Пайғамбарымыз өмірінің соңында нені көбірек аманаттаған?

 

Өмірінің соңғы уақыттарында көп ескерткені – намаз. Ақтық демі шығар сәтте науқас күйінде сүйретіліп келіп намазға тұруы арқылы барша мұсылмандарға үлгі болған. Соңғы сәттерінде «Намазға абай болыңдар! Намазға абай болыңдар! Қол астыңдағыларға әділетсіздік етпеңдер, Аллаһтан қорқыңдар!» (Ибн Мажә, Уасия, 1) дегенін де білеміз.
Тағы бір ерекше тоқталғаны – кісі ақысы. Қызметшілеріңе жегендеріңді жегізіп, кигендеріңді оларға да кигізіңдер, жақсы сөйлесіңдер деп әділдікке мән берген.
Әйелдерге жақсы қарым-қатынас жасау, сырттан келген елшілерді дұрыстап күту де мұсылманның негізгі ұстанымы болуға тиіс екендігін айтқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *