Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні ешқандай көлеңке болмаған кезде Алла Тағала жеті адамға Аршысының астынан көлеңке береді. Олар: әділ имам (басшы да жатады), ғибадатпен есейген жас жігіт, оңашада Алланы есіне алып, қорқыныштан көзіне жас алған адам, жүрегі мешітке байланған кісі, садақаны көп бергені сонша, оның санын білмейтін бай, Алла жолында бір-бірін жақсы көріп, бауырласқан екі жолдас, сұлу әйел күнә істеуге шақырғанда, «мен Алла Тағаладан қорқамын» деп бас тартқан ер».
****
Әбубәкір (р.а.) былай деген: «Сараң адамның тағдыры жеті жағдайдың біреуіне душар болады. Өзі қайтыс болып, малына ие болған мирасқорлары малын Алла Тағаланың жолынан басқаға жұмсап, ту-талақай етеді. Ия болмаса Алла Тағала оған қатыгез билеушіні жіберіп, малын тартып алады. Не болмаса құмарлыққа салынып, мал-мүлкін соның жолына жұмсап құртады. Немесе пайдасыз жерге ғимарат салып, малы босқа кетеді. Не болмаса мал-мүлкі топан су, өрт, ұрлық сияқты кездейсоқ бәлекет себебінен құрып кетеді. Не созылмалы ауруға ұшырап, мал-мүлкі содан
Жоғары
емделуге кетеді. Не қазынасын бір жерге тығып, кейін қайда тыққанын білмей ұмытады».
****
Омар (р.а.) былай дейді: «Кімнің күлкісі көбейсе айбаты жоғалады. Кім адамдарды құрметтемесе өзі де құрметтен жұрдай болады. Кім бір нәрсемен көп айналысса сонымен аты шығады. Кімнің сөзі көп болса қатесі де көп болады. Кімнің қатесі көп болса ұяты аз болады. Кімнің ұяты аз болса тақуалығы да аз болады. Кімнің тақуалығы аз болса жүрегі өледі».
****
Осман (р.а.) Кәһф сүресіндегі «Қабырғаның астында ол екеуіне тастап кеткен қазына бар еді. Әке-шешелері ізгі адамдар еді» (Кәһф, 82) деген аят туралы былай деген екен:
«Мұндағы қазына бір алтын тақта еді. Онда төмендегідей жеті қатар нақыл сөз жазылыпты. «Өлімнің сөзсіз болатынын біліп тұрып, қаперсіз шат-шадыман жүргенге таңданамын. Дүниенің пәни-өткінші екендігін біліп тұрып, оған қатты құмартқанға таңданамын. Ризық-несібенің тағдыр тақтасында жазылып қойғанын біліп тұрып, одан айрылып қалам деп қам жегенге қарап таңданамын. Есеп Күнін хақ екендігін біліп тұрып, хисапсыз мал жинаудан талмағанға қарап таңданамын. Тозақтың хақ екенін біліп тұрып, күнә жасаудан тыйылмағанға қарап таңданамын. Жәннаттың хақ екендігін біліп тұрып, дүниеде қаперсіз жүргенге қарап таңданамын. Шайтанның нақ дұшпан екенін біліп тұрып, оған бойсұнғанға қарап таңданамын».
****
Әлиден (р.а.) «Аспаннан ауыр нәрсе не? Жерден кең нәрсе не? Теңізден шалқар нәрсе не? Тастан қатты нәрсе не? Оттан ыстық нәрсе не? Аяздан суық нәрсе не? Удан ащы нәрсе не?- деп сұрағанда, ол: «Жазықсыз жандарға таңылған жала аспаннан да ауыр. Ақиқат жерден де кең. Қанағатшылдың жүрегі теңізден де шалқар. Мұнафықтың жүрегі тастан да қатты. Қатыгез билеушінің билігі оттан да ыстық. Қыңырға іс түскен кез аязды күннен де суық. Сабырлылықтың дәмі удан да ащы»,– деген екен. Басқа риуаятта «Өсек удан да ащы» деген.
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Дүние – ақыреті жоқтың үйі, малы жоқтың малы. Оны (шексіз түрде) ақылы жоқ қана жинайды. Оның қызығымен пайымсыз ғана айналысады. Ол үшін білімі жоқ қана біреуді жазалайды. Оны жетесі жоқ қана қызғанады. Оған тек айқын иманы жоқ қана асығады».
****
Жәбир ибн Абдолла әл-Ансари (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Жебірейілдің маған көрші ақысы туралы көп өсиет айтқаны сонша, мен көршім мұрагерім болатын шығар деп ойладым. Әйелдер туралы көп өсиет еткені сонша, мен әйелдерді талақ етуге болмайтын шығар деп ойладым. Құлдар туралы көп өсиет еткені сонша, олардың бас бостандықтары берілетін күн болатын шығар деп ойладым. Мисуакпен ауыз тазалау туралы көп айтқаны сонша, оны парыз болатын шығар деп ойладым. Жамағат намазы туралы көп өсиет еткені сонша, намаз тек жамағатпен ғана қабыл болатын шығар деп ойладым. Түнгі намаз туралы көп айтқаны сонша, тіпті, түнде ұйықтамау керек шығар деп ойладым. Алланы зікір ету туралы көп айтқаны сонша, одан басқа сөз сөйлемеу керек шығар деп ойладым».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Жаратушы Қиямет күні жеті адамға назарын да салмайды, күнәларын да кешпейді: зина жасаушы екеу, қолымен зина жасаушы, жануармен зина жасаушы, әйелінің артынан қатынас жасаушы, бір әйелге және оның қызына үйленуші, көршісінің жұбайымен зина жасаушы, көршісіне ол лағынет айтқанша азар беруші».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алла жолында өлтірілгеннен өзге шәйіттердің түрлері жетеу: іш аурудан қайтыс болған – шәйіт, суға батып өлуші – шәйіт, көкірек ауруынан қайтыс болған – шәйіт, обадан өлген – шәйіт, оттан өлген – шәйіт, бір нәрсенің астында қалып өлген – шәйіт, босану үстінде қайтыс болған әйел – шәйіт».
