Тағдыр және қаза

Тағдыр және қаза

С: Тағдыр дегеніміз не?
Ж: Әлемде әрбір болатын және болған істерді Алла тағаланың әуелден белгілеп қойғаны.
С: Қаза дегеніміз не?
Ж: Тағдырға жазылған нәрселердің орындалуы.
С: Әлемде болған нәрселер және болған істер әуелде пәлен уақытта болады деп белгілеп қойылған ба?
Ж: Әрине, әрбір нәрсе және әрбір іс қай уақытта, қандай себеппен және қандай күйде болатыны белгіленіп, Лаухул-махфузда жазылып қойылған. Әлемде әрбір нәрсе және әрбір іс Лаухул-махфузда жазылғаны бойынша орындалады.
С: Лаухул-махфуз деген не?
Ж: Лаухул-махфуз көктегі кітап секілді нәрсе. Оның қандай екенін Алла біледі.
С: Болатын нәрселер болмастан бұрын Лаухуз-мафхузға қалай жазылды?
Ж: Болған нәрселер және жасалатын амалдардың әрқайсысы Аллаға ғана мәлім, әрқайсысы Аллаға мәлім болған күйде Лаухул-махфузда жазылған.
С: Пенделердің ізгі және күнәһар болулары Лаухул-махфузда жазылған ба?
Ж: Әлбетте, әрқайсысы жазылған.
С: Лаухул-махфузда жазылғанына байланысты пенде өмірде ізгі адам немесе күнәһар болады ма? Әлде олай емес пе?
Ж: Пенде өз еркімен ізгі немесе күнә істерді жасайды, оны Алла тағала әуелден білгендіктен, Лаухул-махфузда солай жазылған.
С: Пенделерге «Тағдырымыз Лаухул-махфузда жазылып қойған екен, ендеше ол өзгермейді» деп, дүниелік істерді және ақырет амалдарын жасамай, керісінше күнә істерге жол беруіне бола ма?
Ж: Жоқ, әсте дұрыс емес, өйткені әрбір пендеге ақыл-ой арқылы Алла тағаланы тану, діни ілім үйрену, адал мал табу, ықыласпен жақсы амалдар істеу және күнәлі істен тыйылу – бұл өмірде міндет болып есептеледі. Жасау-жасамауы өз еркіндегі әр ісін
«Тағдырыма солай жазылса, басқа не істеймін?» деп тағдырға жаба салу – ақымақтың ісі. Ал, пенделердің түр-тұлғасы және ажалы, яғни өлетін мезгілі секілді өз еркінен тыс нәрселерді тағдырдың еркіне қалдырған дұрыс.
С: Ажал дегеніміз не?
Ж: Өмірдің соңы деген мағынаны береді. Әр кісінің ажалы бар. Сол ажалы жеткенде, пенде бұл дүниемен қош айтысады.
С: Бір апат және себеппен қайтыс болған адамның ажалы қай уақыт?
Ж: Адамның ажалы – сол өлген уақыты. Ол бір себеппен қайтыс болғанымен, ақиқатында ажал уақыты жетіп өледі, өйткені ажалдары болған уақытта оларға өлім себептері тура келеді .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *