Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әр тамақтан кейін дұға жасаған-жасамағаны жайлы қолымызда ешқандай мәлімет жоқ. Бізге мәлім, тамақты Аллаһтың атымен бастап, тамақ үстінде мұның бәрін беруші Аллаһты есіне алып, соңында шүкіршілік етіп мадақ айтатын болған. Ал дұғасы бұлардан тыс орындалатын. Біздің қазір оқып жүрген дастарқан дұғасы, әрине, сол кісіден үйренгеніміз. Бірде біреу ауызашарға шақырып, ас соңынан бата сұрайды. Сонда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оқыған дұғасы: «Асыңды ізгі адамдар ішсін, ораза ұстағандар сендермен бірге ауыз ашсын, періштелер дұға етсін, Аллаһ тағала өздеріңді мақтан етсін» . Тағы бір жерде: «Аллаһ тағалам,
бұлардың үйіне береке бер, кешірім ет, бұларға мейірім таныта гөр », – деген. Енді бірде: « Бізге ішкізіп-жегізген Аллаһқа мадақ », – деп шүкіршілік еткен.
« Ешқандай еңбек талап етпей тойдырған Аллаһқа шүкір » деген тағы бір дұғасы болған.
Бұл жерден шығатын қорытынды, Аллаһ елшісі (с.а.с.)дастарқан басында әрдайым дұға жасамағанымен, әр жолы әртүрлі дұға еткен. Мұсылмандар осындай бата-тілектің қалағанын әр дастарқаннан кейін оқып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.