Мектепте құқықтық білім берудің тиімді

Мектепте құқықтық білім берудің тиімді формалары.
Жоспары:
Ролдік ойындар. Диспуттар. Пікір-талас. Миға шабуыл.
Презентация. Интервью т.б.

Негізгі түсініктер: ойын түрлері, тиімді әдістемелер, білімді жетілдіру жолдары.

Мектепте құқықтық білім беруде қолданылатын әдістемелік нұсқаулар ұсынылады. Олар қарапайым және жиі пайдаланған сайын оңай және қызықты түрде іске асырыла түседі. Ойын сабақтарында мұғалімнің ролі бір шама төмендей түседі, бірақ соның өзінде оқушылардың белсенділіктерін арттыра түседі. Сабақ барысында сынып ішінде оқушылар бір бірін көріп отыру үшін сыныптағы парталарды шеңбер ретінде қою керек.
Эвристикалық әңгіме (дәріс).
Әңгіме мен дәріс оқу сабақтарында негізінен ақпараттық сипатта болғандықтан, адам құқығы сабағын оқытуда ақпарат беру осы формасыз мүмкін емес.
Дәрісті әрине классикалық (дәстүрлі) түрде өткізуге болады. Бірақ дәрісті классикалық тұрғыда ғана емес, эвристикалық (проблемалық) әңгіме түрінде өткізетін болса, оның сапасы жоғары болады.
Эвристикалық әңгіме барысында оқушы алған ақпаратты тек қабылдайғана қоймай, сонымен қоса өзіне белгісіз білімді (ақпаратты) ала отырып, өзіне белгілі бір қорытындылар жасайды. Эвристикалық әңгіменің негізгі орнында проблемалық ситуацияларды құру және олардың шешімін табу болады. Арнайы әдістер арқылы (проблемалық немесе ақпараттық сұрақтар қою арқылы, болжамдау арқылы) оқытушы оқушыларды бірлесіп ойлануға, жалпы бір шешімге келуге итермелейді.
Рольдік ойын
Құқықтық ойындар – құқықтық пәндер зерттейтін құбылыстарды анықтап, талдауға бағытталған ойындар.
Құқықтық ойынды 2 – ге бөлуге болады:
— тікелей ойын;
— дисскусия (талқылау).
Адам құқығы пәні бойынша ойындардың ерекшелігі – олар негізінен тек ақпаратты қабылдау ғана емес, сонымен қоса оның мәнін, мазмұнын түсіну, сезіну. Алған құқықтық білімдерін түсіну үшін, оқушылар адам құқығын өз бойларында сезіну керек. Себебі, егер оқушылар алған білімдері ішкі сенімдері, ойларына сәйкес келмесе, алған білімдері нәтежиесіз болуы мұмкін.

Ойын түрлері
1. «Имитациялық ойындар». Имитациялық ойын терминінің қолданылуы көрсетіліп отырған әдістің қазіргі сипаттамасының белгіленуімен байланысты. Бір жағынан, имитация өте кең алмастырылатын эксперимент өткізу барысында зерттеуге қажетті объектіні алмастырушы, макеттер және түрлі модельдерді жасау және оларды қолдану болса, екінші жағынан, қатысушылар белгілі бір рольдерді иеленіп, өздерінің рольдерінің мақсатына жету үшін, бір – бірімен қарым – қатынасқа түсетін бір неше ойын әдістері бар. Соңдықтанда, имитациялық ойын осы 2 бағытты да байланыстырады. Ол осы өмірден алынған, дәл жағдайларға негізделеді және қысқартылған шыңдықтын динамикалық моделін көрсетеді. Осылайша, құқықтық ойындардың негізінде имитациялық ойын жатыр, бірақта оның жүзеге асырылуы ойынға қатысушылардың арқасында ғана болады. Қатысушылар өздеріне әкімшілік қызметкерлерінің немесе саяси қызметтегі адамдардың ролін иемденіп, ойынның бағытына тәуелді түрлі жағдайларды ойнайды. Іскерлік және имитациялық ойындар байсалды ойындар болып келеді, олар көңіл көтеру мен демалу үшін емес.
