ҚР-сының Әділет министрлігі

ҚР-сының Әділет министрлігі.
1. Әділет органдарының міндеттері.
2. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру.
3.Әділет органдарының қылмыстық атқару жүйесі.


1. Әділет органдарының міндеттері.
Кез келген құқық қолдану қызметінің тиімділігі көбінесе оны басқару деңгейіне, сол немесе өзге құқық қорғау органдарының алдында тұрған нақты міндеттерді тиісінше іске асыру үшін ұйымдастырудың алғы шарттарын жасауға байланысты болады. Мысалы, кәсіпкерлердің заң қызметі, адвокаттық қызмет қамтамасыз етіліп, әділет органдары тарапынан ұйымдық басқару құралдары арқылы белгілі бір деңгейде бағыт сілтенеді. Әділет органдары туралы ҚР-сы заңы белгіленген әділет органдарының басты міндеттері олардың функцияларын да, яғни олардың қызметінің негізгі бағыттарын да айқындай түседі. әділет органдары функцияларының бірі — бұл норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру, нормативтік актілердің жобаларын дайындау, заңнаманы жүйелеу және жинақтау.
Бұл жұмыстың қазіргі кезде, сот-құқықтық реформалау барысында ҚР-сының барлық заңдары жаңарлағанда ерекше маңызы бар. Әділет министрлігі, ең алдымен орталық атқарушы билік органдарының норма шығармашылық қызметін ұйымдастырады, ҚР-сы Үкіметі нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді немесе оларды дайындауға қатысады. ҚР-сы Президентінің тапсырмасы бойынша оған қол қоюға жіберілетін заңдарға сараптама жүргізеді. ҚР-сы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен олардың қарауына тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынатын құқықтық актілер жобаларының Конституцияға және заңдарға сәйкестігі туралы қорытынды жасайды.
ҚР-сы Әділет министрілігінің маңызды міндеттері — қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинақтарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігі, егер онда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалса, егер олар ведомствоаралық сипатта болса, орталық ақтарушы билік органдары шығаратын нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, қазақстандық және халықаралық бірлестіктердің жарғыларын тіркейді.
2. Әділет органдарының жүйесі және оның қызметін ұйымдастыру.
Әділет органдары нотариатқа басшылықты жүзеге асырады. Олар мемлекеттік нотариат кеңселерін ашады әрі таратады және олардың тізілімін, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын нотариустар кеңселерінің тізілімін жүргізеді. Әділет органдары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лиценциялар береді және ҚР-ның нотариат туралы негізгі заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Әділет органдарына азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында заң қызметін көрсету жүйесін дамыту жөніндегі іс әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асыру жүктелген. Бұл жұмыс адвокаттар бірлестігімен және ұйымдарымен тығыз ынтымақтыстықта жүргізеді. Әділет органдары азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лиценцияларды тіркеуді және беруді жүзеге асырады.
Әділет органдары басқа да функцияларды жүзеге асырады:
— Әділет министрлігінің сот сараптамасы жүйесінің мекемелерін құрады, қайта құрады және таратады, олардың қызметіне басшылық жасайды;
— Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, азаматтарды құқықтық ағартушылыққа қатысады;
— Құқықтық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Өз құзіреті шегінде ҚР-ның Әділет министрлігі мен оның органдары:
— белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге ұйымдардан, мекемелерден, ұйымдардан, және лауызымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға;
— заң жобалау, сарапшылық және зерттеу жұмыстарын, консульатцияларды жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, маман сарапшыларды және т.б. тартуға құқылы.
Оның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР-сы Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік актілер, соның нәтижесінде сот, Әділет министрлігінің жүйесіндегі органдар, мекемелер және ұйымдар, орталық атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтарға арналған міндетті болып табылатын нұсқаулықтар мен түсіндірмелер шығарады.
Бұдан басқа, Әділет министрлігі Әділет аттестациялық алқасының жұмысын материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Қазақстанда саяси және экономикалық жүйені түбегейлі өзгерту орталық атқарушы билік органдарын, атап айтқанда әділет саласындағы орталық мемлекеттік басқару органу ретінде Әділет министрлігін ұйымдастыруды және оның қызметін құқықтық реттеуді реформалауға әкелді. Мемлекетте басты тіркеуші орган бола отырып, Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеуді, соның ішінде ҚР Президентінің “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” жарлығына сәйкес, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асырады.

3.Әділет органдарының қылмыстық атқару жүйесі. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi — қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезiктiлер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөнiндегі атқарушы және өкiмшi функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердiң, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз ететiн ұйымдардың жүйесi. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы); 2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары; 3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар: қылмыстық-атқару инспекциялары; түзеу мекемелерi;4) тергеу изоляторлары;5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен бiлiм беру ұйымдары; 6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi; 7) оңалту орталықтары — мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.
Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртiбi, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *