Ғибадат
С: Мүмін және мұсылман пендеге парыз болып табылатын ең ұлық амалдар нешеу?
Ж: Бесеу.
С: Біріншісі қандай амал?
Ж: Иман, яғни Алла тағаланың бар екеніне, Оның әрбір сипатына, дін Исламдағы әрбір үкімнің хақ екендігіне сену.
С: Екіншісі қандай амал?
Ж: Әр күні бес уақыт намаз оқу.
С: Үшіншісі қандай амал?
Ж: Ораза, яғни рамазан айында әр күні ауыз бекіту.
С: Төртіншісі қандай амал?
Ж: Зекет, яғни жыл сайын бір мәрте мал-мүлкінен кедейлерге тиісті хақыларын
беру.
С: Бесіншісі қандай амал?
Ж: Қажылық, яғни жағдайы жететін адамның өмірінде бір мәрте Меккеге барып, қажылық амалдарын өтеуі.