Аллаһқа сеніп, Пайғамбарымызға (с.а.с.) сенбеген адам мұсылман болып санала ма?

 

Пайғамбарымызға (с.а.с.) сену – Исламның алғы шарттарының бірі әрі иман етудің бір бөлшегі. Кәлимаға тіл келтірмей, хазірет Мұхаммедті (с.а.с.) Аллаһтың құлы әрі елшісі деп танымай мұсылман бола алмаймыз. Құранда
«Ендеше, Аллаһқа, елшісіне және біз түсірген нұрға (Құранға) сеніңдер…» («Тәғабун» сүресі, 8) деп бұйырған. Аллаһ елшісін (с.а.с.) ақиқаттың жаршысы деп білмеген адамның Исламнан алар нәсібі жоқ. Тіпті Аллаһты мойындап, бірақ Мұхаммед пайғамбарды (с.а.с.) мойындамаса, оны мұсылман деп айта алмаймыз, өйткені Құранда «Нағыз мүминдер Аллаһ пен расулына кәміл сенгендер» («Нұр» сүресі, 62) және «Кімде-кім Аллаһ пен расулына сенбесе, Біз оған алдын-ала лаулаған от дайындаймыз» («Фәтх» сүресі, 13) делінген.
Пайғамбарымызға (с.а.с.) шын жүректен сеніп, қалдырған мұрасын ұлы мирасын жүрегімізге сақтап, көркем мінезінен өнеге алып, есімін атап, сансыз салауат пен сәлем жолдап қана қоймай, жанымыздан да артық жақсы көруіміз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *