Иман және иқрар

Иман және иқрар

С: Иман деген не?
Ж: Шын көңілмен сену және иланып бойұсыну.
С: Мүмін және мұсылман кісі не нәрселерге иман етіп, мойынсұнуы керек?
Ж: Бүтін дүние мен әлемді, жер мен аспандағы жаратылыстарды жоқтан бар қылушы Алланың бар әрі жалғыз екендігіне және ұлық сипаттарына, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пенделерге Ислам дінін үйрету үшін Алла тағала тарапынан жіберілген хақ пайғамбар екендігіне, Құран Кәрім Мұхаммедке (с.ғ.с.) Алла тағала жіберген хақ кітап екендігіне және Алланың әмірімен Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз жеткізген шариғат үкімдерінің әрқайсысы хақ және істелуі міндет екендігіне сенуі және мойынсұнуы керек.
С: Ислам дінін қабылдап, шынайы мүмін және мұсылман болу үшін Исламның хақтығын тек көңілмен, яғни жүрегімен мойындау жеткілікті ме, әлде жеткіліксіз бе?
Ж: Дүниеде шынайы мұсылман болу үшін тек көңілмен сену жеткіліксіз. Өзінің сенгендігін иқрар етуі, яғни тілмен айту арқылы қуаттауы керек. Тілмен айтып қуаттамаған адам тіпті көңілмен иман етсе де, дүниеде мұсылман боп есептелмейді. Бірақ ақыретте оның иманы қабыл бола ма, болмай ма, ол жағы Алла Тағаланың құзырында.
С: Тілмен қалай мойындау керек?
Ж: Мына арапша мүбәрак сөзді айту арқылы иман келтіргендігін тілмен мойындау

керек:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *