Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы сот институттарының пайда болу тарихы, сот билігінің түсінігі

Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы сот институттарының пайда болу тарихы, сот билігінің түсінігі

1. Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері.       

2. ҚР сот жүйесі.     

3.Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы.

4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.                                    

 

1. Сот билігі түсінігі, маңызы мен міндеттері. Сот билігі 1995 жылғы ҚР Конституциясы бойынша заң шығару және атқарушылық биліктен бөлінген және мемлекеттік биліктің дербес тармағын білдіреді. Сот төрелігінің мақсаты — аталған барлық істер бойынша әділ, заңды сот талқылауын қамтамасыз ету.

   Сот төрелігінің міндеттері:

соттардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді жан жақты, толық және объективті шешуі;

азаматтардың сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асыру;

заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту;

құқыққа деген кұрметтілік қатынасын қалыптастыру;

құқық бұзушылықтарды ескерту.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қзақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заѕдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. 

      Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. 

Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген ґзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.

2. ҚР сот жүйесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергiлiктi соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 

      1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот — Қазақстан Республикасының Әскери соты, мамандандырылған қаржылық соттар және басқалар); 

     2) аудандық және оларға теңестiрiлген соттар (қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот — гарнизонның әскери соты және басқалар). 

Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкiмшiлiк, кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi және басқа) соттар құрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.

3.Соттардың алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыруда сот төрелігі конституциялық қағидаттарының мағынасы. Сот төрелігі, өз кезегінде сот төрелігі принциптеріне сай қызмет жасайды. Сот төрелігінің принциптері — бұл сот қызметтерінің ұйымдастырылуы мен қызметтерінің мәні мен мазмұнын анықтайтын басшылыққа алатын идеялар, ережелер.

 Сот төрелігінің принциптері ҚР-сы Конституциясында және сот жүйесі туралы конституциялық заңда бекітілген принциптерге деп бөлінеді. Сот төрелігінің басты принциптері ҚР-сы Конституциясында бекітілген және олардың жоғары заң күші бар. ҚР-сы Конституциясында бекітілген сот төрелігінің принциптері (Конституциясының 77 бабы):

адамның кінәлігі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, онда жаңа заң қолданылады;

айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куә болуға міндетті емес;

адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады;

заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.

ҚР-сы Конституциясымен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.

2. Сот жүйесі туралы заңда бекітілген прициптерге тоқталсақ, онда сот төрелігінің принциптері мыналар:

заңдылық;

сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы;

судьяларды сайлау мен тағайындау;

судьялардың тәуелсіздігі;

судьяларға ешкімнің тиіспеуі;

сот істерін кәсіби негізде қарау;

барлығының заң мен сот алдындағы теңдігі;

тараптардың теңдігі мен жарыспалылығы;

сот ісінің тілі;

сот ісінің жариялылығы;

сот арқылы қорғану;

кінәсіздік презумпциясы.

4. Сот қызметінің қағидаттар жүйесі.   

Сот төрелігінің принциптерінің маңызы мынадан көрінеді:    

сот төрелігінің маңызды ерекшеліктерін анықтап көрсетеді;

сот төрелігінің принциптері барлық органдар мен тұлғаларға міндетті;

сот төрелігі туралы нормаларды дұрыс түсіндіруге үлкен маңызы бар.

Заңдылық.

Заңдылық — сот төрелігінің басты принципі ретінде орнықтырылады. Заңдылық принципі сот төрелігінде мынаны білдіреді:

сот төрелігін заңда белгіленген тәртіппен құрылған соттар ғана жүзеге асырады;

сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялар тәуелсіз және ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынады;

сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар азаматардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша қызмет атқарады;

сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар заң талаптарын қатаң сақтап отыруы қажет.

Сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы.

Бұл принциптің үлкен саяси маңызы бар. Себебі, осы принцип арқылы сот төрелігін соттардан басқа ешқандай мемлекеттік органдар мен ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар жүзеге асыра алмайтындығын белгілейді. Сондықтан, сот төрелігін тек соттар ғана жүзеге асырады, сөйтіп сот төрелігі арқылы соттар қылмысқа кінәлі тұлғаны анықтап, қылмыстық жазаға тартады және азаматардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіреді. Және бұл принцип арқылы соттардың қызметтеріне араласуға жол берілмейді.

Судьяларды сайлау мен тағайындау.

ҚР-нда судьялар корпусын қалыптастыру екі тәсілмен жүзеге асырылады. Яғни, судьяларды сайлау мен тағайындау арқылы:

ҚР-сы Жоғарғы сот төрағасын, Жоғарғы сот алқаларының төрағаларын және Жоғарғы сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесінің кепілдемесі негізінде ҚР-сы Президентінің ұсынуымен ҚР-сы Парламенті Сенаты сайлайды;

ҚР-сы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа төрағаларын және облыстық және оған теңестірілген сот судьяларын ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі кепілдімесі негізінде ҚР-сы Президенті тағайындайды;

ҚР-сы аудандық және оған теңестірілген сот төрағаларын және судьяларын ҚР-сы Әділет біліктілік алқасының кепілдемесі негізінде ҚР-сы Әділет Министрі ұсынуымен ҚР-сы Президенті тағайындайды.

Судьялардың тәуелсіздігі және олардың тек ҚР-сы Конституциясы мен заңдарға бағынуы.

Судьялардың тәуелсіздігі принципі мынаны білдіреді:

судьялардың қызметтеріне араласуына жол берілмейді;

сот мемлекеттік биліктер органдарының жүйесінде дербес орында тұрады;

сот тек республикалық бюджет арқылы қаржыландырылады;

судьяларға ешкімнің тиісуіне жол берілмейді;

соттар саясаттан тыс;

нақты қылмыстық, азаматтық істер бойынша судьялар есептер бермейді;

судьяларды қызметтерінен ауыстыруға болмайды;

судьяларды кұрметтемегені үшін қылмыстық жауаптылық көзделеді.

Барлығының заң және сот алдындағы теңдігі.

Сот төрелігінің алдында барлық азаматтар олардың әлеуметтік, нәсілдік, жыныстық, ұлттық, тегіне, лауызымына, тіліне, дініне, көзқарастарына қарамастан тең болады.

Заң алдындағы теңдік арқылы заңдар барлық азаматтарға бірдей таралады және азаматтар заңдарды мүлтіксіз орындап, сақтап отыруы қажет. Заңды бұзған азамат жауапқа тартылады.

Сот алдындағы теңдік арқылы сотқа келген барлық азаматтардың құқықтары мен іс жүргізушілік мәртебелері тең болады (мысалы, айыпталушыға адвокат беріледі, егер азамат сот ісін жүргізу тілін білмесе, онда оған аудармашы беріледі). Сотта сот ісін жүргізу заңдары біртұтас талаптар арқылы теңдіктен ерекшеліктері бар. Мысалы, қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс жүргізу өзгеше сипатта болады. Мысалы, ҚР-сы Президенті, Парламент депуттары, Бас прокурор, елшілер мен консулдар.

Сот ісінің жариялылығы

ҚР-нда барлық соттарда істерді қарау ашық түрде жүргізіледі. Бірақ, мынадай жағдайларда істерді қарау жабық түрде өткізіледі:

егер сот талқылауында мемлекеттік, әскери, қызметтік, коммерциялық құпиялары ашылу қауіпі туындалса;

егер сот талқылауында адамның жеке өмірінің немесе жеке отбасының құпиясы ашылып қауіпі туындалса;

егер қылмыстық іске қатысушылардың (мысалы, жәбірленуші, куә) қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болса.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *