Мектепте құқықтық білім беру курсының мақсаты.
Мектепте құқықтық білім беру курсының міндеттері.
Мектепте құқықтық білім беру курсының мазмұны
Негізгі түсініктер: құқытық білім, білім беру тұжырымдама, білім беру саласы.
Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы арқылы дамуымызға жаңа серпіліс беретін басымдылықтарды айқындап берді. Сөйтіп, Республика өміріндегі өзгерістер білім беру саласына, соның ішіне мектеп оқушыларын жеке дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде. Әлемдік білім беру кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейде көтеруді талап етеді.
Болашақ мұғалімдерді жан-жақты біліммен қаруландыруда құқықтық білімнің алатын орны ерекше. Мұғалімнің бойынан құқықтық және экономикалық білімді тұлғаның моделін табу үшін осы ұстаздар тәрбиелейтін оқытушыларға да үлкен жауапкершілік артылады. Құқықтық және экономикалық білімді игеру әрбір ұстаз , әрбір оқытушы үшін маңызды.
Құқықтық білім саласының басқа мектеп пәндерімен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктері бар.
Жалпы орта білімдегі “Құқықтану негіздері”,”Экономикалық білім негіздері” пәндерінің маңызы құқықтық және экономикалық ғылымдардың қазіргі қоғамдағы демократиялық институттардың орнығу қарқынына әсерімен анықталады. Құқықтық білімдер орта жалпы білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың саяси-құқықтық пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық дүниетанымының қалыптасуына септігін тигізеді[2;19].
Пәннің негізгі мазмұны педагогикалық ғылымдарда қалыптасқан дидактикалық және әдістемелік ұстанымдардан анықталады. Сонымен қатар басқа пәндерде құқықтық, экономикалық білім берудің негізгі мазмұнын анықтауда ескермеуге болмайтын өзгешелік бар:
— білім беру мазмұны қоғамның құқықтық даму рухына сәйкес болу ұстанымы;
— қоғамда не болып жатқанын дамудың дәл қазіргі және оның болашақтағы жағдайларды ескермеу мүмкін емес.
“Құқықтану негіздері”, ”Азаматтану” пәндерін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды қоғамның саяси-құқықтық жүйесімен таныстыру, құқықтық және экономикалық білімдермен және құқықтық патриотын тәрбиелеу.
“Құқықтану негіздері”, ” Азаматтану ” пәндерін оқытудың негізгі міндеттері:
• Құқықтық және экономикалық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық және экономикалық біліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтанын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат балып өсуіне көмектесу;
• Экономикалық теорияның ең маңызды білімдерімен қаруландыру, экономикалық мәдениет дағдыларын дарыту, экономикалық жағдайларда өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету;
• Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
• Оқушының адам құқығы мен еркіндігін сыйлай білуге үйрету;
• Оқушыларды Қазақстанда және халықаралық аймақта жүргізілетін экономикалық заңдылықтардың негізгі ұстанымдары еңбек, отбасы, әкімшілік, салық кодекстерімен таныстыру
• Дүниежүзілік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерін, халықтың салттарын, дәстүрлерін, моралін, жалпы адамзаттық құқықтық құндылықтарды және құқықтық жетілуге қажетті білімдерді жас ұрпақ өкілдеріне меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетті қатынас жасай білетін, салауатты азамат етіп тәрбиелеу.
Сыныптармен жүйелі түрде іскерлік ойындарды жүргізу арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, құқықтық және экономикалық түсініктерін қалыптастырып, оны пайдалану мен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Оқытудың осы сатысында оқушы құқықтық қызметке тән және қоғамда адамның толығымен жұмыс жасауына қажетті интеллектуалды даму, экономикалық қатынастар туралы ойды дамыту, экономикалық шешімдер қабылдап, сұрақтарды талдау, қоғамда экономикалық процестер жөніндегі қатынастарға қатысу міндеті тұр.
Құқықтық білім негіздерін анықтауда жалпы адамзаттық құндылықтар, білім беруді демократияландыру және ізгілендіру бастаушы ой болып табылады.
Құқықтық білім саласы мынадай пәндермен пәнаралық байланыста болады: тіл, әдебиет, математика, география, тарих, қоғамтану, информатика,технология, т.б.
Республикада көптеген мектептерде жаңашыл мұғалімдерге сүйене отырып, құқық пен экономиканы оқыту орта және бастауыш буындарда базистік оқу жоспарларының қосымша сағаттары есебінен жүргізілуде.
Құқық мәні, мағынасы жайлы түсінік қалыптастырып, экономикадағы адамның рөлі, оның қажеттіліктері мен еңбегінің мәнін анықтау, құқық пен экономиканың негізгі мәселелерін шешу арқылы адамға тигізетін пайдасын оқып, біледі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси-құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу. Тауар мен қызмет көрсету өндірісіне қажетті қорларды, адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын түсініп, қорларға ұқыпты қарау қажеттілігін қалыптастыру мақсаты тұр. Экономикалық жүйелер ұғымымен танысып, нарықтың құрылымын танып, біліп үйренеді. Макро және микроэкономика ұғымдарының мағынасын ашып, кәсіпкерлік ұғымына анықтама береді. Ақша, бюджет, қаржы жүйесімен және олардың рөлімен танысады. Оқушылар қоғамдағы жалпы және ұлттық табыстың түрлерімен танысып, табыс көздерін ажырата білуге үйренеді[2;19]. Халықаралық экономикалық қатынастардың қазіргі өмірдегі мәнін түсіне білуге баулу. Аталмыш ойды қорытындылай келе, Құқықтық білім беруде білім, тәрбие және ойларды қалыптастыру бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл жүйемен оқыту алдыңғы курстардағы білім мен біліктілікті тереңдетуге, басты құқықтық және экономикалық заңдылықтарды жаңа сапалық деңгейде қайталауға, оқушылардың жас деңгейіне байланысты құқықтық және экономикалық тапсырмаларды күрделенудіре беруге негізделген.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Құқықтық білім беруді маңыздылығы
2. Мектепте құқықтық білім берудің негізгі өзекті мәселелері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан, 2003ж.
2.Құнапина Қ. “Құқық пәнін оқытуда қойылатын талаптар” // Қазақстан тарихы, №8, 2005. -12 б.
3. Ғазизова Н.С. “Оқушыларды құқықтық тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық негіздері” // Вестник СГПИ, №1(4), 2006.- 54 б.