Пайғамбарымыз науқастарды зиярат еткенде нендей мәселелерге мән берген?

 

Аллаһ елшісі (с.а.с.) науқастардың көңілін сұрауды мұсылманның мұсылман алдындағы парыздарының бірі деп білген. Дертке шалдыққан дімкәс жандардың хал-жағдайын сұрамағандардың Аллаһ тағаланың мейірімінен мақұрым қалатынын жеткізген. Үйіне қайта оралғанға дейін науқасты зиярат еткен адам үшін періштелер кешірім тілейтінін айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ересектердің ғана емес, жас балалардың да хал- жағдайын білуді естен шығармаған. Көңілін сұрай барған науқасты оң қолымен сипап отырып: «Күллі дүниенің Раббы – Аллаһ тағалам, құлыңның дертін сейілтіп, оған шипа бер. Шипаны беруші бір ғана Өзіңсің. Сенің шипаңнан басқа шипа жоқ. Бұған ешбір аурудың ізін қалдырмайтын шипа бер », – деп дұға ететін.
Жиені ауырып әл үстінде жатқанда, қызы Зейнеп (р.а.) Пайғамбарымызға (с.а.с.) кісі жібертіп, баласының өлім аузында жатқанын айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) табалдырықтан аттағанда, жас бала алып- ұшып атасының құшағына кіріп кетеді. Мейірім елшісі көз жасына ерік беріп егіле жылайды. Оның жылағанын Сағд ибн Ұбада ерсі көргендей сыңай танытады. Мұны байқап қалған Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұл – мейірімнен туындаған көз жасы. Аллаһ оны қалаған құлына нәсіп етеді. Аллаһ тек мейірімді құлдарына ғана рақым етеді», – деп түсіндірген болатын.
Науқастарға барғанда, олардың көңілін аулауға тырысатын. Сахабалардың бірі ауырып қалғанда: «Уайымдама, иншаллаһ, осы ауруың

арқылы күнәларыңнан тазарасың», – деп жұбататын. Өзге дін өкілдерінің де барып көңілін сұрайтын. Кейде бір науқасқа бірнеше рет кіріп-шығатын. Сағд ибн Муаздың (р.а.) соғыста қолы жараланғанда, жақын жерде тұрып жәрдем беру үшін мешіт ішінен науқасқа арнайы шатыр тіктірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *