Құран Кәрім
С: Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) қандай кітап түсірілді?
Ж: Құран атты кітап түсірілді, бүгінде жалпы мұсылмандардың қолында бар қасиетті кітап.
С: Қасиетті Құран пайғамбарымызға (с.ғ.с.) кітап күйінде түсірілді ме?
Ж: Жоқ. Алла тағаланың әмірімен Жәбірейіл періште (ғ.с) келіп, сүрелер мен аяттарды оқып беретін еді, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әр оқылған сөздерді есіне сақтап қалатын. Жәбірейіл (ғ.с.) кеткеннен кейін сахабаларына оқып беретін және жазғызып қоятын. Солай бір ұлы кітап болып жиналып шықты.
С: Құран Кәрімнің аяттары қанша уақытта түсті?
Ж: Құран Кәрім пайғамбарымызға (с.ғ.с.) 23 жыл ішінде біртіндеп бөлек-бөлек
келді.
С: Қасиетті Құранда не жазылған?
Ж: Адам баласына дүниеде және ақыретте қажетті сөздер жазылған. Мысалы:
пайғамбарлар қиссалары, әртүрлі уағыз-насихаттар, дұға және ғибадатқа қажет сөздер, өмір сүрудің тәртібі және т.б. нәрселер бар.
С: Құран қай тілде түскен?
Ж: Араб тілінде.
С: Құранды түсініп, әр сөзінің мағынасын білуге бола ма?
Ж: Арабшаны жақсы білетін және тәпсір ілімін оқыған адам болса, Құрандағы әрбір сөзді білуіне болады.
С: Арабшаны үйренуге бола ма?
Ж: Болады. Оған ешқандай күмән жоқ. Қажетті кітаптарды ретімен оқып шықса, қысқа уақыттың ішінде меңгеріп алуға болады.
С: Құранда неше сүре және неше аят бар?
Ж: 114 сүре, 6226 аят бар.
С: Құранда неше сөз және неше әріп бар?
Ж: 77439 сөз, 325743 әріп бар.