Құрастырушылар түсініктемесі

Алаштан шыққан алғашқы

депутаттар

 

                      

 

Əлихан Бөкейхан

Мұхамеджан Тынышбайұлы

Ахмет Бірімжан

 

 

                            

 

Сəлімгерей Жантөре

Алпысбай Қалмең

Дəуіт Ноян Тұндыт

 

 

 

 

и

 

ұ

 

А

 

Шəймерден Қосшығұлұлы

 

                                                                      

Қ

 

Бақытжан Қаратайұлы                                                                Молда Тайынұлы

 

Құрастырушылар түсініктемесі

фотосуретттердің ретімен Алаштан шыққан алғашқы депутаттардың өмірбаян деректерін аз ғана келтіре отырып, Ресейдің 1-ші және –ші мемлекеттік думаларының жұмыс істеген тұстағы елдегі саяси ахуал туралы қысқаша шолу жасауға тырыстық.

 

  1. Әлихан Бөкейхан-1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Алаш қозғалысының жетекшісі, ғалым, қоғам жəне мемлекет қайраткері. Қазақ халқының рухани көсемі, Алаш партиясының жəне Алаш Орда үкіметінің төрағасы. I-ші Думаға Семей облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі. Алдымен, Қарқаралыдағы  Зариф  молда  медресесін, оны місе тұтпай қаладағы 3 сыныпты бастауыш мектепке ауы- сады. 1889 ж. сол қаладағы қазақ балаларына арналған мектепті, 1890 ж. Омбыдағы техникалық училищені бітіреді. 1890-1894 ж. Санкт-Петербургтегі императорлық Орман институтының зко- номика факультетін аяқтайды. 1901 жылы Императорлық Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі болып сайланады. 1905 жылы қазақ даласында алғаш рет саяси талаптар жасап, 14,5 мың адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушысы болды.
  2. Мұхаметжан Тынышбайұлы— 1879 жылы бұрынғы Жетісу облысының Лепсі уезіне қарасты Мақаншы-Садыр болысындағы Жыланды тауының етегінде туған. Қоғам қайраткері, қазақтың тұңғыш теміржол инженері, тарихшы ғалым,Қоқан автономиясының басшысы, Алаш Орда үкіметінің мүшесі. II-ші

 

Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан сайланған. 1890 жылы Верный қаласындағы ерлер гимназиясына түсіп, оны алтын ме- дальмен бітірген. Санкт-Петербургтегі I Александр атындағы Жол қатынасының инженерлерін даярлайтын институтқа түскен.1905 жылы осы қаладағы Автономияшылар Одағының I-ші Құрылтайына қатысып, «Қазақтар Һəм азаттық қозғалысы» деген тақырыпта баяндама жасаған.

  1. Ахмет Бірімжан-1871 туған. Алаш Орда үкіметінің мүшесі, қоғам қайраткері, Шақшақ Жəнібек батырдың ұрпағы, ағартушы- демократ Ыбырай Алтынсариннің туысы. Екі кластық учили- щені, 1891 ж. Орынбордағы ерлер гимназиясын күміс медальмен, 1899 Қазан университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. I-ші жəне II-ші Мемлекеттік Думаларына Торғай облы- сы қазақтарының атынан сайланған.Орынбор, Ақтөбе уездерінде сот қызметкері, бітімгер судья болып қызмет істеген. 1906 жылы 2 шілде күнгі Дума отырысында қазақтар арасынан бірінші болып мінберден сөйлеген адам.
  2. Сəлімгерей Жантөре-1864 туған, I-ші Мемлекеттік Думаға Уфа губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, жоғары білімді, Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетін жəне Москва университетінің фи- зика-математика факультетінде оқыған. Губерниялық земствоның бастығы қызметін атқарған. Өзі Башқұрт жерінен депутат болып сайланса да, туған халқының мұң-мұқтажын қорғауға үлес қосты. Қазақ халқының болашақта орыстанып кетуінен қауіптенген адам.
  3. Алпысбай Қалмең— 1860 жылы туған, I Мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, Орынбор гимназиясын бітіргеннен соң жоғары білім алған, Ішкі Орданы басқару кеңесінің мүшесі болған. Халқының білім алып, отырықшы болу істері оны үнемі толғандырған. Ана тілінде мек- тептер ашылуын қолдаған.
  4. Дəуіт Ноян Тұндыт1860 жылы туған, I Мемлекеттік Думаға Астрахань губерниясынан сайланған. Кадет партиясының мүшесі, ауқатты отбасында туып, патша лицейінен білім алған. Кейін жоғары оқу орнын бітірген. Мемлекеттік Дума мүшелерінің тізімінде жер иеленуші деп көрсетілген.
  5. Темірғали Нұрекенұлы-1858 жылы туған, II-ші Мемле- кеттік Думаға Семей облысынан сайланған. Бастауыш білімі бар,

 

ауқатты отбасынан шыққан.Осы облыстағы Сəйтен əкімшілігінің болысы болған. Думаның мұсылмандар фракциясына енген. Өзі де көкірек көзі ояу, қажылық парызын өтеген, діни сауатты адам екен.

  1. Тілеулі Аллабергенұлы-1856 жылы туған,II-ші Мемлекет- тік Думаға Сырдария облысынан сайланған.Бастауыш білімді, бай адам болған. Думаның мұсылмандар фракциясының мүшелігіне өткен.
  2. Шəймерден Қосшығұлұлы – 1869 жылы туған, I-ші жəне II-ші Мемлекеттік Думаларға Ақмола облысынан сайланған.Ауыл молдасынан білім алған. Дума мүшелерінің тізімінде ауқатты, бай адам деп көрсетілген.Орыс тілін білмейтіндігі себепті II-ші Думаның ресми тізіміне кіргізілмеген.Мұсылман фракциясында болған. Ел ішінде беделді кісі болып, өз қаражатына мектеп ашқан. Халықты қанаушылықтан, езгіден құтқарудың жолын іздеп, түрлі шараларға барған.
  3. Бақытжан Қаратайұлы — 1860 жылы Жайық өңірінің Қаратөбе ауданындағы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Әбілқайыр ханның шөбересі. Ол Орынбор гимназиясын бітір- геннен кейін, Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. 1890 жылы оны ІІ дəрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Алған мамандығы бойынша Петербургте, Кутаисиде жəне Орынборда бірнеше жыл тергеуші болып істейді. 1897 жылы туған жеріне қайта оралып, Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 жылы ІІ Мемлекеттік Думаға Орал облысынан де- путат болып қатысып, жер-су мəселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. 1907-1916 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» жур- налын шығаруға көмектеседі. 1918 жылы облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. Сол жылы наурызда əскери үкімет бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін (ішінде Қаратаев та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда Чапа- ев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облревкомының құрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 жылы 24 шілдеде Қаратаев Қазақ əскери ревкомының мүшелігіне тағайындалды. 1920 жылы 4-12 қазанда Орынборда өткен  Кеңестердің  Бүкілқазақстандық І съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АССР-інің еңбекшілері құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға

 

қатысқан. Қазақ АССР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің ІІ Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.

1934 жылы 74 жасында дүниеден өтті.

  1. Бақтыкерей Құлман— 1857 жылы туған, Әбілхайыр ханның ұрпағы, қазақ сұлтаны, қоғам қайраткері. Императорлық Санкт-Петербург Университетінің Шығыс тілдері факультетінде толық оқу курсын өтті, Астрахань губернаторының қарамағындағы Қамыш-Самар қисымының əкімі болған. I-ші жəне II-ші Мемле- кеттік Думаға Астрахан губерниясындағы Ішкі Орда қазақтарынан сайланған. Депутаттардың тізімінде жоғары білімді, шенеунік деп жазылған. Мұсылмандар фракциясының мүшесі. 1903 жылдың 22 шілдесінде ол Ішкі Қырғыз Ордасын басқару жөніндегі Уақытша Кеңесінің кеңесшісі болып тағайындалды.1916 жылы Астра- хань губерниясынан қуып жіберіледі, себебі, жергілікті халықты (қазақтарды) тыл жұмыстарынан жалтаруға шақырған.1906 жəне 1907 жылдары халық таңдауымен екі мəрте Ресей Империясының Мемлекеттік думасына мүше болып сайланады.1917 жылы сəуір айында Ішкі Қырғыз Ордасының барлық бөлімдер мен округтердің болыстық билеушілер өкілдерінің съезінде Астрахань өлкесі қазақтарының (яғни Бөкей Ордасының) комиссары болып сайла- нады.
  2. Молда Тайынұлы – I-ші Мемлекеттік Думаға Жетісу об- лысынан дəл оның тарайтын қарсаңында сайланған. Сондықтан болса керек, оның есімі ресми тізімге енгізілгеніменен, ол туралы басқа деректер табылмауда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *