АМФИБИЯ

“АМФИБИЯ” — құрлықпен де, сумен де қозғала алатын әскери немесе азаматтықкөлік (танк, транспортёр, автомобиль, ұшақ). “А.” — танктің, транспорт ё р д і ң суда жүзгіштігі герметикалық қорабы қуысындағы суды қажетіне қарай ығыстыру арқылы реттеледі. Ол су бетінде немесе су астында ескек пәре (винт), шынжыр табан (шынжыр табан машиналарда) және су атқыш сорғы көмегімен жүзеді. “А.” жасау ісі 1-дүн. жүз. соғыс жылдарында басталды. “А.” танктің үлгілері 1921 — 22 ж. Франция мен Америкада жасалды. Қазіргі кезде әскери істе құрлықта да, судың беті мен астында да өте жылдам жүзетін танктер, оқ өтпейтін транспортёрлер (бронетранспортёрлер) мен оқ өтпейтін автомобильдер (бронеавтомобильдер) кеңінен таралған. “А.” автомобиль адамдарды және жүктерді тасу, сондай-ақ оларды өзен, көл т.б. арқылы өткізу кезінде қолданылады. Барлық осьтерінің төзімділігі жоғары автомобиль шассиі негізінде жасалады. “А.” автомобильде автомобильге тән агрегаттар сақталынады, ал оның суда жүзетін түрі саңылаусыз жабылатын қайық типтес қорап, ескек пәре, су рулі, толқынды кесетін қалқанмен және қораптан суды ығыстырып шығаратын сорғымен жабдықталады. “А.” ұ ш а қ — құрылықта аспанға ұшып шыға алатын және доңғалақ шассиін шығарып қона алатын гидроұшақ. “А.” аэрошананың қорабы қайыққа ұқсас. Ол қар үстімен де, су бетімен де, таяз өзен, батпақты су тоғандарында да, мұз үстінде де қозғала алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *