ҚАЙЫРБЕК КЕМЕҢГЕР
БАБАМ ТУРАЛЫ БАЛЛАДА
Тарих – теңіз, тағдыр – толқын болғанда, Жеткен емес адам арал-арманға.
Кемеңгердей кемемізді көп соқты Асау толқын аласапыран жалғанда.
Туып-өскен алтын бесік ұяны, Тастап қай жан ескі жұртын қияды? Толқын қуған кеме кетті шалғайға, Кетті бірге тектілердің тұяғы.
Барды бабам не себепті Шұбарға? Бұл сұраққа берер жауап бір Алла. Білсе адам өлер жерін біледі, Білмес адам қай жер болар туарда.
Жатсынбады Омбы бізді көп бөтен, Салт сақтаған ата-бабам мықты екен. Баянаула – Атамекен қалғанда, Омбы болды Қошке атама құт мекен.
Қоныс қылған кəрі Ертістің жағасын Омбы оқытты талай қазақ баласын. Мағжан, Сəкен, Қошке менен Смағұлдар Армандады көркейтем деп алашын.
Армандады сақтаймыз деп елдігін, Салт-санасын, жердің дарқан кеңдігін.
«Бірлік» атты ұйым құрып, бірлесіп Қазағының армандады теңдігін.
Ұлттың қамын ерте ойлатты ол Омбы, Жазды Мағжан: «Алашым»,- деп өлеңді. Жазды Қошке «Алтын сақинасы» мен
«Қазақ тарихынан» зерттеу көлемді.
Оқығанға үмітпенен қарады ел,
Жазды Смағұл «Жастарына жаңа жол». Жас талпынды барлығы да сезгендей Ерте қоныс болатынын қара жер.
Қатал тағдыр Қошке атамды сынады, Үзілердей болды асыл жыр-əні.
Қаламына тыныштықты беретін Қала Ташкент болды ендігі тұрағы.
Бір бас емес, қамын ойлап бар елдің, Қандай сыбаға білмей тартар келер күн,
«Ақ жол», «Сана», «Талап» жаққа талпынды, Тілектесі болып Жақып, Халелдің.
Күрт өзгерді аласапыран заманы, Алты жыл тек жазды қайран қаламы. Алты жылда алты кітап шығарып, Алты Алашқа ардақты аты тарады.
Отыз төртте жазған қалам жай қалды, Отыз төртте ғазиз жүрек қайғы алды. Бастан кешіп абақтының қорлығын, Украина аймағына айдалды.
Бастан кешіп түрме, қуғын-сүргінді, Тыныш күнін ол аңсады бір күнгі.
Елге оралып ақырында айдаудан, Ағайынмен бір жылады, бір күлді.
Шыдай алмай азабына қайғының Қарт анасы қайтқан екен ай бұрын. Тым болмаса топырақ та сала алмай, Жалғандағы ол жоғалтты байлығын.
1937. Тамыз күн.
Бақылауда болған кезі əр іздің. Абзал əке, аяулы жар, қаламгер Мəңгілікке кете барды. Қарыз кім?!
Қырық бірінде қиды жанын қорғасын, Қырық бірінде имей өтті ол басын.
«Аруағың, баба, бізді қолдасын!»,- Деп жырлайды бүгін сенің жалғасың.
БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ АҚЫН РУХЫМЕН СЕРТТЕСУ
Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты – Мен жастарға сенемін!
Мағжан Жұмабаев
Кереқарыс маңдайынан ғарышқа жол салып, Шаһиттік Ер ғұмыр шалқыған!
Сұңғыла сертінде бодандық булығып, Дұғалы сөзінде азаттық аңқыған!
Арыстан жүректі, абадан мінезді асылым! Ажалды жылатып, айбынды от жырың, Жалғанды жұбатты періште пəктігің.
Жан мұңын сөйлетіп, Ар құнын құлпыртып,
Алаштың демінен Жұмақтың суретін билетіп, Кешегі керауыз сатқынды састырып,
Бүгінгі сорауыз жалтаққа қастығып,
Көңілдің көгінде қырандай сусылдап, Жүректің қобызын күңірентіп,
Қош келдің біздерге, Ақ Сəуле – АқтықҮн! Тəңірі тірілтіп, Тəңірі қолдаған,
Бес күндік өмірдің өзегін жалғаған,
Ер Баба тілінен өр, дана Рухың нəр алып, Сегіз қыр Сөзіңнен сегіз нұр таралып,
Күншығыс көзінен күрең нұр қара өлең лаулатып, Күнбатыс көгіне Күн болып жаралып,
Алашқа Алланың Самалын естіріп,
Қош келдің бұл жерге, қаһарман хас Ақын!
Қош келдің, Жанарым!
Туған жер топырағын толғатып, Жібектей желімен сырласып, шөбімен, аңымен, құсымен мұңдасып, Түбі бірТүркі үшін,
Алтайдай құлазып, Арқадай аңырап,
Тұранның төсіне жұлдызды ойлары жамырап… Қаламның ұшынан Әлемнің сезімін түрленткен ҰлыАқын! Қош келдің Тəуелсіз Түркіге!
Қош келдің Тəуелсіз Қазаққа!
Даланың көшпелі Обалын ойлаған – Сананың мəңгілік Шырағы.
Ойының киелі тұмары,
Рухы сусаса сусындар қасиет бұлағы – Сендегі Аңсардың зарымен,
Үміттің қанымен көктеген жазбалар, Қазақтың Есінде Дес болып жайқалып, Жусандай бұрқырап тұр əлі!
Сен сендің Жастарға, Сен сенген мына Мен –
Сөзіммен шайтанды шошыттым! Өзіммен кəпірді жасыттым!
Желтоқсан желінде Қайрат боп қаһарым жұлқынып, Ажалға жүгірдім кегіммен ұмтылып!
Содан соң…
Кірпіктің ұшында қуаныш мөлдіреп, Көзімнің ішінде КөкТуым желбіреп, Арқаның төсіне айбарлы Астана орнатып, Алаштың мерейін тасыттым!
Сен сенген мына – Мен, Е-е-хе-һе-ей!!!!
Қарашы, адамның аспан тек баласы! Иманым жүзімнен жыр болып шашырап, Күн болып шаттанып, шалқақтап күлемін! Білемін,
Көмейден күй сынды сұңқылдап тілегім, Ел үшін жұлыным жұлынса өкінбен!
Хас Ақын,
Мен саған Ант етем!
Алланың жұпарлы Атымен Ант етем! Әлемге сүйгізем Қазақтың хұс