«Сен олардың арасында болған кезде Аллаһ оларға азап етпейді» деген аятты қалай түсінеміз?

Сен олардың арасында болған кезде Аллаһ оларға азап етпейді» деген аятты қалай түсінеміз?

Адамзат тарихына қарасақ, қаншама қауым ізгілікке үндеуші, жақсылықтың жаршысы – пайғамбарларды көзге ілмей, перғауындай өз нәпсіқұмарлықтарының кесірінен Құдайдың қаһарына ұшырап, жер бетінен жойылғанын көреміз, бірақ Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) үмбеті үшін мұндай жантүршігерлік азап келген жоқ. Асылында, пенденің күліп отырып, біліп отырып жасаған сансыз күнәларының есебіне жете алмайсың. Тіпті

тұтастай бір қауымды жермен-жексен етуге себеп болған күнәларды қазір бір мезетте оп-оңай жасап жатқанын төрт көзіміз түгел көріп отырғаны ащы шындық. Күнәнің балшығына белуардан батсақ та, ешқандай да азапқа ұшырамауымыз соңғы Расулдың (с.а.с.) Аллаһ алдындағы дәрежесінен болар, бәлкім. Сол кездің өзінде де Аллаһ елшісі өзіне зәбір көрсеткендердің жазалануын қаламады. Тайыф оқиғасы соның айқын мысалы. Адамзаттың асыл тәжі дін тарату міндетімен Тайыфқа үлкен үміт арқалап барып еді. Алайда халқы тағдырдың табақтай тартқан тартуының парқын пайымдай алмады. Құтты қонаққа тас атып, қаладан қуып шықты. Қалада болған он күн ішінде бірнеше адаммен арнайы кездесіп сөйлеспек те болды. Тайыф халқы сауық-сайраншыл, рақат өмірге батып, асып-тасқан күпірлікте болатын. Тіпті кейбірі:
– Қайда барсаң онда бар, бірақ біздің елге жолама, – деп дөрекелік көрсетті (Ибн Сағыд, Табақат, 1/211, 212).Онымен де шектелмей Пайғамбарға тас лақтырып, Тайыфтан қуып шықты.
Осы кезде тау періштесі Пайғамбарымызбен (с.а.с.) сәлемдесті де:
– Рұқсат берсең, мына екі тауды Тайыфтың үстіне тастап жіберейін, – деді. Ардақты елші (с.а.с.):
– Жоқ, бұлар қазір ақиқатты түсінбегенімен, күндердің күнінде ұрпақтарының ішінен иман еткендер шығатын болса, онда керек емес, – депжүрек тебіренісін білдірді. Тау періштесі екі жаһан Сардарының (с.а.с.) жауабынан соң:
– Шынымен де, сен Раббымыз айтқандай кешірімді әрі мейірімдісің, – деді (Халаби, Сира, 2/57, 58.). Иә, Пайғамбарымыз (с.а.с.) мейірімділік жасау үшін келді, адамзаттың екі дүниеде де бақытқа жетуін тіледі. Өзі қанша қиналса да қас дұшандары райынан қайтар деп Аллаһтың қаһарын оларға тілемеді.
Пайғамбарымыздың құрметіне Аллаһ бәрін тегіс жойып жіберуді тоқтатты. Иса (а.с.) кезінде « Егер азап ететін болсаң, олар – Сенің құлдарың» («Мәида», 5/118) деп қауымының азапталуын Аллаһтың қалауына қалдырған болатын. Ал Пайғамбарымыздың қадір- қасиетіне көз салсақ, Аллаһ тағала оған: « Сен арасында болған кезде Аллаһ оларға азап етпейді» («Әнфал» сүресі, 33-аят.) – деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.) құрметіне азапталмайтындығын уәде етуде. Сондай-ақ аяттың жалғасында: « Және кешірім сұрап, жалбарынып жатқанда да, Аллаһ оларға азап етпейді», – деп Пайғамбарымыздың (с.а.с.)мұсылмандардыңжүрегінде тұрған кезде Аллаһ оларға азап жібермейтінін білдірді. Мұхаммед (с.а.с.) үмбетінің екі бірдей қалқаны бар. Алғашқысы – Аллаһ елшісінің рухы бізбен бірге болуы. Екіншісі – хақ пен ақиқатқа барынша қызмет етер мұсылмандардың дәйім Аллаһтан кешірім тілеп, истиғфар етуі.
Осыны көңілге медет қылып, қалың бұқара халқымызға азап бермес деп үміттенеміз. Хадис кітаптарына көз жүгіртсек, Рақым Пайғамбарының үмбеті үшін егіліп кешірім тілегенін көреміз. Бұл жалбарынудың ең үлкен көрініс тапқан жері қоштасу қажылығында Арафат пен Мұздалифада орын алды. Екі мүбәрак жерде ерекше ықыласпен көп дұға жасады. Тіпті кісі

ақысы үшін де кешірім тілеп жалба- рынды. Мұны көзі көрген сахабалар Аллаһ елшісінен сөзбе-сөз былай жеткізеді: « Раббымнан үмбетімді жоймауын сұрадым, дұғам қабыл болды ». Алайда артынша « Олардың жойылуы өз араларында жүзеге асады. Күнә істеген уақыттарында үмбетіңді бір-біріне жазалатамын», – деген іле бұйрығы келді. Мен бұл жазаның да алынып тастауын тіледім, бірақ Раббым қалдырды ».
Ежелгі замандарда қауымдар күнә істеп шектен шыққанда көктен от түсіп, не болмаса табиғат апаттары түп-түгел жер бетінен ізім-қайым жоқ қылатын, бірақ Мұсылман үмбеті күнә істегенде Аллаһ тағала бір- біріне жазалатады, өзара алауыздық тудырып, бірімен- бірі жаға жыртысып, бір- бірін көрместей халге жетеді. Күнәдан аулақ болып, Аллаһ пен Елшісінің (с.а.с.) айтқанына амал еткен үмбетте бірлік пен тыныштық әрқашан үстемдік құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *