ҚР-сындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі және жедел іздестіру қызметі

ҚР-сындағы алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі және жедел іздестіру қызметі
1. Алдан ала тергеуді, анықтауды жүзеге асыратын органдардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы.
2. Алдан ала тергеу органдары. Анықтау органдары.
3 Жедел іздестіру қызметі.

1. Алдан ала тергеуді, анықтауды жүзеге асыратын органдардың түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қылмыстарды анықтау және тергеу — бұл арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың қылмыс белгілері болуы мүмкін әрекеттер немесе әрекетсіздіктер туралы мәліметтер алу, қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау, оны жасаған кінәлі адамдарды әшкерелеу, қылмыспен келтіріліген залалды өндіру жөнінде шаралар қабылдау, қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау бойынша қызметі.
Қылмыстарды анықтау және жолын кесу жедел-іздестіру шаралары, анықтау, алдын ала тергеу жүргізу, өзге қызмет барысында жүзеге асырылады.
1. Жедел-іздестіру қызметі — жеке адамның өмірін, денсулығын, құқықтары мен бостандықтарын, меншікті қорғау, ұйымдардың қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғуынан қамтамасыз ету мақсатында жедел іздестіру шараларын өткізу арқылы мемлекеттік органдардың жедел бөлімшелерінің жария не жасырын жүзеге асырылатын қызметі.
2. Анықтау, алдын ала тергеу және жедел-іздестіру қызметінің міндеттері қылмыс жасаудың мән жайларын анықтау және кінәлі адамдарды әшкерелеу, яғни сотта қылмыстық істерді кейіннен қарау үшін дәлелдемелерді жинау болып табылады.
3. Қылмыстарды тергеу тек екі нысанда: анықтау және алдын ала тергеу және олар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларында қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
Алдын ала тергеу органдарына жатады:
1. Ішкі істер органдары;
2. Ұлттық қауіпсіздік органдары;
3. қаржы полиция органдары.
Алдын ала тергеуді аталған органдардың тергеушілері жүзеге асырады. Тергеушілерді алдын ала тергеу органдары деп атау олар қылмыстық істер бойынша тергеуді жеке жүзеге асыратындығымен түсіндіріледі. Алдын ала тергеу — қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, қылмыспен келтірілген материалдық залалды қамтамасыз ету мақсаттарында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша тергеушілерге өкілеттік берілген қызметі.
Алдын ала тергеу органдарының міндеттері қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығаутыға ықпал ету болып табылады.
Тергеуші — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілеттік берілген лауазымды адам ішкі істер органдарының тергушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және қаржы полициясы органдарының тергеушісі.
Анықтаушы — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік лауазымды тұлға.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеуші мен анықтаушыға сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру бойынша өкілеттіктер берліген.
Сонымен бірге, олардың іс жүргізу дербестіктерінде белгілі бір айырмашылығы бар:
1. анықтаушыға прокурордың нұсқауларымен келіспеу құқығы берлімеген, ол аларды ешбір қайталаусыз орындауға міндетті;
2. анықтау органының құзіреті алдын ала тергеу ісін жүргізудің міндеттілігіне немесе міндетті еместігіне байланысты ажырытылады, соған сәйкес анықтаушының құзіреті де ажырытылады;
3. тергеуші прокурордың қадағалауында және оның басшылық етуімен тергеуді жүзеге асырады, ал анықтауды жүзеге асыратын адам да прокурордың қадағалауында, анықтау бастығына тікелей бағынады;
4. анықтау органдары қылмыстарды тергеу барысында тергеушінің талаптарын орындауға міндетті, анықтаушының тергеушіге тапсырма беруге құқығы жоқ;
5. тергеу мен анықтау қызметкерлерінен тұратын тергеу-жедел тобында ұйымдастыру және іс жүргізуге басшылық тергеушіге тиесілі.
2. Алдан ала тергеу органдары. Анықтау органдары. Алдын ала тергеу — қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген қылмыстарды ашу, оларды жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарты, қылмыспен келтірілген материалдық залалды қамтамасыз ету мақсаттарында дәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалау бойынша органдарға (тергеушілерге) уәкілеттік берілген қызметі.
Алдын ала тергеу заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Ол қылмыстық іс қозғалып, оны іс жүргізуге қабылданғаннан кейін басталады, айыптау қорытындысын жасап, айыптау қорытындысын бекіту және тергелу реті бойынша сотқа жіберу үшін істі прокурорға жіберілгенде не жаза тағайындауды немесе оны орындауды және сол мақсаттарда істі прокурорға жіберуді қиындататын, есі керісілі-шығасылы жағдайда қылмыс жасаған немесе психикалық аурумен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы жасалғанда не іс тоқтатылғанда аяқталады.
Алдын ала тергеу деп оның процесінде жасалған кінәсі туралы, дәлелденгені туралы қорытындылар түпкілікті болп табылмайтындықтан аталады. Қылмыстық іс келіп түсетін сот процесін жүргізу кезінде алдын ала тергеу органдары жинаған материалдары негізге алса да, дәлелдемелерге өзінің жеке зерттеуін жүзеге асырады: сотталушының, жәбірленушінің, куәлардың айғақтарын тыңдайды, заттай дәлелдемедерді қарайды және т.б.
Алдын ала тергеу объективтік қажеттілік болып табылады. Алдын ала тергеу органдарының өздерінің тармақтануына, қылмыс жасалған жерге жақындығына, жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен тығыз байланыста болуына орай әрбір қылмыс оқиғаларына тез арада ден қою, қысқа мерзімде қажетті дәлелдемелерді жинау мүмкіндігі бар. Істі қарацтын соттардың тергеущі ұсынған айыптың шеңберінен шығуға, айып көлемін кеңейтуге, аса ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға құқығы жоқ.
Алдын ала тергеу органдарының міндеттері заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға ықпал ету, қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасалған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Олар жүзеге асыратын жалғыс функция болып табылатын қылмыстарды тергеу үшін арнайы тағайындалатын, тиісті ведомстволардың лауазымды тұлғалары тергеушілер болып табылады. Ол үшін оларға заңға белгіленген өкілеттіктер беріледі.
Ең алдымен тергеуші қылмыстарды тергеу кезінде толық дербес болып табылады. Оның өзі дәлелдемелерді жинауды жүзеге асырады, айыпталушы ретінде адамды тарту, айыпталушыға жолын кесу шарасын қолдану туралы, алдын ала тергеу аяқталғаны туралы шешім шығарады. Заңда көзделген жағдайларда ғана ол прокурордың санкциясын алуға тиіс.
Тергеуші тергеу әрекеттерінің заңды әрі уақытында жүргізілуіне толық жауапкершілік көтереді.
Прокурор тергеушінің заңдарды дәл орындауын қадағалауды жүзеге асырады, олар қабылдаған шешімдердің күшін жоя алады, орындау үшін міндетті нұсқаулар бере алады. Алайда, тергеуші маңызды тергеу мәселелері бойынша нұсқаулармен келіспесе, прокурордың нұсқауларын орындамауға құқығы бар.
Тергеуші анықтау органдарына тергеу және іздестіру әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар мен нұсқаулар беруге, анықтау органдарынан тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәрдемдесуін талап етуге құқылы.
Тергеуші объективті тергеуді жүзеге асыруға, айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да мән жайлард анықтауға, материалдық залалды өндіруді қамтамасыз етуге, қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға ол міндетті қарауға жататын ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тергеуші — өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды адам.
Тергеуші:
— тергеуші іс жүргізуде тәуелсіз;
— ол тиісті органдарға жедел іздестіру шарасын жүргізу туралы нұсқау беруге, анықтау органдарынан алдын ала тергеу жүргізу міндетті істі анықтау мерзімі біткенге дейін алып қоюға және өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқылы;
— тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге байланысты шешімді белгілі бір жағдайларда белгілі бір тергеу әрекеттерін жасауға прокурордың санкциясын ала отырып, дербес шешім қабылдайды;
— тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге қатысты прокурордың нұсқауларын орындайды, алайда егер нұсқау нақты адамды айыпталушы ретінде тартуға, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе заңда белгіленген басқа да кейбір мәселелерге қатысты болса, тергеуші жоғары тұрған прокурорға жазбаша түрде прокурордың нұсқауларына өз қарсылықтарымен беруге құқылы.
Тергеушілердің жұмысын үйлестіру үшін тиісті органдада тергеу аппараты құрылады.
Тергеуші лауазымына қойылатын талаптар:
• ҚР азаматығы;
• Жоғары заң білімі;
• Денсаулық жағдайы бойынша тергеушінің міндеттерін орындай білу қабілеті;
• Тиісті кәсіптік және адамгершілік қасиеттері
Тергеушілердің тиісті лауазымдық атаулар, арнаулы атақтары (ішкі істер органдары, қаржы полиция органдары, ұллтық қауіпсіздік органдары) болады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы олардың құзіретіне жатқызылған істер бойынша қылмыстарды алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мекемелер, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар анықтау органдары болып табылады. Анықтау органдарының алдын ала тергеу органдарынан басты айырмашылығы тергеуші үшін қылмыстарды тергеу жалғыс фукнция болса, ал анықтау органдары үшін ол жалғыс емес, негізгі емес болып табылады. Алдын ала тергеу ісін жүргізу олар үшін алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу үшін қажетті қосалқы функция болып табылады. Анықтау органдары көбінесе олардың әкімшілік қызмет саласында туындайтын қылмыстық істерге тергеу жүргізеді. Анықтау органдары тек ғана лауазымды адамдар болып табылады.
Анықтау ісін жүргізу уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды тұлғалардың тізбесі, олардың өкілеттіктері қылмыстық іс жүргізу кодексінде және түрлі арнайы заңдарда белгіленеді.
Сол немесе басқа органдарда анықтауды ұйымдастыру ведомтсволық нормативтік актілерде айқындалады. Анықтау органдарының міндеттері алдын ала тергеу органдары сияқты қылмыстарды тез және толық шешу, кінәлілерді әшкерелеу, әрбір жасаоған қылмыс әділ жазалануы үшін және бірде бір кінәсі жоқтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмас және сотталмас үшін заңның дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады.
Анықтау органдарының сипаттары:
1. заңмен белгіленген құзіретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру шараларын қолдану;
2. алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел іздестіру әрекеттерін орындау;
3. заңда белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;
4. заңда белгіленген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу жүктеледі.
Анықтау органдарына жатады:
1. ішкі істер органдары;
2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
3. әділет органдары;
4. әскери полиция органдары;
5. шекара бөлімдерінің командирлері;
6. әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары;
7. ҚР дипломатиялық өкілдіктерінің, консульдық мекемелерінің және өкілетті өкілдерініғ басшылары;
8. мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері.
Анықтау органының барлық қылмыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандары жүргізе алады.
Анықтаушы заңда айқындалған нысандарда сотқа дейінгі іс жүргізудің басталуы және жүзеге асырылуы туралы шешім қабылдауға, заңда оларды анықтау органы бастығының бекітуі, прокурордың санкциясы не соттың шешімі көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес шешімдер қабылдауға және тергеу мен басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Анықтаушы, алдын ала тергеу жүргізілуі міндетті қылмыстық істер бойынша кідіртуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға, сондай-ақ шұғыл тергеу әрекеттері мен жедел іздестіру шараларын жүргізуге, ол туралы 24 сағаттан кешіктірмей прокурор мен алдын ала тергеу органын хабардар етуге міндетті.
3 Жедел іздестіру қызметі. Жедел қызмет шешетін міндеттердің маңыздылығын, олардың қызметінің өзгешелігін ескере отырып, жедел іздестіру қызметі ұжайы прокурорлық қадағалауды талап етеді. Алайда, жедел іздестіру қызметінде прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың қажеттілігі теориясында дұрыс негіздемінің болуына қарамастан, көптеген жылдар бойы прокурорлардың жекелеген оқиғаларды осы қызметте заңдардың орындалуын тексереді. Мұндай жағдай прокурорлардың қадағалау қызметін жүзеге асыруы үшін құқықтық негіздің болмағандығымен түсіндіріледі.
Жедел-іздестіру қызметін жүргізу кезінде азаматтардың Конституциямен және басқа да заңдармен кепілдік берілген құқықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде шектеледі.
Сондықтан, жедел іздестіру қызметінің міндеттері:
• адамның және азаматтың заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
• жасалған және дайындалып жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды шешудің белгіленген тәртібін сақтау, жедел іздестіру шараларын орындау;
• жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар қабылдайтын шешімдердің заңдылығы.
Жедел-іздестіру қызметі жүзеге асырған кезде Конституция және басқа да заңдарға кепілдік берілген азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, сондай-ақ заңдарда айтылған ерекше жағдайларды көздейтін мән жайларды сақтауға, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу негіздері мен рәсімдеріне назар аудару қажет.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу негіздеріне мыналар жатады:
1. қозғалған қылмыстық істің болуы;
2. жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға дайындалып жатқан, жасалатын және жасалған құқыққа қарсы әрекеттердің белгілері, сондай-ақ оны дайындап жатқан, жасайтын немесе жасаған адамдар туралы деректер түскен жағдайда.
Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдар мыналар:
1. ішкі істер органдары;
2. ұлттық қауіпсіздік органдары;
3. Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдары;
4. қаржы полиция органдары;
5. ҚР Президенті күзет қызметі;
6. кеден органдарының жедел бөлімшелері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *