АЛАШ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН ӨМІРШЕҢДІК МӘНІ

АЛАШ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ МЕН ӨМІРШЕҢДІК МӘНІ

 

Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап-армандаған ел еге- мендігіне қол жеткізіп, өз алдына дербес, Тəуелсіз Қазақстан мемлекетінің іргетасы қалана бастағанына биыл жиырма төрт жыл толады. Бұл тарихи өлшем таразысына салғанда қас қағым сəт көрінгенмен де, адам өмірімен салыстырып қарағанда едəуір уақыт. Бұдан жиырма төрт жыл бұрын дүниеге келген сəби – бұл күнде есі кірген ер жігіт. Соған ұқсас осы мезгіл ішінде халқымыздың ой-са- насында да үлкен-үлкен өзгерістер болуда. Ең бастысы, бірнеше ғасырға созылған отаршылдық езгі салдарынан қанымызға сіңе бастаған кұлдық психологиядан арылуға деген талпыныстың өзі — үлкен жетістік. Соның нəтижесінде халқымыз ұлт ретінде өзін-өзі танып қана қоймай, сонымен бірге жасампаздық қырымен сыртқы елдерге танылуға мүмкіндік туып отырғанын бөле айтқанымыз лəзім.

Тарихы жоқ ел болмайды. Елдің ертеңі бүгіннен басталады де- сек, ол – дау жоқ, кешегінің жалғасы. Ендеше ел болашағын ойла- уды өткенімізді біліп, бүгінімізді танудан бастағанымыз құба-құп.

«Тарихты бірін өзіміз ұнатып, құптайтын, ал келесісін «жағымсыз» санап, бойымызды аулақ салатын үзік-үзік оқиғалардың жиынтығы деп пайымдамау керек. Яғни өткенімізді тұтас күйінде, ешқандай боямасыз, қоспасыз, қаз-қалпында қабылдағанымыз лəзім. Ал өткен жылдар шежіресін үнемі əрі бұрмалаусыз зерделеп отырудың

 

жөні бөлек. Мұның өзі өткендегі тəжірибенің жақсысынан үйрену үшін, ескі қателіктерді қаулата бермес үшін, жаманнан жирену үшін қажет», — дейді бұл турасында Елбасымыз Нұрсұлтан Назар- баев өзінің «Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын» де- ген тарихи еңбегінде.1

Баспасөз қай уақытта да қоғамдық өмірдің айнасы, шығып тұрған заманының шынайы шежіресі екендігі белгілі. Оған Алаш басылымдарының тағдыр тауқыметі мен көтерген көкейкесті мəселелерін тарата талдау барысында тағы да көзіміз айқын жетті. Айталық, «Қазақ» газетінің ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық өмірі тарихынан алар орны – өз алдына бір төбе. Ол əдебиетіміз бен мəдениетіміздің гүлденіп дамуына ғана емес, ұлттық ой- сананың бүр жарып, азаттық идеясының лаулап жануына, ел тəуелсіздігі жолындағы ғасырларға ұласқан ұлы күрестің қанат жайып, ақырында жеңіске жетуіне қосқан үлесі орасан зор басы- лым. Бұл – ешқандай дəлелдеуді тілемейтін, таласы жоқ, тарихи шындық.

Кезінде «қазақтың еңкейген кəрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған

«Қазақ» газетінің»2 ең алдымен, тарихи құны жоғары.

Біріншіден, газет материалдары XX ғасырдың алғашқы жиыр- ма жылында қазақ даласында көрініс тапқан қоғамдық үрдістердің деректемелік көзі ретінде аса қымбат.

Екіншіден, ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының қалыптасып, даму арнасында дүниеге келген басылым ел бостандығы жолындағы күрес идеологиясының  ұясы  болуы-  мен де бағалы. Ендеше екі жақты қыспаққа – отарлық езгі мен феодалдық мешеулікке қарсы күресте шынығып, шыңдалған қазақ зиялыларының ұстанған жол, мақсат-мұраттарын анықтауға

«Қазақ» материалдары мүмкіншілік береді деген сөз.

Үшіншіден, Алаш көсемдерінің там-тұмдап жинаған өмірлік мəні зор бай тəжірибелері мен тəлім-тəрбиесінен өнеге алу үшін де бүгінгі ұрпақтың басылым мұраларымен танысуы ауадай қажет.

 
   

1 Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дəйім сақталсын // Егемен Қазақстан, 1998, 16-қаңтар.

2 Әуезов М. Ахаңның елу жылдық тойы //Ақ жол, 1923, 4-ақпан.

 

Төртіншіден, газет тігінділерін парақтау арқылы бүгінде ұмытыла бастаған халқымыздың ықылым заманнан келе жатқан ата салт, озық дəстүрлерін жете біліп, терең игеруге мүмкіншілік туады. Ол, сөз жоқ, соңғы кездері рухани жұтаңдыққа ұшыраған ой-сананың қайта көктеуіне, бүр жарып, қанат жая өркендеуіне септігін тигізетініне сеніміміз мол. Осы қырынан келгенде,

«Қазақ» бір ғана ұлттық баспасөз тарихын білу үшін, яғни журна- листерге ғана қажет басылым емес,ол – берісі, тарихшыларымыз бен əдебиетшілерімізге, керек десеңіз, барша жұртымызға жете білуді керек ететін асыл қазына.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне М.Дулатов сынды халқымыздың біртуар ұлдары басшылық еткен басылымға сол кездегі қазақ оқығандарының, көзі ашық, көкірегі ояу зиялы азаматтарының үн қатпай қалғаны некен-саяқ. Осыдан-ақ газеттің арқалаған жүгінің қаншалықты ауыр əрі жауапты болғандығын аңдау қиын емес. Алдымен, патша үкіметінің, кейін келе кеңес өкіметінің газет соңынан тал түсте шырақ ала түсіп, ізін андуы, жөн-жосықсыз айыпқа тартуы, ақыр соңында үні жұрт құлағына жетпестей тар қапаста «құлыпталып» ұсталуы бекерден-бекер емес-тін. «Қазақ» кезінде халқының көзі, құлағы һəм тілі қызметін атқарды. Ал осы үшеуі аман тұрғанда халықтың ақыл-есін жаулап алу босқа төгілген термен тең екендігін жақсы үғынған отаршыл пиғылдағы елдің «көсемдері» «Қазақ» секілді ұлттық басылымдар мен оларға сөз жазушы азаматтардың үнін өшіру арқылы ойлаған мақсаттарына қол жеткізуге тырысып бақты. Белгілі бір дəрежеде ол армандары орындалды да. Қазіргі, мəңгүрттік дертінің ел ішін- де дендеп тұруы, тіліміз бен дініміздің нашар халі, керек десеңіз, ел тəуелсіздігіне деген жұрт ынта-жігерінің енжарлығы сол сепкен ұрықтың жемісі демегенде, не дейміз?!

Аурудан құлан-таза айығудың амалы – оның неден болғанын біліп, соған қарай ем қолдануда екенін «Қазақ» қаламгерлері оқырмандарына жиі ескертеді. Олай десек, кезінде  соқыр  сая- сат салдарынан жөн-жосықсыз жабылып қалған ұлттық рухани бұлақтардың көзін ашып, шөліркеген жұртына сусынын қандыра қызмет етуіне мүмкіншілік туғызсақ, ел рухының тірілуіне сеп- тігін тигізерінен үмітсіз емеспіз, сеніміміз мол.

 

Мұрағат материалдарына жүгінсек, алаш азаматтары

«Қазақ» газетін шығаруға сегіз жылдай дайындық жұмыстарын жүргізгендігі байқалады. Оған сонау 1905 жылы Қоянды жəрмеңкесінде  14500  адам  қол  қойған   Қарқаралы   петиция- сы айқын дəлел. Сол арыз-тілекте қазақ тілінде бейресми газет шығаруға рұқсат ету жөнінде патша үкіметінен арнайы талап етілген бап бар екендігі бұрыннан белгілі жай. Белгісіз болып келгені – халқымыздың азаттық жолындағы күрес тарихынан ойып тұрып орын алатын осынау наразылық құжатты Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов жəне Ж.Ақбаев сынды ардақты алаш азаматтары ұйымдастырғаны. Бұл жөнінде Ә.Бөкейхановтың «Семипалатин- ский листок» газетінің 1905 жылғы 8-желтоқсанда жарық көрген Ресей мемлекеті земскі жəне қалалық қоғам қайраткерлерінің съезінде жасаған баяндамасында нақты мəліметтер келтірілген. Ендеше кейіннен «Қазақ» қаламгерлерінің  ұйытқысы  болған  тап осы топ сол кезден бастап-ақ жалпы ұлттық газет шығару идеясының жетегінен ұстап, соны жүзеге асыру жолында көп ізденісте болған деуімізге толық негіз бар.

«Қазақ» газетін XX ғасырдың алғашқы жиырма жылындағы қазақ қоғамдық өмірінің шынайы шежіресі, ұлттық сананың ұйытқысы жəне жаңа үлгідегі қазақ баспасөзінің негізін қалаған энциклопедиялық басылым деп бағалауға əбден болады. Аталмыш кезеңде «Қазақтың» жеті өлшеп, бір пішер шешімінсіз, басылым басқармасының жетекшілігінсіз бірде-бір уақиға болмады десек, ол – соның дəлелі. «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың əруақты аты» өшпесін əрі «киргиз» болып шатаспасын деген мақсатта «Қазақ» деп ат қойған газеттерінде алаш азаматтары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» халқының қамы үшін аян- бай қызмет етті. Олардың «білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген аталы сөзді алдарына тұтып, бақша баққан бағбандай, тер төге еткен еңбектері зая да кеткен жоқ. «Қазаққа» деген игілік нəрсені енгізу жолында» қызмет еткен, «Сырттан жамандық болса, күзетші орнына жұмсалған» газет өз заманында халықты қараңғылық қамауынан адастырмай жарыққа алып шыққан бағдаршам дəрежесіне көтерілді. Оған халқымен қауышуды күтіп, мұрағаттарда сарғайған газет тігінділерінің кез келген бетін тілге тиек ету арқылы көз жеткізу аса қиын емес. Олардың əрқайсысы

 

тарихымызды «ақтаңдақтардан» арылтып, ұлт руханиятының ал- тынмен жазылар бір-бір парағы болуға əбден лайық.

Әрине, бұдан «Қазақ» тек тарихымызды танап білу үшін ғана керек басылым екен деген ұғым тумауы керек. Оның бай мұрасынан бүгінгі тірлігімізбен үндес, əлі де қоғамдық мəн-маңызын жоймаған көптеген дүниелерді кездестіруге болады. Олардың ішінде ел егемендігінің іргетасы қаланып жатқан бүгінгідей алмағайып за- манда жолсыздан адаспай, өз соқпағымызды тауып жүріп кетуіміз- ге жол көрсетіп, ақыл қосатын құндылары да көп. Сөзіміз жансыз еместігін білдіру үшін бір ғана мысал келтірейік. Газеттің 1917 жылғы 226-санында «Ел еркі өзінде» деген бас мақала жарияланған. Авторы көрсетілмесе де, сөз саптау мəнеріне қарап, мақаланың М.Дулатов қаламынан туғандығын айыруға болады. Онда айты- лар ойдың бүгінгі күнмен үндес, əлі де құнын жоймағандығын дəлелдеу үшін мақаланың өзін сөйлетіп көрейік: «Хакімдердің ай- дауынан, хакімдердің түрткісінен басқа түк көрмеген біздің қазақ не берсе, хакім береді, не істесе, хакім істейді деп мұрнын тескен тайлақтай жетекшіл болып қалған. Әлі де болса əркімнің жетеле- уіне қараса, онда бостаншылықтың игілігін дұрыс көре алмайды. Өз тіршілігін өзі істеп, өз шаруасын өзі жөндеп, өз күнін əркім өзі көрген сияқты бостаншылық болған соң əр жұрт өзіне керек істің бəрін өзі істеу керек».

Міне, алаш азаматының халқына арнау сөзі, артында қалдырған аманаты. «Айтылған айтқан жерде, жазылған жазған жерде құр сөз күйінде қалып, іс жүзінде көрінбесе, онан түк өнбейді». Осыны жадымызда ұстап, «бұл бостаншылық — көп жұрттың ер жетіп,    іс білген-білмегеніне емтихан» екенін ұмытпаған  жөн  шығар.  Ал «жібекті ұстай алмаған жүн етеді» дегендей, ұстай білмесек, жақсы нəрсе жаманға айналуы оп-оңай екенін естен шығаруға, əсте де, болмайды.

Елбасының 2013 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында елімізді бəсекеге қабілетті дамыған отыз елдің қатарына қосу иде- ясы көтеріліп, оны жүзеге асырудың нақты жолдары белгіленіп берілді. Бəсекеге қабілеттік еліміздің саяси-экономикалық жағынан ғана емес, рухани, мəден өсуімен де қамтамасыз етілуі тиістігі өзінен-өзі түсінікті. Осы орайда, ХХ ғасыр басында халқымыздың азаттығы жолындағы ұлы күресте қаламын қару еткен алаш

 

зиялыларының ой-толғамдары ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттыру идеясымен өзектес екенін есте ұстағанымыз жөн. “Білек- ті бірді, білімді мыңды жығатын” уақыт туғанын ұққан алаш көсемдері заманына қарай амалын іздестіріп, емге дауа ретінде Абай жолын қазақ даласына біржола орнықтыруға ұмтылғанын ұмытпауымыз керек. Ол – білім, ғылым, өнер жолы. Бұл ретте Елбасының бəсекеге қабілеттілікті арттыру жолында білім мен ғылымды дамытуға аса мəн беріп отырғанын алаш зиялылары дүниетаным, көзқарастарымен біртұтас байланыста қарастыруға болады.

Өкінішке қарай, Кеңес дəуірі кезінде Алаш көсемдерінің ұлт мұраты жолындағы ұлы идеялары əдейі ұрпақ санасынан жуы- лып-шайылып, біржола өшірілуі үшін ұмыт қалдырылып, құнды мұралары қолданыстан мақсатты шығарылып тасталғаны белгілі. Оған еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейін ғана қолымыз жете баста- ды. Алайда өтпелі кезеңнің қиындықтары кесе-көлденең тұрып, көп іс атқарылмай қалды. Алаш зиялыларының құнды мұралары, соның ішінде мерзімді баспасөзде жарық көрген бүгінгі күнмен өзектес көсемсөздері толық жинақталып, жүйеленіп, талданып, жариялануы тиіс еді. Рас, бұл бағытта ішінара жұмыстар жүзеге асырылғанын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, ол тым жеткіліксіз екенін айтуға тиістіміз. Оған төмендегі дəлелдермен айқын көз жеткізе аламыз.

“Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті жарияланымдары ірік- теліп бір-бір кітап болып шығуы еліміз рухани өмірінде, отандық қоғамдық-гуманитарлық  ғылымдар  салалары  үшін  қандай  олжа болғанын көзі қарақты оқырман жақсы біледі. Олардан қаншама ғалымдар өз тақырыптары бойынша құнды мəліметтер алып, отандық ғылым көкжиегін кеңейтуге пайдаланғаны дəлелдеуді тіленбейді. Ал сол кітаптар аталған басылымдар жарияланымдарының үштен бірін ғана қамтығанын екінің бірі біле бермейді. Ол газет-журнал тігінділерін түгендеген де кісі жоқ. Сол үшін де отандық жəне шетел мұрағаттарынан шарқ ұрып іздестіру жұмыстарын жалғастыру ауадай қажет. Бұл да күн құрғатпай қолға алуды тіленіп тұрған мəселе. Олай етпесек, тозып, жоғалып кету салдарынан құнды жəдігерлерімізден біржола айырылып қалу қаупі айқын сезіледі. Осындай тынымсыз ізденістің нəтижесінде

 

аталған басылымдар жарияланымдарының қосымша жинағын шығару – күн құрғатпай қолға алуды күтіп тұрған өзекті мəселе. Мұндай тез арада жарыққа шығаруды тіленіп тұрған басылым жа- рияланымдары жеткілікті.

Қазақтың жалпыұлттық демократиялық бағыттағы төл басы- лымдары – “Қазақ газеті”, “Серке” газеттерінің еліміздің мəдениет тарихындағы, өркениет көшіндегі орны орасан зор екеніне еш- кім дау туғыза алмайды. Бірақ сол аса құнды жəдігерлеріміздің түпнұсқасын іздеген кісі жоқ.

Еліміздің жəне шетелдердің архивтерінен там-тұмдап жи- нап, араб əліпбиіндегі мəтіндерін қазіргі жазуымызбен сөйлетіп, ғылыми айналымға енгізу — аса зəру міндет екені талас туғызбайды. Екінің бірінің қолы жете бермейтіндіктен, оны жүзеге асырмай, ұлттық идеяның мазмұны мен құрылымын байыта түсетін аса құнды жəдігерлеріміз ел игілігінен тыс қалып қоя ма деген қаупіміз бар. Оған жол бермеу үшін аталған іс-шараларды күн құрғатпай қолға алу аса қажет деп есептейміз.

Сонымен бірге Алаш көсемдерінің өнегелі өмірлерін, шығармашылық шеберліктерін жан-жақты ашып көрсететін ғылыми еңбектер жазу, белгілі бір тақырыптағы құнды мұралары негізінде хрестоматиялық оқулықтар даярлау, олардың басылып шығып, оқырман сұранысын қанағаттандыруын құнттау міндеті тұр алдымызда.

Алаш көсемдерінің мерзімді баспасөз беттерінде, түрлі ғылыми басылымдарда жарияланған құнды мұраларында ұлттың бəсекеге қабілеттігін арттыру идеясы жинақталған. Соны ғылыми айналымға енгізу, зердеге тоқып, ұрпақ санасына сіңіру уақыт та- лабы деп білеміз.

Жаһандану кезеңінде Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне рухани-мəдени тұрақты дамуының ұлттық моделін жа- сауда сөзсіз ескерілуге тиіс сөз өнерінің көркем əдебиетпен тығыз байланысты салмақты бір саласы – қазақ көсемсөзінің Алаш пу- блицистикасы атты нақты бір кезеңіне терең зерттеу жүргізу қоғамдық мəн-мазмұнымен маңызды.

Алаш публицистері араласпаған мəселе, олардың еңбектерінде қамтылмаған тақырып жоқ десек артық айтқандық болмайды. Бір сүйсінерлігі жəне өнеге алуға болатындығы, не туралы жазса да

 

ұлттық мүдде бірінші орынға қойылады. Ұлт саясаты, ұлт эконо- микасы, ұлт идеологиясы: тілі, ділі, діні, ұлт өнері мəселелері ту- ралы ой-толғам, пікірталас, көзқарастары бүгінгі күнмен өзектес, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мəселені көтеріп қана қоймай, оны жүзеге асыруға ұйытқы бола білулерінде де үлгі, өнеге мол. Кезінде қазақ жастарын жаппай оқуға ұмтылдырып, білім-ғылым жолына салып, өнер үйренуге жетелеген алаш көсемсөзінің негізгі мұраты – ұлттың бəсекеге қабілеттілігін арттыру идеясы болғаны дəлелдеуді тіленбейді. Ол өз жемісін бергені де белгілі. Қаныш Сəтбаев, Әлкей Марғұлан, Мұхтар Әуезов т.б. əлем мойындаған таланттардың ғылым, өнер көгіне көтерілуі – зердеге тоқып қарасаңыз, сөзіміздің жаны бар екенінен сыр шертеді. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезовтің өзі былай деп нақты жазады: “Қазақ” газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде пікір-білім жолында бұғанасы бекіп, іс майда- нына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығынан жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр”. Бұдан түйетініміз, алаш публицисти- касы мектеп болып қалыптасып, қазақ жастарының рухани өсіп, кемелденуіне негіз болғандығы айдай анық. Өкінішке қарай, ке- шегі кеңестік тотолитарлық қоғамда сол мектептің есігі тарс жа- былып, бітеулі болды. Тек ел Тəуелсіздігі жария етілгеннен кейін ғана Алаш азаматтары ілімі негізінен ішінара сусындауға қолымыз жете бастады. Ендігі жерде сол асыл қазынамызды ұрпақ қажетіне толық жарату аса көкейкесті мəселе деп білеміз.

