Үйге кірер кездегі сүннеттер

Үйге кірер кездегі сүннеттер
Біздің дініміз отбасыға үлкен мән береді, тіпті мұсылман халықтары үшін отбасы басты орында тұрады десек те қателеспейміз. Ал отбасының бастысы белгісі – сол отбасы мүшелері тұратын ошақ басы, үй.
Біз үйге кірерде және одан шығарда орындалатын бірқатар сүннет амалдарды атап өтеміз:
1. Үйден шығарда айтылатын дұға:
بِسم ه تَوَكّلْتُ على ه وَ ا حول و ا قُوة إاّ باه
Оқылуы:
«Бисмилляһ тәуаккальту `аляллаһ уә ля хауля уә ля куууата илля билляһ».
Аудармасы:
Алланың атымен бастаймын, Аллаға тәуекел етемін, Алладан өзге күш те құдірет те жоқ.
2. Үйге кірерде оқылатын дұға:
بِسم ه وَلَجْنا و بِسْمِ ه خَرَجْنا و على رَبِنا تَوَكّلْنا
Оқылуы:
«Бисмилляһ уәляджна уә бисмилляһи хараджна уә аля раббина тәуаккальна».
Аудармасы:
«Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық, және Аллаға біз тәуекел етеміз».
3. Отбасы мүшелерімен «Әссәләмуғалайкум» деп амандасыңыз. Отбасында әдеп пен Исламның рухын сақтау үшін отбасы мүшелері арасында дұрыс қарым-қатынасты орнату өте маңызды. Бірі-бірімен өзара дөрекі қарым-қатынас жасайтын кей отбасыларында ислам әдептері бөгде біреулер келгенде немесе қонақтардың көзінше ғана орындалатын формалды зат сияқты қалыптасып кеткен. Мұндай оғаштыққа жол бермес үшін ислам әдептері мен қағидаттарын күнделікті өмірімізге жіті сіңдіруіміз керек.
4. Өз үйіңіз болса да, кіреріңізде, жөтел, қағыс, амандасу немесе өзге де бір белгі беру арқылы келгеніңізді білдіргеніңіз абзал болады. Бұл үй тірлігімен жүрген әйеліңіздің үсті-басын ретке келтіруіне қажет болады.
Әбу Әли әл-Ашари

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *