Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының 2015-2020 жылдарға арналған «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерделеу жəне тара- ту жөніндегі БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама қабылдаудың мақсаты жəне қажеттілігі
Тəуелсіздік жылдарында Қазақстан елеулі табыстарға жетіп, зор мүмкіндіктерге ие болды. Тұрақты нарықтық экономи- ка орнықтырылды, тиімді мемлекеттік институттар құрылды, азаматтық қоғам дамып келеді. Қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп жетіліп, өскелең өмірге қадам басты. Еліміздің экономикалық келбетіне елеулі өзгерістер енгізу үшін шикізат ресурстарын экспорттауға тəуелділікті азайту, отандық өндірістің жəне жоғары технологиялық секторлардың үлесін арттыру мақсатында мемле- кеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Әлеуметтік жаңару саясаты республика азаматтарының əл-ауқатын көтеруге жəне əлеуметтік көңіл күйін жақсартуға бағытталуда. Қазақ халқы рухани құндылықтарын, тілін жəне мəдениетін қалпына келтіріп, дамытуға мүмкіндіктер алды. Бұған ел ішіндегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім оң ықпалын тигізуде. Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасуымыздың, орнықты сыртқы саяси бағытты ұстануымыздың арқасында Қазақстан жаһандық дүниеде лайықты орнын ала бастады. Қазақстан Республикасының Пре- зиденті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында еліміз басшылыққа алатын жаңа саяси бағытын жариялады. Ежелгі ата- бабаларымыз – түркі жұрты қағандарының «Мəңгілік ел» мани- фесінде «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып»; ХХ ғасырдың басындағы Алаш арыстарының Алаш əнұранында «Енді Алашты ешкімнің Қорлығына бермей- міз, Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деп қалдырған
«Мəңгілік ел» идеясы тарихи сабақтастықта қарастырылып, көне мемлекеттілік дəстүрлер жалғастырылып, жаңғыртылып, елдің
болашағына қызмет ететін ұлттық-мемлекеттік идеяның іргетасы- на айнала бастады.
Тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетінің алғашқы сандарының бірінде (1913 жыл) ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының көш- басшысы, Алаш Орда ұлттық үкіметінің төрағасы Ә.Н. Бөкейхан:
«Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел
– қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын біл- мейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді» деп жазса, Алаш көшбасшыларының бірі, ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Бүгінгі қоғам кешегі күннің бауырынан туады» деген екен. Қазақтың қасиетті Ұлытауында Елбасымыз «Тари- хын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» деп Ата тарихқа де- ген салиқалы ұстанымын айтса, оның артынша бастама көтеріп, елімізде 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойлана- тын болып, оған арналған іс-шаралар жоспары Үкіметтің тиісті қаулысымен бекітілді. Мұның өзі тарихшылар жəне басқа да ұлттық тарихты зерттеушілер алдына қазақ мемлекеттілігінің ба- стау көздеріне қайта оралуға, деректерді қайта саралауға шақырып отыр.
Бүгінгі Қазақстан республикасы аталатын мемлекетіміз – ХY ғасырда өмірге келген Қазақ хандығының тарихи жалғасы. Бабаларымыздың ұлы істерін ХХ ғасырда жалғастыруды ниет ет- кен Алаш зиялыларының өз өмірін арнаған асыл армандарының орындалғанының көрінісі. 2017 жылы – «Алаш» ұл-азаттық қозғалысының 100 жылдығы, ал одан бір жыл бұрын, 2016 жылы – сол қозғалыстың көшбасшысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы.
«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының қызметі, оның ұстанған жолы жəне бағдарламасы ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыруда іргелі негіз қалағаны ақиқат. Жұртшылық Алаш идеясы – сол кезеңнің мемлекетшілдік идеясы болғанын, Алаш ұлт-азаттық қозғалысы
– жаңашыл жасампаздықтың, түп негізден ажырамай Еуропалық бағдарда дамудың көшбасшы бағыты ретінде қалыптасқанын байыптап келеді. Алаш ұғымының өзі бұрынғысынша «Тегіміз — Керегеміз – ағаш, ұранымыз — Алаш» деген елдік ұстаным болған кездегідей ұғынылып, қазақ этнонимінің синонимі ретінде ұлттық құндылық болып орныға бастады. ХХ ғасырдың басындағы Ә.Бөкейхан бастаған ұлт қайраткерлерінің Алаш атын партияға
да, үкіметке (ұлт кеңесі) де беруі – тарихқа адалдықтың, сол уақыттағы жəне болашақ бағдарды анықтаудың жолы еді. Кез келген халықтың тарихында гуманизм идеялары əйтеуір бір кезеңде алдыңғы қатарға шығып, ұлттың жаңғыру дəуірін жасайды. Оны Еуропада «Ренессанс» деп атап, ол азаматтық тарихта да, əдебиет, өнер, мəдениет тарихында да арнайы тарау ретінде зерттеудің тұрақты нысанына айналған. Абай дəуірінде «Бас-басына би болған» қазақ, Алаш тұсында бас біріктірді, ой біріктірді, қимыл біріктірді, елді бірлікке шақырды, еркіндікке сендіре алды. Оның негізінде Отанына, халқына, ұрпағына деген ұлы жанашырлық жатты. Алаш зиялыларының гуманизмі – олардың қайраткерлік əрекеттерінің де өзегі. Алаш ұлт-азаттық қозғалысының нағыз ұлттық жаңғыруды туғызған ренессанстық сипатынының тамы- ры да осында. Қазақ əлеміне шоқ жұлдыздай жарқырай шыққан, ұлтының мəңгілігін ойлаған Алаш қайраткерлерінің жүріп өткен жолын, ерлікке баларлық еңбектерін бағалау – бүгінгі ұрпақ үшін, ұлтымыз үшін ең қымбатты құндылық. Сондықтан, Қазақстанның
«АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы осы екі мерейтойды да, та- рихи заманалық аса маңызды оқиға ретінде бағалап, мемлекет- тілік дəстүрдің сабақтастығын одан əрі бекіте түсу үшін, мемле- кеттік деңгейде атап өту қажет деп санайды. Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып, ұлттық тарихымызды ұлықтап, ұлтты əлемге танытуда жəне қазақ елі азаматтарының патриоттық сезім- дерін арттыруда үлкен рөл атқаратын 2015-ші жылдың – сондай- ақ, ұрпақтар эстафетасының сипатын иеленіп, қазақ тарихының кезеңдік белесін бейнелейтін 2016 – «Әлихан Бөкейхан», 2017 —
«Алаш» жылдарының іс-шараларын байыптауға даярлық жылы ретінде есте қалғаны тіпті абзал болар еді.
«Ақ жол» партиясы ұлттық мүдделерімізді əлемдік өркениеттің үздік жетістіктерімен ұштастыру негізінде, қазақ қоғамын еуропалық жолмен жаңғыртуды өзінің мақсаты еткен
«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының ізбасары болып табыла- тынын жариялаған партия. Алаш құндылықтары біздің парти- ямыз үшін басты саяси бағыт болып қызмет етеді. Бұл туралы сайлауалды тұғырнамамызда мəлімделген, бұл бағытты «Ақ жол» парламент қабырғасында да жəне одан тыс жерлерде берік ұстанып жүр жəне бұл жолдан таймайды. «Алаштың» базалық
құндылықтары – ұлттық дербестік, либерализм, демократия, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, өнімді нарықты эко- номика, этностар мен діндердің теңқұқықтылығы: Партияның Саяси бағдарламасында көрсетілген негізгі мақсатын орындауға, яғни əрбір азаматтың еркін дамуына, оның құқықтары жəне бостандықтарының сақталуына, барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының ұдайы көтерілуіне, сондай-ақ қазақстан қоғамы мен мемлекетінің экономикалық, əлеуметтік жəне саяси өрлеуіне жету үшін қажетті жағдайлар жасауға қызмет етуі тиіс.
Біз, Алаш аманатына адалдық танытып, Алаш идеяларының іске асырылуының тəуелсіздігімізді нығайта түсуге қызмет ететі- не қоғамдық пікір туғыза беруіміз керек. Яғни, біз үшін бұл теориялық ғана емес, ең алдымен, қоғамымыздың жаңғыруына, ұлт игілігіне қызмет етуі тиіс практикалық мəселе. Алаш ұлт- азаттық қозғалысының, Алаш қайраткерлерінің мемлекеттің құрылысына, əлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық мəсе- лелерге, демократиялық, ұлттық-мəдени құндылықтарға қатысты көзқарастарының бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де қажеттілігі еш күмəн тудырмайды. Бүгінгі «Мəңгілік ел» мұраты да Алаш жо- лын зерделей түссек, баянды болмақ. Алаштың дүниетанымын өткен шақпен ғана байланыстыру олардың рухтарына жасаған қиянат деп есептеу керек.
Сондықтан да «Ақ жол» демократиялық партиясы «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын зерде- леу жəне көпшілікке, соның ішінде орыстілді аудиторияларға да тарату жəне олардың ХХI ғасырда да, əсіресе қазақстандық қоғамды еуропалық жолмен əлеуметтік, саяси жəне экономикалық жаңғыртуға қажеттілігі жөнінде 2015 жылдан 2020 жылға дейін- гі аралықты қамтыған ортамерзімдік Бағдарлама (әрі қарай Бағдарлама) қабылдайды. Онда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің жұртшылыққа танымал алаштанушы ғалымдарының ойлары мен ұсыныстары ескерілді. Алаш мұрасы
- тым ауқымды мұра. Сондықтан да біз Алаш Орданы, Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш арыстарын лайықты ұлықтау бойын- ша нақты ұсыныстарымызды жария етіп, Алаш қайраткерлерінің ұстанымдары мен көзқарастарын негізінен үш бағытқа бөліп,
оның тұжырымдамалық негіздерін жасай отырып, соған сəйкес бағдарламалық міндеттеріміз бен оны орындаудың тетіктерін бел- гілеуді жөн деп таптық.