Алаш публицистері ұлт азаттығы, қазақ елінің бостандығы жолында қаламды қару етіп, ұлы күрестің көрігін қыздырды. Өздерінің от жалынды шығармалары арқылы ұлт рухын тірілтті, қалың ұйқыдағы ұлттық сананы сілкіп оятты, жас ұрпақты білім, ғылым, өнер жолына бастап, рухани өрлеу даңғылын айқындап берді.

Қазақ даласында Абай мектебін қалыптастырған – Алаш публицистикасы. Сол мектептің үздік шəкірті М.Әуезовтің шығармашылық ізденісіне негіз болған, ұлы суреткерлік жолға же- телеген – Алаш мектебі. Бұл жай айтыла салған сөз емес, жүйелі негізі бар ғылыми қағида. Ендеше, Кеңес дəуірі кезінде саяси, идеологиялық мақсатпен əдейі жабылған Алаш мектебінің есігін айқара ашып, бай қазынасын ел мұратына жарату көкейкестілігі

 

ешқандай талас тудырмауы керек. Әсіресе, бүгінгідей ұлттың бəсекеге қабілеттігін арттыру идеясы өзекжарды болып тұрған уақытта сол идеяның қайнар көзі есебінде де зəрулігі айшықтала түседі.

Бүгінгі таңда журналистика мен публицистиканың теориялық, тəжірибелік, ғылыми əдістемелік мəселелері сындарлы түрде қайта талқыдан өткізуді қажет етеді. Кешегі кеңес дəуіріндегі көптеген қағидалар қазір жарамсыз болып қалды. Жаңа теориялық ілімдер туа қойған жоқ. Шет елдер ғалымдарының ғылыми тұжырымдарын ешқандай електен өткізбей, көшіріп қажетімізге жарату тəуелсіз еліміздің рухани əлеміне кейде қайшы келіп жатады. Сондықтан оған бой үйрете беру қауіпті. Көзсіз еліктеу түбі — өкініш. Алаш пу- блицистикасы қазақ көсемсөзінің діңгегі болып табылады. Алаш баспасөзі – қазіргі Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарына үлгі. Осыны теориялық жағынан тарата талдау, дəйекті тұжырым түю, дəлелді байламдар жасау — уақыт талабы.

Алаш публицистикасын тарата талдау, ең алдымен, қазақ көсемсөзінің табиғатын ашуға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде қоғамдық пікір тұтқасын қолында ұстаған ел игі жақсыларына дұрыс шешім жасау үшін бағыт-бағдар бола алады. БАҚ қызметкерлеріне бағдаршам міндетін атқарады. Болашақ журна- листер даярлайтын жоғары оқу орындары профессор-оқушылары үшін аса қат оқу-əдістемелік құралға айналады. Сонымен бірге Алаш публицистикасының тек журналистер мен көркем əдебиет өкілдеріне ғана емес, қазақ ғылымының басқа салалары маманда- рына да берері мол. Сонымен бірге қарапайым оқырманға рухани азық ретінде де тигізер пайдасы орасан зор.

Сонымен бірге ел тарихында айшықты орын алатын Алаш қозғалысы кезеңін зерттеуде ХХ ғасыр басында жарық көрген қазақ баспасөзі мен көсемсөзінің рөлін ешбір ғалым жоққа шығара алмайды. Солай бола тұра салиқалы жиындарда Алаш баспасөзі мен ондағы көсемсөздің мəн-маңызын бағалау жағы қалыс қала беретіні түсініксіз. Ал, шын мəнінде, қазақ көсемсөзінің тегеурін- ді күшінсіз Алаш қозғалысы соншалықты кең ауқымды тарихи нəтижелерге қол жеткізе алар ма еді? Әрине жоқ. Біз бұлай деген- де Алаш қозғалысы мен Алаш көсемсөзін таразының екі басына салып, қайсысының салмағы артық екенін өлшеп-пішуден əрине

 

аулақпыз, керісінше бірін екіншісінен ажыратуға болмайтын бір бүтін құбылыс екеніне көз жеткізу мұратын көздеп отырмыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *