Тіләуат сәждесі

Тіләуат сәждесі

С: Тіләуат сәждесі қандай сәжде?
Ж: Құрандағы сәжде аятының бірін оқығанда немесе естіген кезде, орындау уәжіп болып табылатын сәжде.
С: Құранда неше жерде сәжде аяты бар?
Ж: 14 жерде бар.
С: Атап айтқанда, олар қандай сүрелердің ішінде?
Ж: Ағраф, Рағыд, Нахл, Исра, Мәриям, Хаж, Фурқан, Нәміл, Сәжде, Сад, Фуссиләт, Нәжім, Иншиқақ, Аләқ сүрелері.
С: Бір сәжде аятын бір отырыста екі немесе үш мәрте оқыса, неше мәрте сәжде жасалады?
Ж: Бір мәрте сәжде жасайды.
С: Бір отырыста бірнеше сәжде аятын оқыса, неше мәрте сәжде жасау уәжіп болады?
Ж: Сәжде аяты бар қанша сүре оқылса, сонша мәрте сәжде жасау уәжіп. С: Сәжде аятын бірнеше жерде оқыса, неше мәрте сәжде жасайды? Ж: Неше жерде оқыса, сонша рет сәжде жасайды.
С: Бір сәжде аятын екі рет естісе, неше рет сәжде жасайды?
Ж: Есту оқығанға ұқсас, бір отырыста екі немесе үш рет бір сәжде аятын естісе, бір рет сәжде жасайды. Екі жерде естісе, екі рет сәжде жасайды.
С: Құран оқығанда тек сәжде аятын оқымай, тастап кетуге болады ма?
Ж: Болмайды, ол мәкрүһ. Сәжде аятын басқа бір екі-үш аятпен қосып оқымай қалдыруға болады.
С: Сәжде аятын іштей оқыған дұрыс па, жария оқыған дұрыс па?
Ж: Адамдар болса, жacырын оқу мұстахаб.
С: Тіләуәт сәждесі қалай жасалады?

Ж: Сәжде жасаушы құбылаға қарап: «Тіләуәт сәждесін жасауға ниет еттім», –деп ниет қылады, сосын тәкбір айтып, сәждеге барады. Сәждеде үш мәрте «Субхана раббийәл аъла» дейді. Сосын қағдаға отырып, мына дұғаны жасайды:

سPجPدVتK لeلر[حVمPانe آمPنVتK بeالر[حVمPانe فPاغVفeرVلeي ذKنKوبeي يPا رPحVمPانK سPمeعVنPا وP أPطPعVنPا غKفVرPانPكP رPب[نPا وP إeلPيVكP الVمPصeيرK
Транскрипциясы: Сәжәтту лиррохмәән, әәмәнту биррохмәән фәғфирлии зунуубии иәә рохмәән, сами‘нә уә әта‘нә ғуфроонәкә раббәнә уә иләйкәл масиир.
Мағынасы: Мейірімді Алланың разалығы үшін сәжде еттім және иман келтірдім.
Я, Рахмән, күнәларімді кешір! Я, Раббымыз! Біз сенің кешіретініңді естідік және мойынсұндық, ақыретте саған қайтарыламыз.
С: Сәжденің неше шарты бар?
Ж: Жеті шарты бар.
С: Олар қандай?
Ж: Намаз оқығандай дәретті болу; денесі және киімі, сәжде жасайтын орны таза болу; әуреті жабық болу; құбылаға қарау; ниет ету;
С: Сәждеде қол көтеріп тәкбір айту, рүкүғ жасау уәжіп пе?
Ж: Қол көтеріп тәкбір айту, рүкүғ жасау уәжіп емес, қиямда тұрып немесе отырып ниет етіп, сәжде жасау уәжіп.
С: Тіләуәт сәждесі намаздағыдай екі мәрте жасалады ма?
Ж: Жоқ, бір мәрте жасалады.
С: Сәжде қай уақытта жасалады?
Ж: Құрандағы сәжде аяттарының бірін оқыған немесе естіген кезде дереу жасау керек. Тіләуат сәждесінамаз оқу мәкрүһ емес уақыттарда жасалады .
С: Сәжде аятын оқығанда қанша уақыттан кейін сәжде жасауға болады?
Ж: Көп кешіктірмей тезірек жасаудың сауабы көбірек.
С: Намыздың ішінде сәжде аятын оқыса не істейді?
Ж: Сәжде аятын оқып, бірден рүкүғке барса, сол рүкүғ сәжде орнына өтеді. Егер сәжде аятын оқып, рүкүғ жасамаса, сол уақытта тәкбір айтып сәждеге барады, сосын қиямға тұрады.
С: Қиямға барғанда не істейді?
Ж: Сүрені келген жерінен жалғастырады.
С: Имам тіләуәт сәждені жасағанда масбуқ және мұқтади сәжде жасайды ма?
Ж: Бәрі де имаммен бірге сәжде жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *