Қазақ тіліміздің əлемге танылған күні – Елбасының Қазақ хандығының 550-жылдығына тамаша тарихи сыйлығы бол- ды – Азат Перуашев

Қазақ тіліміздің əлемге танылған күні – Елбасының Қазақ хандығының 550-жылдығына тамаша тарихи сыйлығы бол- ды – Азат Перуашев

07 қазан, 2015 жыл+

 
   

 

Елбасымыздын БҰҰ-да қазақ тілінде сөйлеуі жақсы жалғасын табуда. Бүгін Парламентте «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев қазақ тілінде депутаттық сауал жолдап, Үкіметтен қазақ тілінің жайын сұрады.

 

Депутаттық сауал

ҚР Премьер-Министрі К.Қ.Мəсімовке

 

Құрметті Кәрім Қажымханұлы!

Бүкіл әлемге белгілі болғандай, биылғы жылы 27 қыркүйекте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы- ның Бас Ассамблеясында қазақ тілінде баяндама жасағаны тарихи оқиға ретінде бағаланып жатыр. Қазақ тіліндегі ба- яндама халықаралық алты тілге аударылды. Экономикалық дағдарыс күшейіп, бүкіл дүние дүбірлеп тұрғанда, әлемдік күрделі мәселелерді кесімді де, шешімді түрде түйінін түйіп айту, әлемнің

 

бүкіл мемлекет басшыларына құнарлы қазақ сөзімен құйып айтудың бағасын ешнәрсемен салыстыруға болмас…

Қазақ тілін бүкіл әлем тыңдады! Тәуелсіздігіміздің 24-ші жы- лында Елбасымыз қазақша жасаған баяндаманың себебін:

“Біздің тіліміз дүниежүзіне естілсін, құлақтарына сіңсін деп ойладым. Ары қарай жылжыта береміз. Мен әдейі солай жасадым. Сондықтан мен айтқаннан кейін менен кейінгі біздің басшылар солай сөйлейді деп сенемін!”, – деп түсіндірді.

Иә, қазақ тілін әлемнің 193 президенті тындағаны – ұмытыл- майтын сәт! Тіліміздің әлемге танылған күні Елбасының Қазақ хандығының 550 -жылдығына тамаша тарихи сыйлығыболды деп білеміз!

Ал, енді мемлекеттіліктің символы болып табылатын мем- лекеттік тілдің Конституцияға сай дəрежеде дами беруі үшін тек Елбасымыздың ерекше ерлік еңбегіне ғана қарап, отыра беруге бо- лады ма? Үкімет мүшелері,Парламент депутаттары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам өкілдерінің барлығы мемлекеттік тілде сөйлеген Президентімізден үлгі алуға тиіс.

Сол себептен, Ақ жол фракциясы Мемлекеттік тілдің Конституцияға сай болуы және Тілдер туралы Заңымыз бен Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекет- тік бағдарламасына сәйкес жұмыстарды іске асыру туралы Үкіметтен мерзімаралық есебін беруді сұрайды.

Сонымен қатар, бұған мемлекеттік органдармен бірге сая- си партиялар мен қоғамдық ұйымдар, әр қазақстандық өз үлесін қосуғаміндетті. Әсіресе, БҰҰ-ның Қазақстандық үлгісі аталып жүрген Қазақстан Халқы Ассамблеясы өзін көрсететін кез кел- ді. Осылайша Елбасы бастамасын Қазақстандық Ассамблеямыз жалғастырып, Президентіміз айтқандай, “Мемлекеттік тіл

– ұлт бірлігінің басты факторы” екенін іспен дәлелдейді деген сенімдеміз.

Өз тарапынан, “Ақ жол” партиясы өзінің саяси бағдарламасында да баса назар аударғандай, Мемлекеттік тіліміздің дамуына Ел- басымызбен бірге еліміздің əрбір азаматын жеке үлесін қосуға шақырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *