Иә, Аллаһ расулы уахи періштесі Жәбірейілмен (а.с.) әртүрлі уақыттарда кездескен, бірақ оныАллаһтың жаратқан бейнесінде екі мәрте көрді. Бірінші рет уахи келгенде, екінші мәрте миғражға көтерілгенде.
Алғаш рет уахи алғандағы көрген сәтін былай әңгімелейді: «Жолда кетіп бара жатып көктен бір дауыс естідім. Аспанға көз салғанда Хирадан маған төніп тұрған періштені көрдім. Жер мен көктің арасын алып тұрған тақтың үстінде отыр екен. Тізелерімнен жан кетіп жерге сылқ етіп отыра кеттім. Сосын үйге келіп, мені бүркеп жапшы», – дедім.
Бұл жайлы Құранда:
ق ا ْل ُمبِين
ُفُ
رآهُ بِال
ولَقَ ْد
« Расында ол, оны (Жәбірейілді) ашық көкжиекте көрді» («Тәкуир» сүресі, 81/23) деп айтады. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Жәбірейілді Аллаһтың жаратқан бейнесінде көруі осы бірінші мәрте Хира үңгірінен шыққанда болды. Кейбір риуаяттар бойынша Жәбірейіл періштенің алты жүз қанаты болғандығы айтылады.
Екінші рет Миғраждағы Сидратүл-Мүнтаһада көрген. Бұл жайында Құранда:
ر ِة ا ْل ُم ْنتَهَى
س ْد
عن َد
خرى
نَ ْزلَةا أُ رآهُ
ولَقَ ْد
«Расында, ол Жәбірейілді екінші рет көрді. Сидратүл- Мүнтәһаның жанында» («Нәжім» сүресі, 53/13-14.) , – дейді. «Сидратүл- Мүнтаһа» көпшілік ғалымдардың көзқарасы бойынша аспанның жетінші қабатында. Аллаһтың жаратқан жаратылыстарының барлығы осы жерге дейін хабар ала алады, бұл жерден ары ешкім бара алмайды (Уаһбату Зуһайли, Тафсирул- мунир, «Такасур» сүресінің тәпсірі) . Осылайша Пайғамбарымыз (с.а.с.) Жәбірейіл періштені өз бейнесінде екі мәрте көрді, біреуі жерде, екіншісі көкте. Бұдан басқа кездері Жәбірейіл періштені өз бейнесінде емес, түрлі бейнелермен келгенін көрді. Кейде дауыс болып естіліп, кейде түсінде, кейде жүрегіне хабар салу арқылы жүзеге асатын. Енді бірде Дихиятул-Кәлби секілді кейбір сахабалардың бейнесінде келетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) үшін осы оңай болды, өйткені періштені Аллаһтың жаратқан бейнесінде көру адам баласына ауыр тиеді. Періштелердің жаратылысының өзі бұл дүниедегі жаратылыстарға ұқсамағандықтан, олардың қанаты да дәлме-дәл құстардікіндей деп нақты айта алмаймыз. Періштелер әлемі адам ойы мен қиялынан тыс тұрады. Сол себепті олардың шынайы болмысы Аллаһ тағала мен оларды көрген пайғамбарларға ғана аян.