «шаттыққа толы күн» деп аталады?
Ж: Өйткені, бұл күндері мұсылмандар ерекше қуанып, шаттанады.
С: Не себептен қуанады?
Ж: Осы күндерді ұлық санап, байлар кедейлерге садақа береді. Шын көңілмен тәубе етіп, кешірім сұраған кісілердің күнәләрі кешірілуі уәде етілген.
С: Айт күндері қандай істерді жасау сүннет?
Ж: Ораза айт күні таң атқаннан кейін дәмді тамақп жеп, айт намазын оқамастан бұрын пітір садақасын беру сүннет; Құрбан айт күні айт намазы оқылмай тұрып ораза ұстаған кісі сияқты ешқандай тамақ немесе сусын ішпей, намаздан кейін құрбандық етін, сорпасын немесе біраз сусын ішу сүннет болады. Құрбан айт намазына барғанда үйден шығып мешітке жеткенге дейін тәкбір айту сауап болады. Әр айтта таң атқан соң ғұсыл алу, мисуакпен ауыз тазалау, жақсы киім кию, иіссу себу, намаз оқылатын жерге жаяу бару, қайтқанда жол-жөнекей кедей кісілерге садақа бару, айт намазында қиямет күнін және жасаған күнәларын есіне түсіру, сол үшін кешірім тілеп, тәубе етіп, кешірім сұрау, харам істерден аулақ болып, айт мейрамын шаттықпен өткізу сүннет.