Үзірлі адам
С: Қандай кісілер үзірлі болып саналады?
Ж: Мысалы, бір кісінің әр уақытта мұрны қанай берсе, көзінен қан аралас жас келіп тұрса, жыныс мүшесінен зәрі жиі келетін болса, сол кісі үзірлі болып саналады.
С: Үзірлі адам намазын қалай оқиды?
Ж: Әр намазға дәрет алады. Сол дәреті осы намаздың уақыты шыққанша бұзылмаған үкімінде болады. Келесі намаздың уақыты кіргенде қайта дәрет алады.
С: Үзірден басқа бір себеппен дәреті бұзылса, мәселен дәретханаға барып дәрет сындырса, дәреті бұзылады ма?
Ж: Әлбетте бұзылады. Үзірлі адамның дәретін оның үзірі ғана бұзбайды. Ал, үзірден басқа дәретті бұзатын нәрселердің бәрі бұзады.
С: Үзірлі адамның дәреті бар уақытында келген нәжіс киіміне не денесіне тисе, нәжіс болып саналады ма?
Ж: Сол намаз уақыты шыққанға дейін өзіне нәжіс саналмайды. Оны тазаламай- ақ, сол уақыт ішінде намаз оқиды. Намаз уақыты шыққаннан кейін ғана нәжіс болады. Екінші намаз оқу үшін киімін немесе денесінің нәжіс болған жерлерін жуады не болмаса киімін ауыстыру ләзім.