ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТЕ БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАСКАРУ


ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
1. БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ.
2. САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ.
БІЛІМ САПАСЫ- білім түрлерінің (заңдар, теориялар, қолданбалы,
әдіснамалық, бағалау білімдері) білім мазмұны элементтерімен және меңгеру
деңгейлерінің арақатынасы.
Әрбір-білім оны қолдану тәсілімен потенциалды түрде байланысқандықтан ол
шығармашылық процеске қатсып қандай да бір маңызға ие болғандықтан мұндай
арақатынасты белгілеу қажет.
Білім сапасы адамның білімді меңгеруімен тҥрлі іс-әрекетте қолданудың көп жақты
талдауы нәтижесінде айқындалады және толықтық, тереңдік, жҥйелілік,
шапшандық, икемділік, нақтылық, түйіндеу сипатына ие болады.
Сол сияқты ол түйінделу және өрістелу, сапалылық және беріктігімен сипатталады.
Білімнің барлық сапасы ӛзара байланысты және өзінше дербес, себебі бірін-бірі
алмастырмайды.
БІЛІМ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ (БСБҰЖ)-білім
сапасының білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, жеке тұлғаның,
қоғам мен мемлекет сұранысына сәйкестігін анықтау тәсілдерінің, түрлерінің,
рәсімдері мен институционалдық құрылымдарының жиынтығы.
Мақсаты-отандық білім жүйесімен Қазақстан Республикасы мамандарының бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ететін халықаралық білім кеңістігі мен еңбек нарығында
білім сапасына қол жеткізу.
Негізгі міндеттері:
-барлық деңгейдегі білім сапасын институционалды бағалау;
-барлық білім деңгейінде оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау;
-мұғалімдер мен оқушылардың қызметін бағалау; оқыту және үйрету процесін жетілдіру;
-білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің сапасын жүйелі және салыстырмалы
зерделеу, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;
-мемлекет азаматтарының сапалы білім алуға деген конституциялық құқығын қамтамасыз
етуге қажетті білім беру жүйесінің жағдайы туралы объективті ақпарат алу;
-айқындыққа қол жеткізу үшін қоғамды ақпараттандыру;
-үздіксіз білім беру жүйесінің сатылары арасында бағалау нәтижелерінің сабақтастығын
қамтамасыз ету;
-ұлттық мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын халықаралық стандарттармен
салыстыру үшін халықаралық зерттеу аясында, оқушылардың оқу жетістіктеріне салыстырмалы
мониторинг жасау.
Принциптері:
Объективтік, кәсібилік, жариялылық, айқындық, әділеттілік, кезеңдік, сабақтастық, есеп
берушілік, дамудың үздіксіздігі.
Рәсімдері:
Білім беру қызметін лицензиялау, мамандарды даярлау сапасын мемлекеттік аралық бақылау
(МАБ), мемлекеттік аттестаттау, мемлекеттік аккредитациялау және оқушыларды
мемлекеттік қорытынды аттестаттау. БСБҰЖ аттестаттау, аккредитациялау және сыртқы
бағалаумен білім сапасын тікелей мониторингтік зерттеу арқылы рәсімделеді:
-оқушылардың оқу жетістігі мен олардың тұлғалық сапасынын даму деңгейі;
-сыныптың, топтардың, пән секцияларының, бөлімшелердің, факультеттің, жеке
мамандықтың оқу жетістіктері; ауданның, қаланың, аумақтың білім беру ұйымының және
тұтастай білім беру жүйесін;
-білім беру ұйымының қызметі, сондай-ақ білім беру ұйымдары өткізетін, оқушылардың
білім жетістігін ішкі бағалау (өзін-өзі бағалау).
Оқушылардың оқу жетістігін сыртқы бағалау тестілеудің стандарттық рәсімдері негізінде
жүргізіледі. Барлық деңгейдегі білім сапасын бағалау мен мониторингін енгізу және оны
жүзеге асыру, оларды жүйелі түрде жетілдіру және халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіру,
сондай-ақ аумақтық және мемлекеттік деңгейде білім беру ұйымдарының рейтингін анықтау
БСБҰЖ шеңберінде жүзеге асырылады.
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ7
(СМЖ) – көрсетілетін білім беру қызметінің сапасына қолданылатын білім беру ұйымына
басшылық пен басқару үшін менеджмент жүйесі.
СМЖ өзара іс-әрекет ететін процестер мен рәсімдер, білікті оқытушылар құрамы,
ұйымдастырылған және технологиялық іс шаралар, жоспарлар, құжаттар және т.б.
біріктіретін білім беру ұйымдарының сапалы менеджмент жүйесін білдіреді.
СМЖ өзіне бірнеше арнайы құралдарды, атап айтқанда, білім беру процесіне үнемі
мониторинг (модульді –рейтингілік жүйе), тәуелсіз қорытынды бақылау және студенттердің
білімін бағалау, ППК мен қызметкерлердің сапалы еңбегін тиімді ынталандыру, сыртқы
және ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға талдауды қосады.
Білім беру ұйымдарының СМЖ, әдеттегідей, ISO 9001:2000 халықаралық стандарт
талаптарына сәйкес сертификаттаудан өтеді.
Мұғалімнің жұмыстарын бақылау-тексерудің құрылымы
Мұғалім өзінін кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бірнеше кезендерінен
өтіп, тәжірбесін көпшілікке ұсынар уакытында әрине сол ұстаздың озат
педагогикалық тәжірибесін зерттеу. жинактау және тарату кезеңі басталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *