Жолаушының үкімдері

Жолаушының үкімдері

С: Жолаушы кісіге не нәрселер уәжіп болады?
Ж: Төрт ракағат намаздарды қысқартып, екі ракағат етіп оқу.
С: Таң, шам намаздарын қысқартып оқиды ма?
Ж: Жоқ, толық оқиды.
С: Төрт ракағат сүннет намаздарын қысқартып оқи ма?
Ж: Жоқ.
С: Жолаушы кісіге қандай жеңілдіктер бар?
Ж: Жолаушы кісіге мәсі немесе етікке үш күнге дейін мәсіх тартуға, қиын болған жағдайда, намаздың сүннеттерін тәрк етуге, Рамазан айының оразасын ұстамай, кейінге қалдыруға болады.
С: Төрт ракағат намазда жолаушы кісі тұрғын кісіге имам бола алады ма?
Ж: Бола алады.
С: Бұл жағдайда намаз неше ракағат етіп оқылады?
Ж: Жолаушы екі ракағат оқып, сәлем беріп, намазын аяқтайды, ұйыған кісілер қалған екі ракағатты оқып, толық аяқтайды.
С: Төрт ракағат намазда жолаушы кісінің жергілікті кісіге ұюы дұрыс болады

ма?

Ж: Өз уақытындығы намазды бірге оқиды. Алайда қаза намазы болса, жеке оқиды.
С: Бұл жағдайда жолаушы неше ракағат оқиды?
Ж: Имамға ұйып намазды толық оқиды.
С: Жолаушы кісі төрт ракағат намазды қысқартпай толық оқыса бола ма?
Ж: Намазы дұрыс болады, бірақ қысқартпай, төрт ракағат етіп оқығаны үшін

күнәһар болады.

С: Жолаушы кісі сапарға шықпас бұрын қаза болған төрт ракағат намазын сапарда жүргенде неше ракағат етіп оқиды?
Ж: Төрт ракағат етіп толық оқиды.
С: Бір жолаушының сапарда қысқатылып оқылуы керек болған намазы қаза болса, өзінің тұрғылықты жеріне келгенде неше ракағат етіп оқиды?
Ж: Сапардағыдай екі ракағат етіп оқиды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *