Алаш қозғалысын зерттеуші ғалымдар

Алаш қозғалысын зерттеуші ғалымдар оның тарихы 1905 жылғы қазақ даласының түкпір-түкпірінен Ресей патшалығы озбырлығына қарсы жазылған арыз-тілектен (петициядан) ба- стау алатындығына тоқталады. Мəселен, алаштанушы ғалым М.Қойгелдиев өзінің «Алаш қозғалысы» атты тарихи еңбегінде осы тұжырымды сол қозғалыстың басы-қасында болған Алаш зиялыларының көсемсөздеріне жүгіне отырып, дəлелді түрде дəйектейді. «Ұлттық интеллигенцияның дербес саяси күш ретін- де белсенді қоғамдық күреске араласуы 1905 жылдан бастала- ды», — деп жазады аталған еңбегінде көрнекті тарихшы ғалым.

  • Ол жөнінде Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Х.Ғаббасов сияқты қайраткерлердің кезінде айтқан пікірлерін кел- тіруге болады. Бірақ біз бұл мəселенің дау туғызбайтын шындық екендігін ескере отырып, тек М.Дулатовтың айтқан пікірімен шек- телуді жөн көрдік. Ол «Қазақ» газетінде 1913 жылы былай деп жазған еді: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да бас пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс қылып, жұртқа көсемдік пен жөн-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айда- лып, қалғандары сенімсіз болып қалды».1

Осы тарихи тұжырымын көрнекті ғалым аталған кітабының екінші парағында бұлтартпас деректермен тапжылмастай етіп ше- гелейді. «Сонымен, 1905 жыл қазақ азаттық қозғалысының өрлеу, жаңа сапаға көтерілу кезеңін бастап берді, ал саяси күрес болса, ең алдымен, патшаға, орталық билікке петиция жазып тапсыру түрінде көрінді. Отарлық тəуелдіктегі қазақ елінің мұқтажын біл- дірген арыз-тілектер батыста Оралда, орталықта Қарқаралыда, оңтүстік-шығыста Жетісуда, басқаша айтқанда, кең қазақ даласының барлық аймақтарында жазылды. Жетісу облысы Лепсі уезі қазақтары дайындаған петицияға 1000 адам2, арнайы делега- ция арқылы Петербургтегі үкімет орындарына тапсырылған Орал

 

 
   

1 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 92 б.;

2 Тынышпаев М. История казахского народа. – Алма – Ата, 1993, стр. 27;

 

жəне Торғай облыстары қазақтары жазған петицияға 44 адам1, ал белгілі Қоянды жəрмеңкесінде өмірге келген Қарқаралы петиция- сына 14,5 мың адам2 қол қойған еді».3

Жоғарыда келтірілген дерек, дəйектерге жүгінер болсақ, қазақ зиялыларының басшылығымен пəрмен алған Алаш қозғалысы Ресей патша үкіметінің зорлық-зомбылығын əшкерелеген пе- тициялардан бастау алатынына  көз  жеткіземіз.  Бұлай  деген-  де, аталған арыз-тілектердің тарихи мəн–маңызын айқындау қаншалықты қажетті болса, олардың жазылу ерекшеліктерін, басқаша айтқанда, шығармашылық болмысын, яғни жанрлық, пішіндік табиғатын айқындау да соншалықты құнды. Өйткені, сонда ғана ұлтымыз үшін теңдесі жоқ жауһар жəдігердің қымбат бағасы толық берілері хақ.

Осы орайда, ғылыми талдау желісін жаңа арнаға бұрып, мəселе мəнісін терең аңдатуға қам жасап көрейік. Тарих ғылымы секілді кешегі кеңестік тоталитарлық қоғамда публицистикатану ғылымы да қағажу көріп, белгілі бір өлшемдер аясынан шықпай, аяғы тұсалған аттай, қадамын жаза алмай, тар өріске қамалып келді. Оның себебін сұрасаңыз, жауабымыз дайын. Белгілі публи- цистикатанушы ұстазымыз, профессор Т. Амандосов: «Публици- стика — өмірдің сырлы суреті. Публицистика арқауы — шындық»,4

— деген ой түйеді. Бұдан мынадай ғылыми тұжырым жасауға бола- ды. «Публицистика арқауы — шындық» болғандықтан оны зерттеу

  •  
 
   

  • қоғамдық өмірдің ақиқатын ашумен бірдей деген сөз. Ал кешегі кеңестік əкімшілік-əміршілдік жүйе шындықтың салтанат құруына пейілді болмағандығын тарихшы қауымға айтудың өзі артық. Осы себептен қазақ публицистикасына, əсіресе, Алаш публицистикасы кезеңіне объективті түрде жан-жақты ғылыми талдау жасап, та- рихи бағасын беру мəселесі жабулы қазан қалпында қалып кел- ді. Еліміз егемендігін алып, сөз жəне баспасөз бостандығы Ата

1 Қараңыз: 1905 жылы Орал һəм Торғай облысының Петерборға депутат болып барған изгу ишанларының һəм биларының, дин һəм жер туғрасындағы һəр министрларға ұсынған сузларидур. – Орал: К.М. Тухватуллин баспасы, 1905, 28-30 б., 42-43 б.;

2 Брайнин С., Шафиро Ш. Очерки по истории Алаш – Орды. – Алма – Ата

– Москва, 1935, стр. 96;

3 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы: – Алматы: Санат, 1995, 94-96 бб.;

4 Амандосов Т. Публицистика – дəуір үні. – Алматы, 1979, 7 б.

 

заңымызда нақтыланғаннан кейін ғана бұл бағытта тыңғылықты зерттеулер жүргізуге қадамдар жасала бастады. Тыңға түрен салғандай жаңа ғылым саласының қордаланып қалған мəселелері біз күткендегіден əлдеқайда көп екені біртіндеп қылтиып бой көрсетіп келеді. Публицистиканың теориясына, əдістемесіне, та- рихына қатысты əлі анықталмаған, айқындалса да əлі көмескі, кешенді түрде егжей-тегжейлі зерттеуді тіленіп тұрған мəселелер жетіп артылады.

Осы жерде жоғарыда əңгіме өзегі болған Алаш қозғалысының бастау көзі болып табылатын кең байтақ қазақ даласының əр өңірінен қалың бұқара қол қойған арыз-тілектер жай-жапсарынан əңгіме өрбітсек, сөзіміздің жаны бар екеніне көзіңіз жете түседі. Біріншіден, тілге тиек еткен арыз-тілектер мəтіні осы күнге дейін толыққанды қолымызға тимей келеді. Қоянды жəрмеңкесі пети- циясы мазмұнымен азды-көпті таныс болғанмен, 14500 адам қол қойған түпнұсқасын қолмен ұстап, көзбен көрген кісі жоқ. Ал, Орал, Жетісу жұртының арыз-тілектерінің мазмұнымен таныс та емеспіз. Ал олар ұлттық мұрағатымызда көздің қарашығындай сақталып тұруға тиісті құнды ұлттық мұра екендігіне ешкімнің дауы болмауы керек. Ендігі жерде сол қымбат жəдігерлеріміздің түпнұсқасын Ресей мұрағаттарынан шарқ ұрып іздеп тауып, елімізге алдырту елдігімізге сын болғалы тұр.

Екіншіден, аталған арыз-тілектердің шығармашылық таби- ғатын айқындау күн тəртібінде қала бермек. Біздіңше, олар – публицистикалық өнер туындылары. Олай деуге публицистика туралы ғалымдар тұжырымдары тірек бола алады.

Халықаралық   терминдердің   қазақша   баламасын   жасау- да шашасына шаң жұқтырмайтын шоқтығы биік тұлға Ахмет Байтұрсынұлының көсемсөз деген баламасы «публицистика» терминінің табиғатын толық ашып бере алады. Көсемсөздің алғашқы анықтамасын берген ғұлама ғалым: «Көсем сөз əлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсемсөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі əлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждағатымен айтылады. Әлеуметтік, шаруашылық, қазыналық, мектептік, соттық, саясаттық тағысын тағы сондай қоғамшылық істерін түзету, жаңалау, өзгерту керек болған кезін- де халықты соған көсем сөз арқылы ұйытып, көбінің миына

 

қондырып, көңіліне сіңіреді»,1 — деп публицистика табиғатынан терең сыр тарқатады.

А. Байтұрсынұлы анықтамасын негізге алсақ, əңгіме өзегі болып отырған арыз-тілектер көсемсөз жүгін арқалайтындығына ешқандай күмəніміз қалмайды. Публицистиканың ішіндегі эпистолярлық жанрдағы туындылар деп қорытынды жасауға əбден болады.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, асылы, Алаш қозғалысы мəселелері көтерілген жерде Алаш баспасөзі мен Алаш көсемсөзіне тоқталмай өту тарихи қиянаттық болатынын түсінетін мезгіл жетті. Тарихшыларымыз баспасөз жарияланымдарын құнды дереккөз ретінде пайдалану үстінде сол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық мəн-маңызын ашу, ұлт тарихындағы ор- нын анықтау жағын ұмыт қалдырмаса екен деген тілегіміз бар. Бұл қырынан келгенде тарихшы ғалымдармен бірігіп жүзеге асыруды қажет ететін кезегін күткен мəселелер шаш-етектен. Айталық, қазан төңкерісіне дейін жарық көрген қазақ баспасөзі тігінділерін толық түгендеген күні бүгінге дейін тірі жан жоқ. Оны айтасыз, «Серке» газеті секілді ұлттық баспасөзіміздің алғашқы қарлығаштарының түпнұсқасын қолмен ұстап, көзбен көрген ғалымды біз білмейді екенбіз. Ал қолымыз жетпей жүрген газет- журнал нөмірлерінде құнды деректердің жарияланбағанына кім кепіл? Олай екен, алтыннан да бағалы ұлттық мұраларымызды түгел жинақтамай жанымыз жай таппауы тиіс. Жай жинап қана қоймай, академиялық кітап етіп құрастырып, хрестоматиялық оқулық түрінде қалың оқырманға ұсыну, жүйелі ғылыми талдау- лар негізінде құнды тұжырымдар жасау арқылы тарихтан бүгінгі ұрпақтың сабақ алуын қамтамасыз ету – ұлт болашағын ойлаған, еліне қалтқысыз қызмет етемін деген ғалымдар алдында тұрған ба- сты парыз.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *