Жәннат және тозақ

Жәннат және тозақ

С: Жәннат қандай жер?
Ж: Жәннат – өте ғажайып жер. Оған кірген пенделердің әрқайсы тамаша ләззаттық нығметтермен құрметтелінеді. Алла тағала онда жақсы зейнетті аулалар және таза ауалы бақтар, әртүрлі тәтті тағамдар мен шырын сусындар, әртүрлі ләззатты сусындар мен бұлақтарды жаратады. Бұлардан басқа жәннатта түрлі ғажайып құрмет және нығметтер болады. Оларды тілмен айтып, қаламмен жазып жеткізу мүмкін емес.
С: Жәннаттағы бәрінен де тамаша және ең ғажайып оқиға не? Ж: Жәннатқа кірген әрбір момын пенденің Алла тағаланы көруі. С: Алла тағаланы пенделер қандай күйде көреді?
Ж: Алла тағаланың қандай күйде көрінетіні бізге белгісіз. Алла тағаланы жәннатта көретіндігімізге сену уәжіп.
С: Тозақ қандай жер?
Ж: Тозақ өте қорқынышты және азапқа толы жер. Оған кірген адамдар отпен және басқа да әртүрлі ауыр жазалармен азапталынады. «Забани» атты азап періштелері оған кірген кісіні еш аямастан өте қатты қинайды.
С: Жәннатқа кімдер кіреді?
Ж: Дүниеде Алла тағала бұйырған амалдарды бұлжытпай орындап, Алла тағала тыйған істерді жасамаған иманды, салиқалы кісілер кіреді және де күнәсі кешірілген мүмін пенделер кіреді.
С: Тозаққа кімдер кіреді?
Ж: Барлық кәпірлер мен дүниеде Алла тағала бұйырған амалдарын уақытымен орындамаған, Алла тағала тыйған істерден қайтпай, күнәһәр болған пасық және дінсіз кісілер кіреді.

С: Жәннатқа кірген кісілер біршама уақыт өткеннен кейін ол жерден шығарылуы мүмкін бе, әлде мәңгі жәннатта қалады ма?
Ж: Жәннатқа кірген кісілер еш уақытта ол жерден шықпайды және онда мәңгі қалады. Сонымен қатар, ол жердегі адамдар ешқашан өлмейді.
С: Тозаққа кірген кісілер біршама уақыт өткеннен кейін ол жерден шығарылуы мүмкін бе, әлде мәңгі тозақта қалады ма?
Ж: Имансыз кісілер тозақта мәңгі қалады. Олар да қанша азапталғанымен, ешқашан өлмейді. Тозақта өлім жоқ, бірақ күнәлары кешірілмей кірген күнәһар мүмін пенделер күнәларының мөлшеріне қарай тозақта жазаланады. Жазалары аяқталғаннан кейін ол жерден шығады. Сосын олар да жәннатқа кіріп, күнәсіз кісілер секілді жәннатта мәңгі қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *