Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Кім ертемен тұрғанда тіршіліктің тарлығына арызданып тұрса, онысы Раббысының тағдырына арызданумен тең. Дүние үшін өкініп тұрған Аллаға ашуланып тұрғанмен тең. Кімде- кім бір байға оның байлығы үшін жағымпазданса, дінінің үштен бірі кетеді».
****
Әбубәкір Сыддық (р.а.) былай деген: «Үш нәрсеге үш нәрсемен жетуге болмайды. Байлықққа арманмен, жастық шаққа боянумен, мықты денсаулыққа дәрі-дәрмекпен».
****
Омар (р.а.) былай деген: «Адамдармен жақсы мәміле жасай алу – ақылдың жартысы, жақсы сұрақ қоя білу – білімнің жартысы, істі жақсы басқара алу – тіршілік етудің жартысы».
****
Осман (р.а) былай деген: «Кімде-кім дүниені тастаса, Алла оны жақсы көреді, кімде-кім күнәларды тастаса, оны періштелер жақсы көреді, кімде-кім мұсылмандардың мал- мүлкіне сұқтануды қойса, оны мұсылмандар жақсы көреді».
****
Әли (р.а.) былай депті: «Дүние нығметін сұрасаң Исламнан артық нығмет жоқ, шұғылданатын іс сұрасаң тағат- ғибадаттан артық амал жоқ, ал, ғибрат боларлық нәрсе сұрасаң өлімнен артық ғибрат жоқ».
****
Абдолла ибн Масғұд былай деген: «Біреулер нығмет- байлықпен мас, біреулер жалған мақтау-дәріптеумен мас, ал енді біреулер күнәларын ешкім білмегеніне мәз».
****
Дәуіт пайғамбар (а.с.) былай деген: «Зәбур кітабында мынадай нақыл бар: «Ақылды пенде үш нәрсемен айналыссын: ақыретіне азық дайындасын, осы дүниенің тіршілігін қылсын, рахат-ләззатқа адал жолмен жетсін»».
****
Әбу Һурайраның (р.а.) риуаятында Пайғамбар (с.а.с.) былай деген екен: «Пендені құтқаратын үш нәрсе, қирататын үш нәрсе, дәрежесін көтеретін үш нәрсе, күнәларын жуатын үш нәрсе бар. Құтқаратын үш нәрсе:
Оңашада да, жарияда да Алладан қорқу; Кедейлікте де, байлықта да жақсы ниетте болу; Разылықта да, ашуда да әділ болу.
Ал үш қирататын нәрсе:
Қатты сараңдық; Созылмалы әуейілік; Өзіне-өзі таң қалу.
Дәрежені көтеретін үш нәрсе:
Сәлемдесу;
Адамдарды тамаққа шақыру;
Жұрт ұйықтап жатқанда намаз оқу.
Күнәні жуатын үш нәрсе:
Суық түндерде дәрет алу; Жамағат намаздарына бару;
Намаздан соң келесі намазды күту».
****
Жебірейіл періште (а.с.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) былай депті: «Ей, Мұхаммед! Қалағаныңша өмір сүр, бірақ түбінде сен о дүниеліксің. Қалағаныңды сүй, бірақ түбінде сен одан ажырайсың. Қалаған іс-әрекетіңді істе, бәрінің де жазасы бар».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Қиямет күні ешқандай көлеңке жоқ, адамдар шақырайған күннің астында тұрғанда Алла Тағала тек үш адамға Өзінің Аршысының астында көлеңке береді. Олар:
Мәкруһ істері үшін дәрет алушы; Жоғары
Қараңғы уақыттарда (құптан,таң намаздарында) мешітке барушы;
Аш қалған адамды тамақтандырушы».
****
Ибраһим пайғамбардан (а.с.) Алла Тағала қандай қасиетің үшін сені дос тұтты деп сұрағанда ол: «Үш қасиетім арқылы:
Алланың ісін барлық істерден жоғары қойғаным; Алла Тағала жүктеген нәрселерге ден қойғаным;
Түскі асымды да, кешкі асымды да тек қонақпен бірге ішкенім арқылы», – деген екен.
****
Даналар былай депті: «Қайғы-мұңнан үш нәрсемен арылуға болады: Алланы зікір етумен, Алланың уәлилерімен кездесумен, даналардың сөздерімен».
****
Хасан Басри былай депті: «Әдебі жоқтың білімі жоқ, сабыры жоқтың діні жоқ, тақуалығы жоқтың мейірімі жоқ».
****
Бәни Исраилда бір жігіт білім іздеп шығыпты. Оның бұл ісі сол кездегі пайғамбарға жетіп, ол әлгі жігітке былай деп хат жазыпты: «Ей, жігітім! Мен саған үш қасиет туралы насихат айтамын. Оларда бұрынғылардың да, соңғылардың да ілімі бар:
Оңашада да, жарияда да Алладан қорық;
Жұртқа тіліңді тигізбе, олар туралы тек жақсы сөйле; Алдыңдағы асыңның адал жолмен келуіне мұқият бол».
Осыдан кейін әлгі жігіт білім іздеуге шықпаған екен.
****
Бәни Исраилда сексен сандық кітап жинап, бірақ сол ілімнен пайда алмаған бір кісі болыпты. Сонда Алла Тағала сол замандағы пайғамбарға былай уахи етіпті: «Әлгі кітап жинаушыға айт! Қанша көп жинасаң да мына үш нәрсені істемей білімің еш пайда бермейді:
Дүниені сүйме, ол мүміннің мекені емес; Шайтанмен дос болма, ол мүміннің досы емес; Ешкімге зарар берме, ол мүміннің ісі емес».
****
Әбу Сүлеймен Дарани мінәжаттарында былай дейді екен:
«Ия, Иләһім! Менен күнәларым туралы сұрасаң, мен Сенен кешірімің туралы сұраймын. Менің сараңдығым туралы сұрасаң, мен Сенің жомарттығың туралы сұраймын. Ал тозағыңа кіргізсең, мен тозақтағыларға Сені жақсы көретінім туралы айтамын
****
Жоғары
Бұрынғылардан қалған нақыл сөз: «Адамдардың ең бақыттысы – жүрегі таза, денесі сабырлы, қолындағы барға қанағат етушісі».
****
Ибраһим Нахағи былай депті: «Сендерден бұрынғылар үш нәрсемен сәтсіздікке ұшырады: көп сөйлеу, көп тамақ ішу, көп ұйықтау».
****
Яхия ибн Муғаз ар-Рази былай деген: «Дүниені өзін тастамай тұрып тастаған, өлмей тұрып ізгі амал жасаған, Раббысына кездеспей тұрып Оның разылығына жеткен адам сау болсын».
****
Әли (р.а.) былай депті: «Алланың жолын, Пайғамбарының жолын, әулиелерінің жолын ұстамаған пенде барлық нәрседен мақұрым қалады». Одан Алланың жолы туралы сұрағанда: «Сырды жасыра білу», – депті. Ал Пайғамбарының жолы туралы сұрағанда: «Адамдармен жақсы қарым- қатынаста болу», – депті. Әулиелерінің жолы туралы сұрағанда: «Адамдардың жәбірлеуіне шыдау», – деген екен.
****
Бізден бұрынғылар үш нәрсені өсиет етіп қалдырыпты:
– Кімде-кім ақыретіне амал істесе, Алла Тағала оның дінін де, дүниесін де өз кепілдігіне алады.
– Ішкі дүниесін жақсартқанның Алла Тағала сыртқы (жария) дүниесін де жақсартады.
– Алла Тағала Өзімен арадағы байланысын түзеткен пенденің адамдармен байланысын да дұрыстайды.
****
Әли (р.а.) былай деген екен: «Алла Тағала алдында адамдардың жақсысы бол, нәпсі үшін адамдардың жаманы бол, адамдар үшін адамдардың біреуі бол».
****
Алла Тағала Ұзайыр пайғамбарға былай уахи етіпті: «Ей, Ұзайыр! Бір кішкене күнә жасап қойсаң, сен оның мардымсыздығына қарама, кімнің алдында кінәлі екеніңді ойла. Егер аздаған жақсылыққа қол жеткізсең, оның аздығын ойлама, оны кім бергенін ойла. Егер бір бәлеге тап болсаң, ол үшін Мен туралы бүкіл халыққа арызданба. Өйткені, Маған жамандықтарың туралы хабар жеткенде сен туралы періштелеріме арызданбаймын ғой». Жоғары
****
Хатим әл-Асам былай деген екен: «Құдайдың құтты күні маған шайтан келіп: «Бүгін не жейді екенсің? Не киеді екенсің? Қайда тұрар екенсің?» – деп азғырады. Ал мен оған:
«Ішер асым – өлім. Киер киімім – кебін. Тұратын орным – қабір» деп жауап беремін».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай дейді: «Кім күнәнің қараңғылығынан шығып, бойсұну, құлшылық жолына түссе, Алла оны мал-мүліксіз де байытады, себепсіз де қолдайды, туыс-таныссыз да абыройын арттырады».
****
Бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларына (р.а.) шығып: – Қалай тұрдыңдар? – деп сұрапты. Сонда олар (р.а.): – Аллаға мүмін болып тұрдық, – деп жауап беріпті. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): – Имандарыңның белгісі қандай? – деп сұрапты. Сахабалар (р.а.): – Бәле-жалаға сабыр, жағдайға шүкірлік, тағдыр-қазаға разылық білдіреміз, – депті. Сонда Расулалла (с.а.с.): – Қағбаның Иесімен ант етейін, сендер нағыз мүмінсіңдер, – деген екен.
****
Алла Тағала пайғамбарларының біріне мынадай уахи түсіріпті: «Кімде-кім Маған Мені сүйген кейіпте жолықса, оны жәннатыма кіргіземін. Кімде-кім Маған қорқулы күйде жолықса, оны тозағымнан алыстатамын. Кімде-кім Маған ұялған түрде жолықса, жазушы періштелерге оның күнәларын ұмыттырамын».
****
Абдолла ибн Масғұд былай деген: «Алланың парыз еткен нәрселерін орында, сонда адамдардың ең құлшылығы көбі боласың. Алланың харам еткен нәрселерінен тыйыл, сонда адамдардың ең тақуасы боласың. Алланың берген несібесіне қанағат қыл, сонда ең бай адам боласың».
****
Салих әл-Марқади бір ескі жұрттың үстіне өтіп бара жатып:
«Сенің алғашқы елің қайда? Сені тұрғызған құрылысшыларың қайда? Сенің кейінгі тұрғындарың қайда?» – деп сұрапты. Сонда: «Олардың іздері жоғалды, денелері топырақтың астында шіріп кетті, олардан бар қалған нәрсе ― мойындарындағы амалдары», – деген дауыс естілген екен.
****
Әли (р.а.) былай деген екен: «Кімнен үстем болсаң, сен оның әміршісісің, кімге кіріптар болсаң, сен оның тұтқынысың, кімге тәуелді болмасаң, сен оның теңдесісің».
****
Яхия ибн Муғаз былай депті: «Дүниенің барлығын тәрк ету бәрін алумен тең. Кім оны бүтіндей тастаса, бүтіндей иелік еткен болады. Кім оны бүтіндей алса, одан бүтіндей айрылған болады.Оған қол жеткізу – оны тәрк етуде, одан айрылу – оны алуда».
****
Ибраһим әл-Әдһәмге: «Тақуалыққа (зуһдке) қалай жеттің?» – деп сұрағанда ол: «Үш нәрсемен: қабірге қарасам, қараңғы екен, онда жалғыз болады екенмін, ақырет жолы алыс екен, ал менде жол азық жоқ екен, Жаббар Ие қазылық қылады екен, ал пенде Оның алдында ешқандай айғақ келтіре алмайды екен».
****
Арифтердің (Алланы танушылардың) ұлысы Шибили өзінің мінәжаттарында былай дейді екен: «Ия, Иләһім! Өзіңе пақырлығым мен дәрменсіздігіме қарамастан Өзіңе барлық жақсылықтарымды ұсынуды жақсы көремін. Ия, Ием! Маған мұқтаж еместігің сияқты жамандықтарымды өзіме қалдыруды қалайша ұнатпайсың?».
****
Шибилидің басқа сөздері: «Аллаға жақын болғың келсе нәпсіңнен аулақта», «Раббыңа деген сүйіспеншіліктің тәттілігін сезінсең, одан айрылудың ащы дәмін де сезер едің».
****
Суфиян әс-Сәуриге Аллаға сүйіспеншілік қалай болатындығы туралы сұрақ қойылғанда ол: «Әдемі жүздерден, сыңғырлаған дауыстардан, шешен сөздерден алыстау арқылы болады», – деген екен.
****
Ибн Аббас былай деген екен: «Зуһд (тақуалық) сөзі үш әріптен тұрады: зай: «зәд лил маъад» – о дүниеге жол азық, һа: «һудән лид-дин» – дініңе жолбасшы, дәл: «тәркуд-дүниә»
– дүниені тәрк ету».
****
Басқа жерде былай деген екен: «Зуһд (тақуалық) үш әріптен құралған: зай: «тәркуз-зинә» – әшекей-зейнетті тастау, һа:
«тәркул-һауа» – әуейілік, нәпсіқұмарлықты тастау, дәл:
«тәркуд-дүниә» – дүниені тәрк ету».
****
Хамид әл-Ләффафқа бір кісі келіп, одан өсиет-кеңес айтуын сұрапты. Сонда Хамид: «Дініңе кітаптың сыртындай мұқаба жаса», – депті. Әлгі кісі: «Ол қалай?» – деп сұрағанда Хамид:
«Тек зәру нәрселерді ғана сөйлеу, дүниеден тек зәру нәрселерді ғана алу, адамдармен тек зәру қарым- қатынастарда ғана араласу. Ал зуһд-тақуалықтың түп негізі үшеу – үлкен-кіші екендігіне қарамай харам нәрселерден аулақтау, жеңіл-қиындығына қарамай парыздарды орындау, аз-көптігіне қарамай дүниені өзінің тұрғындарына қалдыру», – деген екен.
****
Лұқман Хакім өзінің ұлына былай өсиет етіпті: «Ей, ұлым! Адам баласы үш бөліктен тұрады: үштен бірі Алланікі, үштен бірі өзінікі, үштен бірі құрт-құмырсқанікі. Алланікі болғаны – рухы.Өзінікі болғаны – амалы. Ал құрт- құмырсқаға болғаны – денесі».
****
Әли (р.а.) былай депті: «Үш нәрсе есте сақтау қабілетін жақсартып, сілекейді тоқтатады: мисуак, ораза, Құран оқу».
****
Кәғб әл-Ахбар (р.а.) былай депті: «Мүміннің үш қорғаны бар: мешіт, Алланы зікір ету, Құран оқу».
****
Бағзы даналар былай деген екен: «Алла Тағала үш нәрсені тек сүйген құлына береді: кедейлік, ауру, сабыр».
****
Адамдар Ибн Аббастан күндердің, айлардың және амалдардың ең хайырлылары туралы сұрағанда ол:
«Күндердің қайырлысы – жұма, айлардың қайырлысы – рамазан, амалдардың қайырлысы – уақытында өтелген парыз намаз», – деген екен.
****
Ибн Аббастың аталмыш жауабын адамдардан естіген Әли (р.а.): «Бұл сұрақтар Батыс пен Шығыстың ғұламалары мен даналарына, фақиһтарына қойылса да нақ Ибн Аббастың
Жоғары
жауабындай жауап бере алмас еді. Солай болса да бұған менің қосарым: амалдардың қайырлысы – Алла қабыл еткені, айлардың қайырлысы – Аллаға қайтып, шынайы тәубе жасаған айың, ал күндердің қайырлысы – дүниеден аман-сау мүмін ретінде шығып, Алла Тағалаға қайтатын күнің», – деген екен.
**** Бір шайыр мынадай бәйіт айтыпты:
Кезегімен күн мен түн қысқартуда аз ғұмырын пенденің Әуейілікті қой, бауырым, ақылдан қазір кенде кім?
Дүниеге салма көңілді, алданба қызыл-жасылға, Отан болмас ол мүмінге, айналар түбі жасынға. Өлместен бұрын амал қыл, құтқар қара басыңды, Сенбе дос пен жақынға, бірі де қалмас қасыңда.
****
Бұрынғыдан қалған нақыл сөз: «Алла бір пендесіне хайыр қаласа, оның дін туралы түсінігін арттырады, дүниеде тақуа етеді, өзінің күнәларын көрсетеді».
****
Расулалла (с.а.с.) былай дейді:
«Сендердің дүниелеріңнен маған үш нәрсе сүйкімді болды: хош иісті сулар, әйелдер, әсіресе намаз көзімнің қарасындай болды».
Сол кезде Пайғамбардың (с.а.с.) жанында сахабалар отыр еді. Әбубәкір (р.а.) тұрып: «Рас айтасың, Расулалла! Маған да дүниеден үш нәрсе сүйікті көрінді: Расулалланың жүзіне қарау, Расулалланың жолында малымды жұмсауым, қызымның Расулалламен бірге болуы», – деді.
Одан соң Омар тұрып: «Рас айтасың, Әбубәкір! Маған да дүниеде үш нәрсе сүйкімді көрінді: ізгілікке бұйыру, жамандықтан тыю, көнетоз киім», – деді.
Одан соң Осман (р.а.) тұрып: «Рас айтасың, Омар! Маған да бұл дүниеде үш іс сүйкімді көрінді: аш қалғандарға тамақ беру, жалаңаштарды киіндіру, Құран оқу», – деді.
Одан кейін Әли (р.а.) тұрып: «Рас айтасың, Осман! Маған да бұл дүниеден үш нәрсе сүйкімді көрінді: қонаққа қызмет көрсету, ыстық жазда ораза ұстау, Алла жолында қылышпен соғысу», – деді.
Бұлар осылай отырғанда Жебірейіл періште (а.с.) келіп былай дейді: «Алла Тәбәрәкә уа Тағала мына сұхбаттарыңды естіп мені сендерге жіберді. Менен осы дүние өкілі болсам не істер едің деп сұрауларыңды бұйырды».
Сонда олар: «Иә, Жебірейіл, сен осы дүниеде пенде болсаң не істер едің?» – деп сұрайды.
Сонда Жебірейіл (а.с.): «Үш іспен айналысқан болар едім: адасушыларды тура жолға салу, мейірім-шапағаттан күдер үзген өзге жұрттықтарға мейірімділік көрсету, жағдайы қиын көп балалы жанұяларға жәрдемдесу», – деген екен.
Сосын Жебірейіл (а.с.) былай дейді:
«Ұлы даңқтың Иесі Алла Тағала пенделерінен үш қасиетті жақсы көреді: шамасы келгенше Аллаға көп бойсұну, күнәсі үшін өкініп жылау, таршылыққа сабыр ету».
****
Даналардан қалған сөз: «Алланы танудың жемісі үшеу: Алла Тағаладан ұялу, Алла жолында сүю, Алламен бірге болуды қалау».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай деді: «Алланы танудың негізі – сүйіспеншілік, айқын сенімнің белгісі – ақылдылық, негізі – тақуалық пен Алланың тағдырына разылық».
****
Суфиян ибн Уяйна былай дейді: «Кім Алланы жақсы көрсе, оны Алла жақсы көргендер жақсы көреді. Алла жақсы көргендер жақсы көрсе, ол да тиісінше, олардың Алла жолында жақсы көрген нәрселерін жақсы көреді. Алла жолында жақсы көрген нәрселерді жақсы көруші өзі туралы адамдардың білмегенін қалайды».
****
Пайғамбар (с.а.с.) былай депті: «(Аллаға, Пайғамбарға деген)
Махаббаттың шынайылығы үш нәрседе көрінеді:
– сүйіктісінің сөзін басқаның сөзінен жоғары қою;
– сүйіктісімен бірге болуды басқалармен бірге болудан артық көру;
– сүйіктісінің разылығын басқалардың разылығынан жоғары қою».
****
Уаһб ибн Мунаббиһ әл-Йәмәни былай деген екен: «Тәуратта мынадай сөз бар: сараң дүниені билесе де нағыз пақыр, Аллаға бойсұнушы құл болса да дәрежесі биік, қанағатшыл аш болса да бай».
****
Кейбір даналардан қалған мынадай сөз бар: «Алланы таныған пенде үшін жұртпен араласу қызық емес. Кім дүниені таныса, ол үшін дүниеге құмарту болмас. Кім Алла Тағаланың әділдігіне нық сенсе, оның алдына даугерлер бармас».
****
Зун-Нун әл-Мисри былай депті: «Әрбір қорқушы қашады, әрбір сүюші іздейді, ал әрбір Алламен бірге қалуды (зікір, ғибадатты) қалаушы өз нәпсісіне жат болар».
****
Зун-Нунның басқа сөздері: «Алланы танушы тұтқындай болар, жүрегі көрер болар, Алла үшін амалы ерен болар»,
«Алланы танушы опалы болар, жүрегі зерек, амалы кіршіксіз болар».
****
Әбу Сүлеймен Дарани былай депті: «Дүние мен ақыреттегі бүкіл ізгіліктің түп негізі – Алладан қорқу. Дүниенің кілті – тою. Ақыреттің кілті – аш болу».
****
Даналардан қалған нақыл сөз: «Ғибадат бір кәсіпке ұқсайды: ісханасы – оңаша болу, қаржылық қоры – тақуалық, соңғы пайдасы – жәннат».
****
Мәлик ибн Динар былай деген: «Нағыз мүміндерден болуың үшін үш нәрсені үш нәрсемен қайтар: тәкаппарлықты кішіпейілділікпен, сараңдықты қанағатпен, қызғанышты насихатпен».