Жұма намазы
С: Жұма намазы қандай намаз?
Ж: Жұма күні бесін намазының орнына оқылатын намаз.
С: Жұма намазы қандай уақытта оқылады?
Ж: Жұма намазы бесін намазының уақытнда, яғни күн тас төбеден ауғаннан бастап екінті намазына дейінгі уақытта оқылады.
С: Жұма намазы неше ракағаттан тұрады?
Ж: Алдымен төрт ракағат сүннет, одан кейін екі ракағат парыз, сосын төрт ракағат сүннет намазынан тұрады.
С: Мұсылман баласына жұма намазы парыз ба, әлде уәжіп пе?
Ж: Парыз.
С: Жұма намазы парыз болуының неше шарты бар?
Ж: Алты шарты бар.
Олар: балиғат жасына жеткен ер кісі, азат, дені сау, тұрғылықты, екі аяғы сау, екі көзі көретін болу.
С: Әйелдер, балиғат жасына жетпегендер, түрмедегі кісілер, жолаушылар, зағип кісілер, аяқсыз адамдар жұма намазын өздері үйлерінде оқи ма?
Ж: Бұл кісілерге жұма намазы парыз емес, сондықтан оны оқымайды. Орнына бесін намазын оқиды.
С: Осы кісілер жұма күні мешітке барып, жұма намазын оқып, бесін намазын оқымаса бола ма?
Ж: Болады, оқыған жұма намазы бесін намазының орнына жүреді.
С: Белгілі бір жерде жұма намазы оқылуы үшін қандай шарттар болуы тиіс?
Ж: Мынадай алты шарт: 1) халық көп шоғырланған елді-мекен болуы; 2) кез келген мұсылманның кіруіне рұқсат берілген жер болуы; 3) мемлекет басшысы немесе мүфтиінің рұқсатын алған кісінің имам болуы; 4) жамағатта имамнан басқа үш кісі болу;
5) бесін намазының уақыты кіруі; 6) жұма намазының екі ракағат парызының алдында имамның құтпа оқуы.
С: Қандай елді-мекенде жұма намазын өткізуге болады?
Ж: Бұл жайында түрлі пікірлер бар. Мұсылман тұрғындары сол ауылдың мешітіне толса, ол жерде жұма намазын өткізуге болады деген пікірді көпшілік ғалымдар қолдаған.
С: Егер мешітіне мұсылмандары толмайтын ауылда жұма намазы оқылса, қабыл болмай қалуы мүмкін бе?
Ж: Иә, мүмкін. Сондықтан да шариғатта жұма намазы оқылуы тиіс жер болуына барынша көңіл бөлген абзал.
С: Қалаға тиесілі жерлерде, мысалы әскери орындар, алаңдар, т.б. орындарда жұма намазын оқуға бола ма?
Ж: Болады, өйткені орындар да қалаға жатады.
С: Жұма намазына кешігіп келген адам не істейді?
Ж: Тезірек имамға ұйиды, имам сәлем бергеннен кейін намазының қалған ракағаттарын өзі оқып тамамдайды.
С: Жұма намазына түрлі себептермен кешігіп, өткізіп алған адам не істейді?
Ж: Оның орнына бесін намазын оқиды.
керек?
С: Егер адам бір себеппен мешітке жұма намазына бара алмай қалса, не істеуі
Ж: Бесін намазын оқиды, егер себепсіз ерініп жұмаға бармған адам күнәһар
болады. Ал егер бесінді де оқымаса, үлкен күнәһар болады.