2. «Үстелде ойнайтын ойындар». Үстелде ойналатын құқықтық ойындар басқа да кез келген осындай ойындардың принциптерімен жасалады: түрлі карта ойындары, домино, кубиктермен ойналатын ойындар және т.б. Бұл жағдайда, карталар, домино және ойын алаңы ерекшелігі бойынша белгілі бір құқық саласымен байланысты болады.
3. «Саяхат». Бұл құқық ойындарының типі дисскусияға жақын, осындай ойын кезінде оқушылар уақыт аралығында, кеңістікте белгілі бір мәселе бойынша ақпарат алу мақсатында саяхаттап жүргендей болады. Оқушылар, берілген сұрақтар талдау жасау, белгілі бір мәселеге ұсыныс жасау, алынған ақпаратқа баяндама жасау сияқты тапсырмаларды орындайтын эксперт ретінде қатыса алады. Ойынды ұйымдастыру кезеңдері дидактикалық қызметі ойын іс — әрекеттерін талдаудан жүзеге асырылады және 2 деңгейде өтеді: осы процесстің анализі ретінде және басқа жағдайларда осы тәжірбиені қолдануды талдау. Құқықтық ойынның 2 жақты талдауы және оқу — танымдық нәтежиесі бар: заттық иелену және әлеуметтік – психологиялық.
Ойында құқықтық жағдай жасау.
1. Ойынның барысы «жағдайды басынан өткеру».
2. Құқықтық ойынның нәтежиесі, қатысушылардың іс — әрекеттерінің бағалануы.
3. Ойын барысына және ойын нәтежиесіне, ойын мен қатысушылардың іс — әрекеттерін талдау; ойын жағдайына анализ, оның қазіргі өмірге сай келуі, ойынның оқу – танымдық қорытындысы.
«Жағдайды басынан өткеру» ойын барысында келесі талдауға байланысьы анықталуы тиіс. Балаларды рольдік жағдайдан алып шығу қажет. Енді ғана, алғашқы рет ойын методикасын «қолдана бастаған педагогтар үшін ойнап кету» сияқты қауіп төнеді. Бұл бірінші көрінгендей сондай қатерсіз емес. Рольдік жағдайларды басынан өткізетін балалар, ойын мен өз өмірін ауыстырып алуы мүмкін, бұндай ойын бірнеше жылға созылуы мүмкін, балалар қолданған рольдер олардың өміріндегі имидждерінің бір бөлшегі болып кетуі де мүмкін және де ол жаман жағынан көрінбеуіне ешкім уәде бермейді. Осындай қателерден аулақ болу үшін, ойын мен өмір арасында белгілі бір шек қою керек. Оқушы ойын кезеңінің бітуінен кейін рольдік ойын және талдау әр түрлі заттар екенін сезінуі қажет. Ойын барысында оқушы кейіпкер атынан сөйлеп, қимылдайды, бұнда оның мұндай ойлау мен іс — әрекетінің дұрыс бұрыстығын пайымдауы қажет емес. Талдау кезіңде ол өзінің ойын айтуы керек. Талдауды ойын туралы сұрақтардан бастау қажет: «Сен не сезіңдің?», «Ол нені сезінуі керек еді?», «Сен бұлай боларын бұрын түсініп пе едің?» және т.б. «Жаңа ғана ойын болды, ал қазір біз нағыз өмірдеміз, ол жақсы болуы мүмкін, жаман да болуы мүмкін бірақ мұндай емес» — деп балаларға тура айтуға болады.
Құқықтық ойынының жүруі кезінде эксперт қажет – ол ойын жағдайына тәуелсіз ойын барысын бақылайтын және адам да қызықты ойын жағдайлары мен олардың шешімін шығара алатын адам. Эксперттің ойын барысына қатыспайтын балалардың ішінен кіші көмекшілері болуы мүмкін. Эксперт талдау жүргізеді.
Талдау барысы
І кезең:
— ойын жағдайын қалпына келтіру;
— ортақ ойын қорытындылары (бірақ жеңіске жетушіні анықтау емес);
— ойын жағдайында пайда болған қызықты шешімдерді талқылау.
ІІ кезең:
— ойынның құқықтық құрылымы, құқықтың сипаттағы ойынға қатысушылар кездескен мәселені анықтау.
Мінсіз нұсқа — бұл ойыншылардың өз бетімен құқықтық мәселелер бойынша жағдайларды анықтап, белгілеуі.
Ал егерде балалар құқықтың бұзылуын байқамаса, көрмесе не істеу қажет?
Жүргізуші балаларға белгілі бір сұрақтар қою арқылы жағдайды табуға көмектесуі керек. Егер олар анықтай аламаса, жүргізуші жағдайды өзі айтады. әңгімені талқылау объектісі ретінде ойын туралы және оның өмірдегі жағдайларға байланысы туралы жүреді, бұл жағдайлармен ойыншылардың өз өмірлерінде де кездесуі әбден мүмкін. Туындаған жағдайдан шығу нұсқаулары, бұзылған құқықтарды шешу мәселелері ең алдымен қатысушылардың ойын барысында тапқан шешімдерін талқыланса, кейін осы туындаған жағдайдан шығудың басқа да нұсқаулары қарастырылады.
ІІІ кезең:
«Конструктив»
Кез келген құқықтық ойын құқықтық білімнің бастауы болуы керек. Мысалы: «сендер әлі бұл мәселемен таныс емессіңдер, онда бұл келесі сабағымыздың тақырыбы болады».
Талқылау барысында ойынды алдын – ала дайындалмаған, бірақ ойын барысында туындаған құқық бұзушылыққа байланысты жағдайларды белгілеп, талдау қажет.
Рольдік ойын – бұл оқушылармен ойналатын кішкентай пьеса. Оның мақсаты: оқушыларға таныс оқиғаларды, жағдайларды тірілту. Рольдік ойындар түрлі жағдайларға деген түсінікті жоғарлату және сондай жағдайларға түскен адамдарға деген қатынастарының ортақтасуы. Мысалы: рольдік ойын кезінде тонау сияқты жағдайда, оқушы жәбірленушінің ролін ойнай отырып, қылмыстың құрабаны болудың қандай екендігін түсінеді.
Рольдік ойындарды қолдану дәлдікті талап етеді. Мұғалім әрбір оқушының жеке сезімдерін сыйлауы қажет және сыныптың әлеуметтік құрылысына көңіл аударуы қажет. Мысалы: егер онда этникалық азшылықтарға жататындар болса, рольдік ойын мұндай жағдайда оқушылардың өздерін бәрімен бірдей сезінуі үшін оларға дұрыс жеңіл, оқушыларға ауыр тимейтіндей тақырыптарға және қатынаста болу керек.
Әрбір ойынды өткізу, ережеге сай 3 кезеңнен тұрады: дайындық, ойын барысы, анализ.
Оқушылармен бірге рольдік ойында көрсетілетін мәселе мен жағдайды анықтап алыңыз. Мысалы, мәселе ретінде – мүліктік құқықты алайық, жағдай – біреуді өз пәтеріне деген құқығын белгілі бір этникалық топқа жатуына немесе сәйкес келетін заңның болмауына байланысты айырды дейік. Енді қанша адам қатысушы, қаншасы бақылаушы болатынын анықтап, рольдік ойынды бір уақытта кіші топтарда өткәізу керек пе, әлде бүкіл сыныппен бе. Мұнда әсіресе белсенді емес оқушыларды қатыстыру керек.
Ойын формасын таңданыз. Мысалы, ол былай көрсетілуі мүмкін:
— әңгіме ретінде, мұнда біреу жағдайды сипаттаса, басқалары өз кейіпкерлері атынан әрі қарай не болғанын айтып отырады;
— инсценировка тәрізді: қатысушылар істің немесе ойын барысында диалог құрады;
— сот күйінде, мұнда оқушылар соттағы куәгерлер ретінде анықтама береді.
Оқушыларға белгілі бір жағдайды және өз рольдерін ойластыру үшін бірнеше минут уақыт беріңіз. Егер де жиһаздардың орнын ауыстырып, өзгерту керек болса алдын ала дайындаңыз.
* Оқушылар бір жағдадйды ойнап жатыр. Мұнда мұғалімнің ролі қандай?
Ойынның жүруіне, формасына өте мұқият болыңыз, өйткені бұл қорытындылау және талдау үшін қажет. Оқушылардың белсенділігін арттыруға тырысыңыз. Ойын барысында, ең қызықты кезде, ойынды тоқтатып, қатысушылар мен бақылаушылардан не болып жатқанын сұрауға болады. Мысалы: күштеу жөніндегі рольдік ойын кезінде, бұл жағдайды шешудің дұрыс жолын айта аласыздар ма, онда көрсетңіздер – деп сұраңыз. Ойыннан шығу туралы сигналды алдын ала ойластырып қою қажет (мысалы, қол шапалақтау).
* Ойын тек қана жаттығу болуы тиіс емес, ол және де танымдық тәжірбие де бола алады, сондықтан сабақ аяғында осы сабақтын танымдық құндылығын және мақсатын меңгеруге бірнеше минут уақыт мөлшерін беруіңіз жөн. Мысалы, рольдік ойында сотта куәгерлер жөнінде іс қаралса, оқушыларға сот шешімін шығартуға, содан кейін шыққан шешімді талқылауға болады. Бұл оқушылардың танымдық құндылықтарды бойларына сіңіруіне маңызды.
Рольдік ойынды ұйымдастыру өзіндік мақсатқа байланысты болмау тиіс. Осындай әдісті қолданатын мұғалімдер оқушылармен ойынға берілгендігі соншалық, ойынды қоңырау кезінде аяқтап, ешқандай талдау да анализ де шығармайды. Бұл кезде уақыттын жетпеуі – қате болып табылады.
Ойын келесі талдаулар үшін жүргізіледі. Адам құқықтарын меңгеруде ойын процессінің өзі емес, оны талқылау ең құнды болып табылады. Балалар оны түсінбеуі де мүмкін, түсінбейді де мұғалім мұны сабақты ұйымдастыруда толық түсінуі қажет. Талқылау үшін міндетті түрде уақыт болуы керек. Ал қарсылықты жағдайда, оқыту эффектісі жүзеге аспай, оқушылардың пәнге деген көзқарастары өзгеріп, олар бұл сабақта тек ойнаймыз деп түсіндеі. Ал егер мұғалім сабақты талқылауға үлгермесе, талқылауды келесі сабаққа қалдыруына тұра келеді.
Егер рольдік ойын дұрыс жүзеге аспаса, оны оқушылардан не себепті сәтсіздік болғанын сұрауыңыз керек. Егер ойын жақсы өтсе, оны бүкіл мектепке, белгілі бір тақырыпты түсіндіру ретінде көрсетуге болады.
Өте маңызды! Рольдік ойындар нағыз өмірді бейнелейтіндіктен, толық жауабы жоқ, жауап беруге қиын сұрақтар берілуі мүмкін. Оқушыларда, әрбір сұраққа тек 1 ғана жауап бар деген көзқарас қалыптасуы керек. Мұғалім де, оқушылар да белгілі бір жағдайға әр түрлі көзқараста жауап беруі өте маңызды. Мұғалім өз көзқарасын ғана оқушыларға дұрыс деп, сондай көзқарасқа итермелемеуі тиіс.

Топтарға бөліну
Сыныптың топтарға бөлінуі бір – бірімен тығыз қарым – қатынас құруға және сабаққа белсенді қатысуына үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдісті тез арада әр түрлі ойларды білдіру немесе белгілі бір абстрактылы идея жөнінде өз тәжірбиесі бойынша ойларын білідіру қажет болса қолдануы өте тиімді болып келеді. Мысалы, егер сіздер өмір сұру құқығы туралы ой қөзғайтын болсаңыздар, ең алдымен бес минут уақыт беріп, адамды белгілі бір жағдайда өмірінен қию дұрыс немесе жоқ па — деген мәселені топта ойластырып, содан кейін ғана бүкіл сыныппен талқылауға болады.
• Сыныпты топтарға бөліңіз. Сыныпты топқа бөлген кезде, алдын ала ойластырыңыз – оқушыларды қандай принципке негізделіп отырып бөлесіз – мүмкіндіктері бойынша ме, қыздар мен ұлдарды жеке бөлесізбе т.б. кейбір жағдайларда топтарды еркінше бөлуге болады, мысалы, туған күндері немесе айлары, алфавит бойынша. Егер тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт қажет болатын болса, ұзаққа созылатын болса, міндетті түрде хаттама жүргізетін хатшы және төрайымы болу керек. Осы міндеттерді атқаратын адамдарды топтың өзі шешу керек. Топта жұмыс істеген кезде, әр топтың қатысушылары бір – бірін көріп, жақын отыру керек. Оқушыларға тапсырманы түсіндіріп беріңіз. Тапсырманы орындауға қанша уақыт берілгені туралы міндетті түрде ескертуіңіз қажет.
• Жұмысқа кірісу үшін, кейбір жағдайларда топтарды ыңталандыру керек. Қайрат беру сөздерін аямаңыз. Топтар жұмыстарын жүргізу барысында шет жаққа кетіп қалыңыз, бірақ қажет болған кезде көмек көрсетуге дайын болыңыз. Себепсіз оқушылардың жұмыстарына кедергі жасамаңыз, тек егер тапсырманы дұрыс түсінбей, басқа бағытта жұмыс істесе ғана араласуға болады. Топтарға еркін түрде талқылауларына кедергі жасамаңыз, араласуға болады тек оқушылардың өздері көмек сүрайтын болса. Әр топтарға бірдей көңіл бөліңіз. Егер топтар атқарған жұмыстарының нәтежиесі бойынша сынып алдында есеп ( қабылдаған шешім туралы баяндама, дискуссияның қортындысы немесе топ қалай жұмыс істегені туралы әңгіме болуы мүмкін) беретін болса, алдын ала ескерту қажет, себебі олар есеп беретін адамды таңдап, дайындау керек.
Оқушылардан сұраңыз – сабақ пайдалы болды ма, өздері үшін жаңалық ашты ма. Жағымсыз жауап беретін болса, анықтап алыңыз — өздері бұл сабақты қалай өткізушеді. Оқушылардың идеяларын пайдаланып қалаңыз.

«Миға шабуыл »
«Миға шабуыл» — оқушылардың интеллектуалды белсенділктерінің мадақтау және тез арада ұжымдық ойдын тууына әкелетін әдістерінің бірі болып келеді. Бұл әдісті қолдануға болады:
— мәселенінің шешімін табу үшін (мысалы, оқушылар арасында жанжал болған жағдайда, сыныпта «миға шабуыл» жүргізу арқылы жанжалды бейбітшілдік жолмен шешудің бір неше амалын іздестіру);
— жаңа тақырыпты бастаған кезде (жаңа тақырып бойынша «миға шабуыл» жүргізу барысында оқушылардың жаңа тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттады және сол тақырып бойынша жалпы түсініктерін анықтауға мүмкіндік береді);
— тез арада атқарылатын шығармашылық жаттығу ретінде (аяқталмаған әңгіменің аяқталуының бір неше нұсқауларын іздестіру үшін «миға шабуыл» әдісін жүргізуге болады).
Ең алдымен «миға шабылу» әдісін қай мәселеге байланысты жүргізесіз, соны шешіп алыңыз. Оны сұрақ ретінде тұжырымдап алыңыз, оған бір неше жауап беру мүмкіндіктері болу керек.
Сұрақ барлығына көріну үшін тақтаға жазып қойыныз. Оқушыларды шеңберге отырғызуға және өз ойларын айтып салуға мәжбүрлемеңіз, мұндай әрекет керісінше оқушылардың белсеңділіктерін төмендете түседі.
«Миға шабуылдың» аяғына дейін оқушылар бір – бірінің ойларына түсіндірме берудің және айтылған ойларды қайталанбауы туралы ескертіп қойыңыз.
* Оқушылар өз ойларын айтуын сұраңыз. Олардың ойларын барлығы көрінетіндей, жазып қойыңыз. Олар жеке сөздер немесе фразалар болуы мүмкін. Сныптың белсенділігін мадақтап отырыңыз. Идеяларын тек жазып отырыңыз, бағалауға асықпаңыз. Сыныптың белсенділігін арттыру қажеттіліг болғанда ғана өз ойынызды білдіріп отырыңыз. Егер түсініксіз ұсыныстар болатын болса, автордың түсініктемесін сұраңыз немесе өзіңіздің түсініктеменізді беріңіз және тексеріңіз, басқа оқушылар келісе ме, жоқ па анықтап аланыз. Жаңа ұсыныстарды жазып отырыңыз. Жиі кезде елден ерекше немесе керемет ойлар пайдалы және қызықты болып келеді. Идеялар сиреген кезде, «миға шабуылды» тоқтатыңыз.
Сонында сіз оқушылардың барлық ұсыныстарын қарастырып, тұжырымдарын тыңдайсыз.

Сыныптағы жалпы дисскусия

Дискуссия – ол бір жағынан оқушылар адам құқығына байланысты мәселелерге қатынасын анықтауға және екінші жақтан сол мәселелерді жеке өз беттерімен қарастырып, талдауға және қорытынды жасауға мүмкіндік туғызатын әдіс болып келеді. Дискуссия кезекпен сөйлеуге, басқаларды тыңдауға және басқалардың құқықтарын, көзқарастарын құрметтеуге тәрбиелейді. Дискуссия ашық түрде өту үшін сыныпта бір – бірін сыйлауға және сенімділіктерін білдіруге мүмкіндік туғызатын қолайлы жағдай құру керек. Ол үшін оқушылар өздері «Дискуссияны өткізу ережелерін» құрастырғандары жөн болады. Оны оқу жылының басында немесе кез келген уақытта құрастыруға болады. Дискуссия әдістеме ретінде:
• Оқушылар сыныпта өздерін еркін ұстайтын, өз ойларын ашық түрде білдіретін және дискуссия арқылы білім алатын орынға айналуы туралы ойларын анықтап алыңыз. Тыңдау және сөз этикетінің ережелерін сақтау арқылы ғана жалпы бір — бірін түсінуге жетуге болатындығын оқушыларға жеткізу.
• Оқушылар бүкіл сынып сақтайтын дискуссияны жүргізу принциптерін құрастыруын сұраңыз. Қараңыз мүмкін біріктіретін ұсыныстар болатын шығар. Мүмкін төменде көрсетілген принциптер ұсыныстар құрамына кірген жоқ шығар, онда оларды сіз ұсыныңыз:
— сөйлеп тұрған адамды бөлмеңіз, өйткені бір уақытта екі адам бірдей сөйлей алмайды.
— сөз алған жағдайда қол көтеру керек.
— біреумен келіспеген жағдайда, адамның өзін емес, ойын сыңға алу керек.
— басқа біреу сөйлеп тұрған кезде орынсыз күлудін қажеті жоқ.
— барлығын дискуссияға қатысуына шақыру.
• оқушылардың өздері тұжырымдаған ережелерді сақтауға шақырыңыз. Сол кезде оқушылар өздеріне және басқаларға қатысты болған жағдайда өздері құрған ережелерді сақтауға тырысады. Ережелерді бұзған жағдайда қандай нәтежие болатындығын да ақылдасып, шешіп алу керек. Ережелерді үлкен параққа жазып, сыныпта іліп қойыңыздар, оны жылдың аяғына дейін сақтап қою керек, қажет болған кезде оған өзгерістер немесе толықтыруларды еңгізуге болады.
Дискуссияны өткізудің және ұйымдастырудын бір неше жолдары бар:
«Карусель» – оқушылар шеңбер тәрізі бойынша ойларын білідреді, әр қайсысы үш минут сөйлегу құқылы; басқалары мұғалім сұраған кезде ғана сөйлеуге рұқсат беріледі; оқушылар екі шеңбер құрады – ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер. Ішкі шеңбердің қатысушылары дискуссияның тақырыбы бойынша ойларын білдіреді, ал сыртқы шеңбердегі оқушылар – бақылаушы ретінде болып, дискуссияны өткізу ережелерін сақталуын қадағалап отырады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Өткен тақырып бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
2. Тақырыптың өзектілігі, мәні және мазмұны.
3. Қолданыс аясында тақырып мәселелерін талқылау.

Ұсынылатын әдебиеттер:
Л.А.Байсеркеев «Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері».А., 2010 ж.78б
Г.М.Дайрабаева «Жалпы білім беретін мектептегі жеткіншектердің құқықтық мәдениетін тәрбиелеу». А., 2013ж. 112б.
А.О.Бейсембаева «Мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері». Талдықорған, 2011ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *