ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру.
1. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағытары.
2. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері.
3 Прокуратура органдарының жүйесі.
4.Аудандық (қалалық) прокуратуралар.Мамандандырылған прокуратуралар
1. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағытары.Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР-сы Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді.
Сондықтан, “Прокуратура туралы” заңға сәйкес, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет:
— прокурорлық қадағалау — бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа да мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге де ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды тұлғалар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, өзгеше бір түрі.
— прокурорлық қадағалау мемлекеттің — ҚР-ның атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе сот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лаузымды тұлғалардың немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.
— прокурорлық қадағалау — мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талоптарын орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады.
— прокуратура ҚР-сы Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың — прокурорлардың — бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызмет және атап айтқанда, оның маңызды функциясы — прокурорлық қадағалауда қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімен, оның мемлекеттегі орны әрі рөлімен айқындалады.
2. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері. Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері — прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер. Прокуратураға қатысты ұйымдастыру мен қызметінің принциптері — ҚР Конституциясында және басқада заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру үшін құқықтық құралдар ен әдістердің мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар.
Заңнамада белгіленген принциптерді сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың нақты әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді. Прокурорлық қадағалау принциптері қатарына ҚР Конституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бұзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады. Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің принциптері тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық принциптеріне бөлінетін “Прокуратура туралы” заңының 3 бабында айқындалған.
Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын тұтас жүйені білдіреді. Бұл принцип барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтастығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық принципі жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзіне төмен тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді қамтиды.
Прокуратураның тәуелсіздігі принципінің мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық не жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі принципінің мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы принципті дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы принципті жүзеге асыруды ұйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлық бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның еліміздегі басқада құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын қоғамнан, азаматтардае оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған.
Заң шығаруда заңдылық принципі ерекше орында тұрады. Бұл принцип барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарые сақтай отырып, қатаң заң шеңберінде жүзеге асыратынын білдіреді.
Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады. Заңдылық принципінің прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындалуын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан, прокуратураның өзі осы функцияны орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті. Заң шығарушы барлық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін прокурорлық ден қою актілерінің міндеттілігі принципін және өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салу принципін бөліп көрсетеді.
“Прокурорлық қадағалау” термині аясында мыналардың ұғынылатыны есте сақтау керек:
• мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі;
• заң ғылымының дербес түрі;
• оқу пәні.
Прокурордың өкілеттігі — Конституцияда және ҚР заңдарында оның құқықтарының маңызы бірдей қамтылған құқықтық ұғым. Өкілеттік заң ғылымында прокурордың өз міндеттерін орындауы оған заңмен берілген құқықтарды іске асыру арқылы өтетіндіктен, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.
Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсаында, ҚР Конституцияның, заңдарының және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:
1. Конституцияның, заң актілерінің және Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;
2. жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
3. сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
4. ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
5. заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
6. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін, және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Прокурорлық қадағалаудың құралдары ретінде олардың өкілеттіктерінен туындайтын прокурордың іс әрекеттері мен құқықтық актілері, олардың көмегімен ол қойылған міндеттерді шешеді: заңдарды бұзуды анықтау, жою, алдын алу, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту.
Прокуратура туралы заңның 3 тарауында прокуратутаның құқықтық актілері көзделген. Аталған заңның 18 бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген:
1. прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, қаулы, ұйғарым, өтініш, санкция, нұсқау, ұсыныс, заңды түсіндіру;
2. прокуратураны ұйымдастыру және оның қызмет мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар құрайды.
3 Прокуратура органдарының жүйесі. ҚР прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды.
ҚР Бас прокуратурасы прокурорлық жүйенің жоғары буыны болып табылады және барлық прокуратура органдары мен оның мекемелеріне басшылықты жүзеге асырады. Бас прокуратураны Бас прокурор басқарады. Оның ҚР Президенті ҚР Бас прокурорының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары мен орынбасарлары болады. ҚР Бас прокуратурасының құрылмын аға көмекшілер болып табылатын бастықтар басқаратын департаменттер, басқармалар мен бөлімдер құрайды. Департаменттер, басқармалар мен бөлімдерде аға прокурорлар мен прокурорлар қызмет атқарады.
Бас прокуратураның өкілеттіктері:
1. республика прокуратура органдарының іс қимылдарын олардың қызметінің негізгі бағыттары бойынша үйлестрілуі мен орайластырылуын қамтамасыз етеді;
2. Республика заңдарының орындалуын, заңдылықтың жай күйін қадағалау практикасына талдау жасайды;
3. прокурорлық қадағалауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
4. республика прокурату органдарының заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі жұмысын бақылайды;
5. заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуде жедел іздестіру қызметін, анықтауды және тергеуді жүзеге асыратын басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс қимыл жасайды және олардың қызметін үйлестіріп отырады;
6. норма шығармашылық қызметіне қатысады;
7. халықаралық ынтымақтастық саласында прокуратура органдарының атынан өкілдік етеді.
Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық жүйесін басқарады және Бас прокуратураға тікелей басшылықты жасайды. Бас прокурор прокуратура органдарының қызметіне басшелық етеді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Бас прокурор прокуратура органдары мен мекемелерінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті, прокуратура жүйесінің қызметін ұйымдастыру мәселелерін және аталған қызметкерлерді материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету шараларын іске асыру тәртібін реттейтін бұйрықтар, нұсқаулықтар, өкімдер, ережелер шығарады. Бас прокурор департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарын және олардың орынбасарларын, кеңесшілерін, Бас прокурордың және оның орынбасарларының ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілерін, басқарамалар мен бөлімдердің аға прокурорлары мен прокурорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Бас прокурор заңға сәйкес прокуратура органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік көтереді. Жыл сайын ҚР Президентке еліміздегі заңдылықтың және құқық тәртібінің жай күйі туралы, оларды нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама ұсынады. Бас прокурор болмағанда немесе өз міндеттерін орындау орындау мүмкін болмаған жағдайда оларды оның бірінші орынбасары орындайды. Егер соңғысы да болмағанда немесе қандай да біо мән жайларға байланысты Бс прокурордың міндеттерін орындай алмаса, оларды орындау оның орынбасарларының біріне жүктеледі. Бас прокурордың орынбасарлары арасындағы міндеттерді бөлуді Бас прокурор жүргізеді. Аумақтық прокуратуралар аумақтық құрылым мен аумақтық бөлуге сәйкес құрылады. Әр облыста негізінен облыстың атауына сай келетін атауы бар прокуратура болады. Сонымен қатар, облыстық прокуратуралар құқығында Астана қаласының прокуратурасы және Алматы қаласының прокуратурасы, мамандандырылған прокуратуралар жұмыс істейді.
Облыстық прокуратураларын және оларға теңестірілген прокуратураларды ҚР Президенттің келісім бойынша Бас прокурор тағайындайтын прокурор басқарады. Облыс прокурорларының Бас прокурор тағайындайтын бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары болады. Облыс прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар өз құрылымына өз деңгейіндегі органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың заңдарды орындалуына қадағалауды жүзеге асыратын басқармалар мен бөлімдерді, және қалалардың, аудандардың және өзге де әкімшілік аумақтық бөлімдердің прокуратураларының қызметін бақылауды қамтиды.
Облыс прокуроры. Облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды Бас прокурор қызметке тағайындайды. Облыс прокурорлар Бас прокурорға есеп береді және оны қызметтен босатады. Олар қалалық және аудандық прокуратуралардың және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызметіне аумақта қолданылатын заңдардың негізінде басшлық етеді, барлық бағыныстағы қызметкерлердің орындауы міндетті бұйрықтар, нұсқаулар, өкімдер шағарады, өз аппаратының және қарамағындағы прокурорлардың штат кестелеріне Бас прокурор белгілеген штат саны мен ақы төлеу қорының шегінде өзгерістер енгізе алады.
Облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың алқалары өз отырыстарында прокурорлық органдардың қызметіндегі аса маңызды мәселелерді, Бас прокурордың қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша бұйрықтары мен нұсқауларының орындалуын қарайды, басқарма және бөлім бастықтарының, төмен тұрған прокурорлардың есептерін тыңдайды, кадраларды іріктейді, орналастырады және тәрбилеу мәселелерін, бұйрық жобаларын талқылайды.
Аумақтық прокуратуралардың төменгі буыны қалалардағы және аудандардағы прокуратуралар болып табалады. Бірқатар жерлерде заң құзыры екі ауданға немесе ауданға және облыстық бағыныстағы қалаға қолданылатын ауданаралық прокуратуралар жұмыс істейді.
Барлық аумақтық прокурорларды облыс прокурорының ұсынуы бойынша Бас прокурор бес жыл мерзімге тағайындайды. Жұмыс көлемі үлкен аудандардың және қалалардың прокуратураларының прокурорларында орынбасарлары, аға көмекшілері мен көмекшілері болады.
4.Аудандық (қалалық) прокуратуралар.Мамандандырылған прокуратуралар Қалалар мен аудандардың прокуратураларын, оларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады. Оларды Бас прокурор қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, жоғары тұрған прокурор мен Бас прокурорға бағынады және есеп береді. Олардың міндеттеріне бағыныстағы көмекшілердің, жұмысына басшылық жасау, оның барлық бағыттар бойынша қадағалауды жүзеге асыру және соттардың қылмыстық және азаматтық істерін қарауға қатысу кіреді. Аудандық бөлінісі бар қалалардың прокурорлары аудандық және оларға теңестірілген прокурорлардың қызметіне басшылық етеді, жоғары тұрған прокурорларға өз аппаратының және бағынысты прокурорлардың штат санын өзгерту туралы, кадрлық өзгерістер туралы ұсыныс енгізеді.
Мамандандырылған прокуратураларға әскери, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колония және түрмелер) заңдардың орындалуына қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.
Әскери, көлік және табиғат қорғау прокуратуралары аудандарға теңестірілген прокуратураларға және облыстарға теңестірілген прокуратураларға бөлінеді. Мамандандырылған прокуратуралардың төменгі буыны тиісті жоғары тұрған прокуратуралардың қарамағына кіреді. Прокуратура органдарының жүйесінде облыстық прокуратуралардың құқығында Алматы, Целинный және Батыс Қазақстан көлік прокуратуралары жұмыс істейді.