****
Ибн Аббас (р.а.) былай деген екен: «Ақылды пенде жеті нәрсенің орнына жеті нәрсені таңдауы керек. Байлықтың орнына кедейлікті, атақ-абыройдың орнына қарапайымдылық-ты, такаппарлықтың орнына кішіпейілділікті, тоқтықтың орнына аштықты, шаттықтың орнына мұңды, жоғарылықтың орнына төмендікті, өмірдің орнына өлімді таңдауы керек».
****
ِﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ
Сегіздік бап
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Сегіз нәрсе сегіз нәрседен тоймайды: көз көруден, жер жаңбырдан, әйел еркектен, ғалым білімнен, сұраушы сұрақ қоюдан, ашкөз дүние жинаудан, теңіз судан, от отыннан тоймайды».
****
Әбубәкір (р.а.) былай деген екен: «Сегіз нәрсе сегіз нәрсенің әшекейі. Кедейліктің әшекейі тілемсектіктен бойын тарту, нығметтің әшекейі шүкірлік ету, бәлекеттің әшекейі оған сабыр ету, білімнің әшекейі салмақтылық, шәкірттің әшекейі өзін төмен ұстау, Алладан қорқудың әшекейі көп жылау, басқаға жақсылық жасаудың әшекейі міндетсінбеу, намаздың әшекейі қорқынышпен оқу».
****
Омар (р.а.) былай деген екен: «Кім көпсөзділікті тастаса хикметке ие болады. Кім көп қарауды тастаса жүрегінде Алладан қорқыныш пайда болады. Кім көп тамақ ішуді тастаса ғибадаттың ләззатын сезеді. Кім көп күлуді тастаса айбатқа ие болады. Кім көп мазақ-әзілді тастаса көркемдікке ие болады. Кім дүниені жақсы көруді тастаса ақыретті жақсы көретін болады. Кім өзгенің айыбын іздеуін тоқтатса өзінің айыптарын дұрыстай алады. Кім Алланың тұлғалық сипаттары туралы көп қазбалауын доғарса екіжүзділіктен таза болады».
****
Осман (р.а.) былай деген екен: «Алланы танушылардың (арифтердің) белгілері сегіз: жүрегі бір қауіп, бір үмітте; тілі тек Алланы мадақтауда; екі көзі ұят пен жылауда; бар ықылас тәрк ету мен разылыққа (яғни, дүниені тәрк ету мен Раббысының разылығына) ауған».
****
Әли (р.а.) былай деген: «Қорқу болмаған намазда қайыр жоқ. Бос сөзден тыйылмаған оразадан қайыр жоқ. Құранды мағынасына зер салмай оқудан қайыр жоқ.. Тақуалық болмаған білімнен қайыр жоқ. Жомарттық болмаған байлықтан қайыр жоқ. Сақталмаған туыс-бауырлықтан қайыр жоқ. Тұрлаусыз нығметтен қайыр жоқ. Ықылассыз жасалған дұғадан қайыр жоқ».
****
ﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ
Тоғыздық бап
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Алла Тағала Тәуратта Мұса ибн Имран пайғамбарға былай уахи етіпті: қателіктердің негізі үшеу: такаппарлық, қызғаныш, ашкөздік. Олардан алты нәрсе бөлініп
Жоғары
шығып, барлығы тоғыз болды. Алтауы: тойып тамақ ішу, ұйқы, ретсіз демалыс, мал-мүлікті жақсы көру, мақтау-мадақты жақсы көру, басшылықты жақсы көру».
****
Әбубәкір Сыддық былай деген екен: «Аллаға құлшылық қылушылар үш түрге бөлінеді. Біріншілері Алладан қорқып құлшылық етеді. Екіншілері рахымынан үміт етіп ғибадат қылады. Үшіншілері Аллаға деген махаббатпен ғибадат етеді. Біріншілерінің үш сипаты бар: өзін-өзі төмен санайды, жақсылығын аз деп есептейді, жамандықтарын көп деп ойлайды. Екіншілерінің де үш белгісі бар: әрбір жағдайларында адамдарға үлгі болады, дүниеде малмен жомарттық жасауда адамдардың бәрінің алдында болады, халайықтың ішіндегі Алла Тағала туралы ең жақсы ойлайтыны болады. Үшіншінің де үш сипаты бар: Алланың разылығы үшін ештеңеге мән бермей, өзінің ең жақсы көретін нәрсесін садақаға береді, Алланың разылығынан соң өзін-өзі қатты сынайды, барлық істерінде, жақсылыққа бұйыруы мен жамандықтан тыюында өзінің Иесімен бірге болады».
****
Омар (р.а.) былай деген екен: «Шайтанның ұрпағы тоғыз: Зәлитун, Уәсин, Лақус, Ағуан, Һәффаф, Мурра, Мусаууит, Дәсим, Уәләһән. Зәлитун базарларда туын тігіп, сонда жүреді. Уәсин – кесапаттардың басшысы. Ағуан билік жақта жүреді. Һәффаф – арақ-шараптың иесі. Мурра – музыкалық аспаптардың басшысы. Лақус – отқа табынушылардың басшысы. Мусаууит болса адамдардың ауыздарынан шыққан негізсіз жалған әңгіме-лердің басшысы. Дәсим үйлерде жүреді. Егер үй иесі үйіне кіргенде Алланың есімін айтпай, үйдегілерге сәлем бермей кірсе, олардың арасында жанжал тудырып, бір-бірлерімен араздастырады. Ал Уәләһән болса дәрет алушы мен намаз оқушыны, ғибадат жасаушыларды азғырып, олардың ғибадаттарына күмән туғызуға тырысады».
****
Осман (р.а.) былай деген: «Кімде-кім бес уақыт намазды уақытында оқып, қалдырмай жүрсе Алла Тағала оған тоғыз түрлі қасиет береді. Олар: Алла Тағала оны жақсы көреді, денесі сау болады, оны періштелер қорғайды, үйіне құт- береке орнайды, жүзінде салиқалылық сипат – нұр болады, Алла Тағала жүрегін жұмсартады, Қиямет күні қылкөпірден жарқ еткен найзағайдың жылдамдығындай тез өтеді, тозақтан аман болады, Алла Тағала оны қорқыныш пен қасыретке ұшырамайтын пенделерінің арасына қосады».
****
Жоғары
Әли (р.а.) былай дейді: «Жылаудың үш түрі бар: Алланың азабынан қорқып жылау, Алланың ашу-ызасынан қорқып жылау, Раббысымен байланысының үзілуінен қорқып жылау. Біріншісі күнәлардың жуылуына себеп болады. Екіншісі айып-кемшіліктерді тазартады. Үшіншісі Раббысының разылығымен уәлилікке жеткізеді. Ал күнәлардың жуылуы ол күнәлардың жазаларынан құтқарады. Айып-кемшіліктердің тазартылуының жемісі – Нағим жәннаттары мен биік дәрежелер. Уәлиліктің жемісі – ақыретте Раббысын көруді нәсіп ету, періштелердің зиярат етуі мен дәрежесінің артуы туралы Алла Тағаланың сүйіншісі».
****
ﺑ ْﺴــﻢ ٱd اﻟﺮ ْﺣ ٰﻤ ِﻦ اﻟﺮ ِﺣﻴـﻢ
Ондық бап
Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Сендер мисуакты қолданыңдар, онда он түрлі пайда бар: ауызды тазартады; Раббыны разы етеді; шайтанды ашуландырады; Рахман мен қорғаушы періштелер жақсы көреді; қызыл иекті қатайтады; сілекейді тоқтатады; ауыздың иісін жақсартады; запыранды сөндіреді, көздің көруін жақсар-тады, ауыздың сасық исін кетіреді және бұл – менің сүннетімнен».
Сосын Пайғамбар (с.а.с.): «Аузын мисуакпен тазалап оқыған намаз мисуаксыз оқыған жетпіс намаздан артық»,–– деген.
****
Әбубәкір (р.а.) былай деген: «Алла Тағала қай пендесіне он түрлі сипатты берсе ол пенде түрлі апаттар мен қауіп- қатерлерден аман болады, Раббысына жақындардың қатарына қосылады, тақуалардың дәрежесіне жетеді. Ол сипаттардың біріншісі – қанағатшыл жүрекпен дәйім шындықты сөйлеу; екіншісі – дәйім шүкірлікпен бірге кемел сабырлылық; үшінші – дәйім кедейлікпен бірге тұрақты тақуалық; төртіншісі – аш қарынмен бірге дәйім ойлылық; бесіншісі – Раббысынан қорқынышпен бірге дәйім мұңлылық; алтыншысы – бағынышты денемен бірге (ғибадатта) дәйім ыждағаттылық; жетіншісі – туыстық қатынасты үзбеумен бірге жұмсақ мінез; сегізіншісі – ұяттылықпен бірге дәйім (Аллаға) сүйіспеншілік; тоғызыншысы – пайдалы біліммен бірге дәйім саналалық; оныншысы – айнымас ақыл мен дәйім иман».
****
Омар (р.а.) былай деген: «Он нәрсе он нәрсесіз дұрыс болмайды. Тақуалықсыз ақыл дұрыс болмайды, білімсіз бола тұра артықпын деу дұрыс болмайды, Құдайдан қорқусыз жәннатқа жетуге болмайды, әділдіксіз билік дұрыс
оғары
болмайды, әдепсіз тектілік дұрыс болмайды, амандықсыз қуаныш дұрыс емес, жомарттықсыз байлық дұрыс болмайды, қанағатсыз кедейлік дұрыс емес, кішіпейілділіксіз жоғары дәреже дұрыс емес, Алладан тауфиқ болмай жиһад дұрыс болмайды».
****
Осман (р.а.) былай деген екен: «Он нәрсе жоғалған нәрселер: ешкім ештеңе сұрамаған ғалым, амалға асырылмаған білім, қабыл алынбаған дұрыс пікір, қолданылмаған қару, намаз оқылмаған мешіт, оқылмай тұрған Құран, қайырлылыққа жұмсалмаған мал, мінілмеген сәйгүлік, дүниені қалаушының ішіндегі тақуалық туралы ілім, ақыретіне қам жасалмаған ұзақ өмір».
****
Әли (р.а.) былай деген: «Мирастың жақсысы білім, кәсіптің жақсысы әдеп, жол азықтың жақсысы тақуалық, тауардың жақсысы ғибадат, жолбасшының жақсысы ізгі амал, жолдастың жақсысы көркем мінез, уәзірдің жақсысы даналық, байлықтың жақсысы қанағат, жәрдемшінің жақсысы тауфиқ, тәрбиешінің жақсысы өлім».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай депті: «Үмметімде он түрлі адам кәпірлер, олар бірақ өздерін мұсылманбыз деп ойлайды. Олар: жазықсыз жанды өлтіруші, сиқыршы, өзінің жұбайын еш қызғанбайтын дәйіс, зекет бермеуші, арақ ішуші, қажылық парыз бола тұра оны орындамаған адам, іріткі салушы, дұшпандарға қару сатушы, әйелдің артынан жыныстық қатынас жасаушы, жақын туыстарына үйленуші. Кім осы істерді халал деп ойласа күпірлікке кіреді».
****
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Пенде жерде болсын, аспанда болсын туыстық қатынастарды сақтамайынша мүмін болмайды. Мұсылман болмайынша туыстық қатынастарын сақтай алмайды. Қашан басқа адамдар оның қолы мен тілінен сау болмайынша мұсылман бола алмайды. Қашан білімді болмайынша мұсылман бола алмайды. Білгеніне амал жасамайынша білімді болмайды. Тақуа болмайынша білгеніне амал жасай алмайды. Харамдардан сақтанбайынша тақуа бола алмайды. Кішіпейіл болмайынша сақтанғыш бола алмайды. Қашан өзін-өзі танымайынша кішіпейіл бола алмайды. Сөзі түзелмейінше өзін-өзі танымайды».
****
Яхия ибн Мұғаз ар-Рази деген ғұлама бір дүниеқұмар фақиһты көріп былай депті: «Ей, білім мен сүннетке ие болушы! Сарайларың Цезарьдың сарайындай, үйлерің Хосраудікіндей, тұратын жерің Қарун байдікіндей, дарбазаларың Толон патшанікіндей, киімдерің Жалұт патшанікіндей, мазһабтарың шайтани, жоғалтқан нәрселерің дию-перінікіндей, биліктерің перғауындікіндей, қазылық-төреліктерің парақор, жемқорлардікіндей, өлімдерің жәһили. Ал, сонда мұхаммади сипаттарың қайда?». Сосын ол былай депті:
Ей, Раббысына мінәжат етуші әр уақта Талапкердің шын отаны жәннатта.
Жылдан жылға шегересің тәубені, Көп жасауға кепілдігің бар ма еді? Оразамен өткізсең егер күніңді, Намазбенен өткізсең егер түніңді, Азайтсаң солай ішіп-жеміңді, Сонда ғана күшейтерсің сенімді. Раббыңнан жетер сонда керемет,
Разылығына жетсең, басқа не керек?
****
Бағзы хакімдер былай деген екен: «Алла Тағала он адамның он түрлі қасиетін ұнатпайды: байлардың сараңдығын, кедейлердің кердеңдігін, ғалымдардың ашкөздіктерін, әйелдердің ұятсыздарын, қарттардың дүниеге құмарлықтарын, жастардың жалқаулықтарын, әміршінің қысастығын, жиһадқа шыққандардың қорқақтығын, тақуалардың өзіне-өзі таң қалуларын, ғибадатшылардың ғибадаттарын басқаларға көрсету үшін орындауларын».
****
Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Есендікте болудың он түрлі шарты бар. Оның бесеуі осы дүниеде, тағы бесеуі ақыретте. Дүниедегілері: білімділік, ғибадат, адал ас, қиындыққа сабыр ету, нығметке шүкір ету. Ал, ақыреттегі бесеуі: жан алғыш періштенің рахымды әрі жұмсақ түрде келуі, қабірде Мункар мен Нәкирдің қорқытпауы, Қиямет күнінің қорқынышынан аман болу, жамандықтарының өшіріліп, жақсылықтарының қабыл болуы, Қыл көпірден жарқ еткен найзағайдай тез өтіп, амандықпен жәннатқа кіруі».
****
Әбу Фадл деген ғалым былай депті: «Алла Тағала Өзінің Кітабын он түрлі есіммен атады. Олар: Құран, Фурқан, Кітап, Тәнзил, Һудә, Нұр, Рахым, Шифа, Рух, Зикр. Құран, Фурқан және Кітап бұлар мәшһүр есімдері. Ал Һудә (Тура жол көрсетуші), Нұр, Рахмет, Шифа, Рух, Зікір төмендегі аяттарда келді. Алла Тағала былай деді: «Әй, адамдар! Сендерге Раббыларың тарапынан бір үгіт, жүректегілерге шипа, сенушілер үшін тура жол және рахым (түрінде Құран) келді» (Жүніс, 57); «Расында, сендерге Алладан бір нұр және ашық бір кітап келді» (Мәида, 15); «Саған осылайша бір рух уахи еттік» (Шура, 52); «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп зікірді түсірдік» (Нахл, 44).
****
Лұқман ұлына былай деп өсиет етіпті: «Ей, ұлым! Даналық, хикмет дегеніміз он түрлі істі істеумен келеді. Олар: өлі жүрегіңді тірілтуің; міскінмен бірге отыруың; ұлықтардың мәжілістерінен аулақтау; төмен адамды жоғарылатуың; құлдарды азат етуің; ғаріпке пана болуың; пақырды байытуың; даңқтының даңқын, мырзаның мырзалығын арттыра білуің. Хикмет мал-дүниеден артық. Ол – қауіптен сақтаушың, соғыстағы құралың, базардағы тауарың. Бәлеге душар болғанда шапағатшың, өз нәпсіңе сенімің қалмаған кездегі көшбасшың, киімің болмаған кезде шапаның».
****
Кейбір хакімдер былай дейді: «Ақылды пенде тәубе жасағанда он түрлі нәрсені жасауы тиіс: тілмен истиғфар ету, жүрекпен өкіну, денемен тоқтату, ендігәрі істемеуге нық шешім, ақыретті жақсы көру, дүниені ұнатпау, аз сөйлеу, білім мен ғибадатқа бас қою үшін ішу мен жеуді азайту, аз ұйықтау». Алла Тағала былай деген: «Олар түнде аз ұйықтаушы еді, таңсәріде жарылқану тіленуші еді». (Зәрият, 17,18).
****
Әнес ибн Мәлік былай деді: «Күн сайын жер адамға былай дейді екен: «Ей, Адам баласы! Менің үстімде тіршілік жасап жатырсың, бірақ барар орның менің ішім. Менің үстімде күнә жасайсың, ал оның сазайын ішімде татасың. Үстімде қарқылдап күлесің, ішіме кірсең жылайсың. Үстімде қатты қуаныштысың, ішімде қатты қайғыда боласың. Менің үстімде мал жинайсың, ол үшін ішімде өкінетін боласың. Үстімде харам жеп жүрсің, ал сені менің ішімде құрт- құмырсқа жейді. Менің үстімде кердеңдеп жүресің, менің ішіме түскенде сорлы боласың. Менің үстімде шат-шадыман жүресің, ішімде қатты қасіретте боласың. Үстімде жарық жерде жүрсің, астыма түссең тас түнекте боласың. Үстімде көппен бірге жүрсің, астыма түскенде жападан жалғыз боласың». Жоғары
****
Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Кімнің күлкісі көбейсе, ол он түрлі жазамен жазаланады: жүрегі өледі; жүзінен ар-ұяты кетеді; шайтан оны кекетеді; Рахман оған ашуланады; Қиямет күні оның ісі талқыға түседі; сол күні Расулалла одан бет бұрады; періштелер оған лағынет айтады; аспан мен жердің тұрғындары оны ұнатпайды; ол барлық нәрсені ұмытады; Қиямет күні масқара болады».
****
Хасан Басри былай депті: «Бірде мен Басра қаласының көшесімен бір тақуа жігітпен бірге келе жатыр едім алдымыздан дәрі сатып отырған кісі көрінді. Оның жан- жағында ерлер мен әйелдер жиналып қалыпты. Әрқайсысының қолында бір-бір құты, өздеріне керекті дәрілерді сұрап, құтыларға құйып алып жатыр екен. Қасымдағы жігіт сол дәрігерге жақындап барып: «Ей, дәрігер! Сенде күнәларды кетіріп, жүректерді тазартатын дәрі бар ма?» – деп сұрады. Сонда дәрігер: «Бері кел! Менен он түрлі нәрсе ал. Кедейлік ағашының суы мен кішіпейілділік ағашының суын ал. Оларды тәубенің ем суымен араластыр. Раббыңның разылығының диірменіне сал. Қанағаттың сүргісімен жон. Тақуалықтың қазанында қайнат. Оған ұяттың суынан қос. Мұны махаббат отымен қайнат. Сосын оны шүкірлік құтысына құй. Үміт желімен салқындат. Әлхамдының (Аллаға мадақ) қасығымен іш. Егер сен осы айтқанымды істесең осы дүниенің де, ақыреттің де барлық дерттерінен аман боласың», – деді.
****
Бұрынғылардан қалған сөз: «Ертеде бір патша бес ғұлама- хакимді алдына шақырып, олардың әрқайсысынан бір хикмет сөз айтуды бұйырыпты. Сонда әрқайсысы екі хикметтен айтып, барлығы он хикмет болған екен. Бірінішісі тұрып былай депті: «Жаратушыдан қорқу амандыққа жеткізеді, ал одан қорықпау күпірлікке апарады. Жаратылғаннан қорықпау азаттықты білдіреді, ал одан қорқу – құлдық». Екіншісі былай депті: «Алладан үмітін үзбеу кедейлікке ұшырамайтын байлық, ал Одан күдер үзу мол байлықтың пайдасы болмайтын кедейлік». Үшіншісі:
«Жүректің бай болуына қалтаның бос болуы зиян етпейді. Жүректің кедейлігіне қалтаның толық болуы пайда бермейді», – деді. Төртіншісі: «Жүректің байлығы жомарттығымен артады. Қалта толық болып, жүрек пақыр болса пақырлық арта береді», – деді. Бесіншісі: «Жақсы нәрседен аз ғана мөлшер алу көп жамандықты тастағаннан жақсы. Жамандықтың барлығын тастау жақсылықтан аз істегеннен жақсы», – деді.
****
Жоғары
Ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Үмметімнен он түрлі адам тәубе етпесе жәннатқа кірмейді. Олар: қаллағ, жәйуф, қаттәт, дәббуб, дәййус, артаба иесі, кубаһ иесі, утул, зәним, ата-анасын ренжітуші». Сонда адамдар: «Қаллағ деген кім, Расулалла?» – деп сұрайды. Сонда ол:
«Әміршілердің алдында жүруші (жағымпаз)», – деді.
«Жәйуф деген кім?» – деп сұрағанда: «Ол қабірді қазушы», – деді. «Қаттат деген кім?» деген сұраққа: «Өсекші», – деп жауап берді. «Дәббуб деген кім?» – дегенде: «Үйіне жезөкшелерді жинаушы», – деді. «Дәййус деген кім?» – деген сұраққа: «Өзінің әйелін қызғанбайтын адам (дәйіс)» , –деп жауап береді. «Артаба иесі деген кім?» – деп сұрағанда: «Барабан соғушы», – дейді. «Кубаһ иесі деген кім?» – дегенде: «Танбур тартушы», – деп жауап береді.
«Утул дегеніміз кім?» дегенде сұраққа: «Қателікті еш кешірмейтін, кешірімді қабыл алмайтын адам», – деп жауап береді. «Зәним деген кім?» – дегенде: «Зинадан туған, жолдың шетіне отырып алып, өткен адамдарды ғайбаттаушы», – деп түсіндіреді.
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Алла Тағала он адамның намазын қабыл етпейді. Олар: намазды жалғыз қырағатсыз оқушы, зекет бермеуші, бір қауымға олардың разылығынсыз имам болушы, қашып кеткен құл, арақ ішуші, күйеуі разы болмаған әйел, орамалсыз намаз оқушы әйел, риба жеуші өсімқор, залым әмірші, намазы бұзықтық пен теріс істерден тыймаған адам. Бұлар намаз оқығанмен Аллаға еш жақындамайды».
****
Расулалла (с.а.с.) былай дейді: «Мешітке кірген адам он түрлі істі істеуі керек. Аяқ киімін шешу, оң аяғымен кіру, кіргенде «Бисмилләһ, уа сәләмун алә Расулилләһ уа алә мәләикәтилләһ. Аллаһуммафтах ләнә әбуәбә рахматикә иннәкә әнтәл-уаһһаб»» деп кіру, мешіттігілерге сәлем беру, ешкім болмаса «Әссәләму аләйнә уа ъалә ибадиһис-салихин» деу, «Әшһәду әл-лә иләһә илаллаһ уа әшһәду әннә Мухаммадар-расулаллаһ» деп айту, намаз оқушының алдынан өтпеу, дүние ісін істемеу, дүние сөзін сөйлемеу, екі рәкәғат намаз оқу, дәретссіз кірмеу, тұрғанда, мешіттен шығарда
«Субханакаллаһумма уа бихамдика әшһәду әл лә иләһә иллә әнтә, уа астағфирука уа әтубу иләйк» деп айту».
****
Әбу Һурәйра (р.а.) риуаят еткен хадисте Расулалла (с.а.с.) былай деген: «Намаз діннің тірегі, онда он түрлі пайда бар: жүздің шырайлы болуы, жүректің нұры, дененің сергектігі, қабірде жолдас, рахымға ие болу, аспанның кілті, таразының салмақты болуы, Раббының разылығы, жәннаттың бағасы, тозақтан қалқан, кім
Жоғары
оны тура ұстаса, діні тура болады, ал кім оны тастаса, дінін қиратқан болады».
****
Айшадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Егер Алла Тағала жәннаттықтарды жәннатқа кіргізуді қаласа, оларға қолдарында сый мен жәннат киімі бар періштелерді жібереді. Олар жәннатқа кірмек болғанда періште оларға: «Тұра тұрыңдар, менде әлемдердің Раббысының сыйы бар», – дейді. Олар: «Ол қандай сый?» – деп сұрасады. Сонда періште: «Ол – он түрлі жүзік, біріншісінде: «Сендерге сәлем! Хош келдіңдер! Оған мәңгі қалатын түрде кіріңдер» (Зүмәр, 73) деп жазылған. Екіншісінде:
«Сендерге енді еш қайғы-қасырет те, уайым-мұң да жоқ» деп жазылған. Үшіншісінде: «Істеген амалдарыңа қарай мұрагерлері болған жәннаттарың сол» (Ағраф,
43) деп жазылған. Төртіншісінде: «Сендерге көркем шапандар мен әшекейлер кигіздік» деп жазылған. Бесіншісінде «Оларды ботакөз хор қыздарымен үйлендіреміз» (Дұхан, 54) және «Шындығында, бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті мол сыйға бөледім» (Мүминун, 111) деп жазылған. Алтыншысында: «Бұл сендердің жасаған ғибадаттарыңның бүгінгі сыйы» деп жазылған. Жетіншісінде: «Сендер жастарға айналдыңдар. Енді ешқашан да қартаймайсыңдар» деп жазылған. Сегізіншісінде: «Амандық-есендікте боласыңдар. Енді сендерге еш қауіп жоқ» деп жазылған. Тоғызыншысында: «Сендердің жәннаттағы жолдастарың пайғамбарлар, шыншылдар, шәйіттер және ізгі жандар» деп жазылған. Оныншысында:
«Ардақты Аршының Иесі Рахманның қасында тұрасыңдар» деп жазылған. Сонан соң періште:
«Жәннатқа амандықпен кіріңдер» (Хижр, 46), – дейді. Ал олар: «Барлық мадақ бізден қайғыны жойған Аллаға лайық. Шындығында, Раббымыз Аса Жарылқаушы әрі Алғыс Білдіруші» (Фатыр, 34) және «Бізге берген уәдесін шынға шығарған және бізді жәннаттың жеріне мұрагер еткен Аллаға барлық мадақ лайық. Жәннаттан қалағанымызша орын аламыз. Амал етушілердің сыйлығы қандай көркем» (Зүмәр, 74), – дейді.
Алла Тағала тозақтықтарды тозаққа кіргізуді қалағанда оларға бір періштені жібереді. Оның қолында он түрлі жүзік болады. Біріншісінде былай жазылған:
«Оған кіріңдер, онда мәңгілік өлмейсіңдер де, тірі де болмайсыңдар, одан ешқашан шыға алмайсыңдар» деп жазылған. Екіншісінде: «Азапқа тереңірек кіріңдер, сендерге енді еш рахат жоқ» делінеді. Үшіншісінде:
«Бұлар Менің рахымымнан күдер үзді» деп жазылған. Төртіншісінде: «Мәңгілік уайым-қайғыға, қайғы- қасіретке батыңдар» деп жазылған. Бесіншісінде:
«Тозақтағы сендердің киімдерің от, тамақтарың
заққұм ағашы, сусындарың ыстық тер, төсеніштерің
Жоғары
мен жамылғыларың от-жалын» делінеді. Алтыншысында: «Бұл сендердің жасаған күнәларыңның жазалары» деп жазылған. Жетіншісінде: «Тозақта сендерге мәңгілік қаһарым болсын» деп жазылған. Сегізіншісінде: «Сендерге лағынет болсын! Үлкен күнәларды қасақана жасап, тәубеге келмедіңдер, тіпті өкінбедіңдер де» деп жазылған. Тоғызыншысында:
«Тозақтағы мәңгі сыңарларың –– шайтандар» деп жазылған. Оныншысында: «Шайтанға еріп, тек дүниені қаладыңдар, ақыретті ұмыттыңдар. Міне, жазаларың!» деп жазылған».
****
Хакімдердің біреуі былай депті: «Он нәрсені он нәрседен іздеп едім, басқа он нәрседен таптым. Абыройды тәкаппарлықтан іздеп едім, кішіпейілділіктен таптым. Нағыз ғибадатты тек намаздан іздеп едім, ол сақтықта (тақуалық) екен. Рахатты дүние жинаудан іздеп едім, керісінше, дүниені тәрк етуден таптым. Жүректің нұрын күнделікті жария оқылатын күндізгі намаздардан іздеп едім, оны түнгі оңаша оқылатын намаздан таптым. Қияметтің нұрын жомарттық пен сақилықтан іздеп едім, оны шөлдеу мен аш жүруден таптым. Қыл көпірден аман өтуді құрбан шалудан іздеп едім, оны садақадан таптым. Тозақтан құтылуды мубах істерден іздеп едім, шәһуаттарды тәрк етуден таптым. Алла Тағаланың сүйіспеншілігін дүниені жинаудан іздеп едім, оны зікір етуден таптым. Аман- саулықты көпшілікпен бірге жүруден іздеп едім, оны оңашалықтан таптым. Жүректің нұр-сәулесін уағыз бен Құран оқудан іздеп едім, оны терең ойлану мен жылаудан таптым».
****
Ибн Аббас (р.а.) «Раббысы Ибраһимді сынағанда ол бәрін толық орындады» (Бақара,124) деген аят туралы былай деген екен: «Басқа байланысты бес түрлі сүннет, денеге байланысты бес түрлі сүннет бар. Басқа байланыстылары мисуак, мадмада (ауыз шаю), мұрын сіңбіру, мұртты басу, шашты алу. Денеге байланыстылары қолтықтың түктерін тазалау, тырнақтарды алу, шапты тазарту, сүндетке отыру, истинжә (асты дәрет алу)».
****
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Кім Пайғамбарға (с.а.с.) бір салауат айтса, Алла Тағала оған он рет салауат айтады. Пайғамбарды (с.а.с.) бір рет сөккенді Алла Тағала он рет сөгеді. Оған дәлел ретінде Пайғамбарды (с.а.с.) бір рет сөккені үшін Уәлид ибн Муғира туралы айтқан Алла Тағаланың аяттарына қара. Онда он сөгіс бар. «Әрбір көп ант ішкіш ынжықтарға бой ұсынба. Өте айыптағыш, өсек тасығышқа. Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәһарға. Қыңыр, сондай-ақ, зинадан туған тексізге. Тіпті малы мен баласы (көп) болса да. Оған
Жоғары
аяттарымызды оқылғанда: «Бұрынғылардың ертегілері»
– деді» (Қалам сүресі, 10-15). Яғни, Құранға сенбеді.
****
Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті: «Өйткені сендердің жүректерің он түрлі істеріңмен өліп қалған:
Алланы біліп, Оның хақтарын өтемедіңдер. Алланың Кітабын оқып, оған амал етпедіңдер.
Ібілісті жау тұттық дегендеіңмен онымен сыбайлас болдыңдар.
Расулалланы (с.а.с.) жақсы көреміз дедіңдер, бірақ оның сүннетін тастап қойдыңдар.
Жәннатқа құлшынамыз дедіңдер, бірақ ол үшін амал етпедіңдер.
Тозақтан қорқамыз дедіңдер, алайда күнәлардан тыйылмадыңдар.
Өлімнің хақ екенін білдіңдер, бірақоған дайындалмадыңдар. Басқалардың кемшіліктерін айтып, өз кемшіліктеріңе көз жұма қарадыңдар.
Алланың ризық-несібесінен дәм татсаңдар да оған шүкірлік етпедіңдер.
Өлгендеріңді көміп, бірақ одан ешбір ғибрат алмадыңдар».
****
Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген: «Арафа күніне қараған түні қандай да бір Алланың құлы не күңі мына он сөзді мың рет қайталап, Алладан сұраса, күнәны тоқтатып, туыстық байланысын үзбеген болса оның сұраған нәрсесі беріледі.
Сүбханаллаһилләзи фис-сәмәи аршуһу Сүбханаллаһилләзи фил-арди мүлкуһу уа қудратуһу Сүбханаллаһилләзи фил-бирри сәбилуһу Сүбханаллаһилләзи фил-һәуә рухуһу Сүбханаллаһилләзи финнари султануһу Сүбханаллаһилләзи фил-архами илмуһу Сүбханаллаһилләзи фил-қубури қадауһу Сүбханаллаһилләзи рафаъас-сәмәә билә амад Сүбханаллаһилләзи уадаъал-ард
Сүбханаллаһилләзи лә мәлжәә уа лә мәнжәә минһу иллә иләйһи».
****
Ибн Аббастан (р.а.) риуаят етілген хадис: Расулалла (с.а.с.) бірде Алланың лағынеті болғыр Ібілістен: Жоғары
үмметімнен дос тұтқандарың қанша?» – деп сұрады. Сонда Ібіліс: «Олар он: қиянатшыл залым билеуші, тәкаппар пенде, малды қандай жолмен тапқаны мен қайда жұмсауына мән бермейтін бай, залым патшаның сөзін мақұлдаған ғалым, алаяқ саудагер, халықты өзіне кіріптар еткен саудагер, зина жасаушы, риба жеуші, малын қалай жинағанын білмейтін сараң бай, арақ ішуші маскүнем». Сосын Пайғамбарымыз (с.а.с.) одан: «Ал үмметімнен кімдерді қас тұттың?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Олар жиырма: ең біріншісі сенсің, ей Мұхаммед, мен сені жек көремін. Сосын біліміне амал етуші ғалым, Құранды жаттап, оған амал етуші, бес уақыт намазға азан айтушы, кедейлер мен міскіндерді, жетімдерді жақсы көретіндер, жүрегі мейірімді адамдар, ақиқат үшін кішілік көрсетушілер, Аллаға ғибадатпен өсіп келе жатқан жас, асын тек адалдан жеуші, Алла жолында бір-бірін жақсы көрушілер, намазын жамағатпен оқушылар, адамдар ұйықтап жатқанда намаз оқушы, харамнан бойын аулақ ұстаушы, таза жүрекпен насихат айтушы, әрдайым дәретпен жүруші, сақи жомарт, көркем мінезділер, Алланың уәделерін растаушылар, жесірлерге қайыр істеушілер, өлімге дайындалушылар», – деп жауап береді.
****
Уаһб ибн Мунаббиһ былай деген екен: «Тәуратта былай жазылыпты: «Кім дүниеде ақыретіне азық дайындаса, онда Қиямет күні Алланың азабынан аман болады. Кім қызғаншақтықтан аулақ болса, Қиямет күні халайықтың алдында мақтаулы болады. Кім билік-құмарлықты тастаса, Қиямет күні Мәлик Жаббардың алдында абыройлы болып тұрады. Кім осы дүниеде көп сөйлеуін қойса, ақыретте ізгілермен бірге болады. Кім осы дүниеде даулескерлігін қойса, Қиямет күні озушылардан болады. Кім осы дүниеде сараңдықтан сақтанса, ақыретте халайықтың алдында беделді болады. Кім осы дүниеде көп рахаттан бас тартса, Қиямет күні шат-шадыман халде болады. Кім осы дүниеде харамды тастаса, Қиямет күні пайғамбарлармен бірге болады. Кім осы дүниеде көзін харамға қараудан тыйса, Қиямет күні Алла Тағала оны жәннатпен сүйіншілейді. Кім осы дүниеде Алла жолында байлықтан бас тартып, кедейлікті таңдаса Қиямет Күні Алла Тағала оған әулиелер мен пайғамбарлардың жанынан орын береді. Кім осы дүниеде адамдардың мұқтаждықтарын өтесе, Алла Тағала оның дүние және ақыреттегі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Кім өзінің қабірінде жалғызсырамауды ойласа, қараңғы түнде тұрып, намаз оқысын. Кім Рахманның Аршысының көлеңкесінде болғысы келсе осы дүниеде зәһид (тақуа) болсын. Кім өзінің амал есебі жеңіл болғанын қаласа, өзіне және бауырларына насихат айтып жүрсін. Кім жәннатта періштелердің өзіне келіп тұруын қаласа, харамдардан, күмәнді нәрселерден сақтансын. Кім жәннат жазирасын мекен еткісі келсе, Алланы күні-түні зікір етсін. Кім амалының талқыға түспей, жәннатқа тура кіруді қаласа, Аллаға шынайы тәубе жасасын. Кім бай болғысы келсе, Алланың бұйыртқанына разылық танытсын. Кім Жоғары
жақсы танығысы келсе, Одан қатты қорқатын болсын. Кім хакім болғысы келсе, білім іздесін. Кім адамдардың жаманаттарынан аман-сау болуын қаласа, олар туралы тек жақсы сөз айтсын, неден жаратылдым, не үшін жаратылдым деп өзіне-өзі есеп берсін. Кім екі дүниенің абыройын қаласа, дүниесін ақыретіне айырбастасын. Кім нығметі таусылмайтын Фирдаус, Нағим жәннаттарында болуды қаласа, ғұмырын тек дүние қызықтарына арнамасын. Кім дүниеде де, ақыретте де жәннатты қаласа, сақи жомарт болсын. Өйткені сақи жомарт жәннатқа жақын, тозақтан алыс болады. Кім жүрегінің нұрлануын қаласа, Алланың жаратылысы туралы ойға шомып, ғибрат алсын. Кім өзінің тәнінің сабырлы болуын, тілінің зікірде болуын, жүрегінің дәйім қорқынышта болуын қаласа, мүміндер мен мұсылмандар үшін сансыз истиғфар айтсын».